Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет1/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev



Ñ. Á. Áàáàåâ
Áàñòàóûø ìåêòåï 
ïåäàãîãèêàñû
Îºó º½ðàëû
Àëìàòû
2007


ББК 74.00
Б 12
Пiкiр жазғандар:
E. Омар
– профессор, педагогика ғылымдарының докторы
Ш. Оразов
– доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
Жауапты редакторы: 
Қ. Ералин
– педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Тақырыптар бойынша тiрек конспект-сөздік түзуде 
Қарлығаш Сәбетқызы Бабаева
қатысты.
Б 12 Бабаев С.Б.
Бастауыш мектеп педагогикасы:
Оқу құралы: Алматы: 
“Нұр-пресс”, 2007. – 413 бет. 
ISBN 9965-813-12-4
Оқу құралында педагогиканың жалпы негiздерiн 
қарастырумен бiрге бастауыш мектеп педагогикасымен тiкелей 
байланысты келесi мәселелер шешiмiн тапқан: балалардың 
жас ерекшелiктерi, кiшi жастағы оқушыларды оқытудың прин-
циптерi мен ережелерi, оқу мен тәрбие түрлері және формала-
ры, бастауыш мектеп мұғалiмдер алдында тұрған мiндеттері 
және т.б. 
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының мұғалiм дайындай-
тын факультеттерi мен педагогикалық колледждердiң студент-
терiне арналады. 
ББК 74.00
Б
© Бабаев С.Б., 2007.
ISBN 9965-813-12-4
© Нұр-пресс, 2007.
4303000000
00(05)-06


3
Ұлағатты ұстаздарым, Нүкіс университетінің
 ғұламалары Әнуар Жақсыбаев және
 Әнес Омаров құрметтеріне арнаймын
Автор
К і р і с п е
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел қатарына қосылуды мұрат 
тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ 
түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау 
қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар 
қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға 
тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана 
шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл 
және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған 
нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта 
білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын 
әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың 
тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мек-
тепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан беріл-
ген ізгілікті мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы оқу кезеңінде 
қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр. 
Бастауыш мектеп педагогикасы – кіші оқу жасындағы 
балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын 
зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді 
тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен 
әдістемелерін нақтылап, ұсынушы ғылым. Қай дәрежеде 
болмасын тәрбие, білім және оқу-оқыту мәселелерімен әрбір 
адам – мейлі ол ата-ана, оқушы, оқытушы, мұғалім, мектеп 
ұйымдастырушылары мен басшылары болсын, -міндетті түрде 
айналыспай қала алмайды. Педагогикалық ептіліктер мен 
дағдыларды меңгеру күнделікті тұрмыста да, кәсіби қызметте де 
әрбір адам үшін әбден қажет. Ал бастауыш мектеп маманының 
бұл салаларды тереңдей теориялық тұрғыдан игеріп алғаны 
– оның тиімді педагогикалық қызметінің мызғымас кепілі. 
Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының 
«Мемлекеттік білім стандартына» сәйкес жоғары мектеп 
түлектерін дайындауда назарға алынуы тиіс міндетті білім 
деңгейі мен мазмұнына орайласқан отандақ және шет ел-


4
дік жаңашыл педагогикалық тұжырымдамалар негізінде 
жинақталды. Сонымен бірге, өткен жарты ғасырдан астам 
дәуірімізде жалпы педагогикалық көзқарастар мен жаппай 
мектеп тәжірибесінде орын алған елеулі кемшіліктер және 
олардың саяси-әлеуметтік себептері сын сарабына салынып, 
тарқатылды. 
Оқу құралының мазмұндық негізіне бүгінгі балғын жас
болашақ тұлғаның біртұтас педагогикалық үдерісте жан-жақты 
дамуын қамтамасыз етуші ізгілікті-гуманистік педагогика (табиғи 
сәйкестік, қызметтестік, ықпалдастық, тұлғалық бағытты және 
т.б.) тұжырымдамалары алынды.
Оқулық мазмұнын игеруді жеңілдету үшін бағдарламалық 
әрбір тақырып бірнеше дербес сұрақтар күйінде бөлектей беріл-
ген. Тақырыптар тізбегі оқырман үшін жаңалықты ақпараттар 
тобын қабылдау қисынын ескерумен дәстүрлі педагогикада 
қалыптасқан, сонымен бірге мемлекеттік білім стандарты бел-
гілеген жаңа талаптарды арқау етумен құрылды.
Әр тақырып мазмұнын қабылдап, игеруді жеңілдету үшін сту-
дентке тірек конспект – сөздік ұсынылады. Мұндағы өзекті тер-
миндер түсінігі, есте сақталуы тиіс анықтамалар, тұжырымдар, 
қысқаша пікір-қорытулар семинарлар барысында, емтихан 
алдындағы дайындықта жәрдем болар деп сенеміз. Тақырып-
тар мәтіні ізімен өзіндік бақылауға арналған көлемді сұрақтар 
тобы берілді, ал барша материалдар соңында әрқайсысы өз 
алдына қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген әдебиет-
тердің ауқымды тізімі қосымша тіркелді.
Автор тілегі: ұсынылған оқу құралын тыянақты көзден 
өткеріп, ондағы мазмұнға зер салумен бүгінгі бастауыш мек-
тептегі мұғалім, сондай-ақ, ертеңгі оның орнын басар сту-
дент педагогикалық теория мен тәжірибеде болып жатқан
өзгерістердің түпкілікті мәнін түсініп, өз қызметтерінің мән-
мағынасын гуманистік педагогика талаптарына сай бағыттап, 
оқушыға тек сауат беруші емес, оның ұлағатты ұстаз-досы, 
мейірлі қамқор – тәрбиешісі болса екен. Сонда ғана біздің мек-
тебімізде тәрбие алып жатқан сәби болашақ қоғамымыздың 
жарқын тұлғасы, шығармашыл да жасампаз өндіргіш күші, 
сондай-ақ адамгершілігі мол ұрпақ жалғастырушысы болып 
жетілуі сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет