Өндірістік іс- тәжірибесі бойынша есеп
Мен Зейнолдин Данил,
құқықтану мамандығының, П2Б тобының
студентімін. Мен Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан Облыстық Сотынан
15.05.2023 ж.- 09.06.2023 ж. аралығында өндірістік әс-тәжірибеден өттім. Бұл іс-
тәжірибеде мен сот атқарушылары қасында көмекші-тәжірибеші болып істедім.
Бұл іс-тәжірибенің мақсаты: алған білімді іс жүзінде көрсете алу және өз
біліктігіліңді көрсету болып табылады. Бұл іс-тәжірибеде құқықтануға
байланысты істерді жүргізу және қажетті істі үйрену. Мамандыққа байланысты
тәжірибені көрсете білу болып табылады.
Іс-тәжірибеде мен азаматтардың арыз-шағымдарын
қабылдау жане тіркеу
тәртібімен, іс жүргізу тәртібімен, қылмыстық және азаматтық істерді рәсімдеу,
есепке алу жене сақтау ережелерімен, оларды сот мәжілісінде тыңдауға,
тағайындау тәртібімен танысуға, бірқатар құжаттарды қарастырдым.
Іс-тәжірибеде біз орындаған тапсырмаларды айта кетсем: бірінші күні
судьялармен және т.б жұмыскерлермен танысу болды.
Танысу аяқталғаннан
кейін құжаттармен және компьютердегі істермен жұмыс істеуді үйрену болды.
Бұл Облыстық Соттың басқа соттан ерекшегілі тек қана “Төраға” сайтынан
құжаттармен жұмыс жасайды. Төраға сайтында сот ісі жүрген адамдарды сот
төрағаларына және судьяларға істерін көшіріп, жібереді. Келесі күні
бізде сот
отырысы болды. Сот отырысында ең алдымен жарықты қосып, терезелерді ашып
қою, яғни ауа кіріп тұруы қажет және де судьялардың компьютері мен сот
отырысын тағайындайтын көмекшінің компьютерлерін қосу. Және сот
кабинетінде үлкен теледидар болуы тиіс және онда компютердің басты беті
қосылып тұруы қажет. Төбеде бүкіл сот бөлмесі
көрінетіндей камера болуы
қажет. Енді сот отырысын тағайындайтын көмекшінің атқаратын жұмыстарына
тоқталсам, алдымен компютерге жаңа диск салу, яғни онда соттың записьі
сақталады. Сот жүріп жатқанда судьялар мен сотқа қатысушылардың кім сөйлеп
жатқанын аты жөндерімен белгілеп отыру қажет. Судьялар шешім қабылдағанда
сотқа қатысушылар сот бөлмесінен шығып кетуі керек және қайта кіргенде судья
шешімін айтып бітпейінше орнымыздан тұрып тұруымыз қажет осымен сот
отырысы аяқталады. Келесі күндері құжаттармен жұмыс басталады.
Негізінде
құжат жазғанда өте мұқият және бірнеше рет тексеріп алған жөн. Себебі, бір
қателік кетсе, бұл үлкен кедергі болады, яғни жұмысыңызға нұқсан келеді.
Жалпы осы Облыстық Сот ішінде жүргенде судьялар мен төрағаны көрген кезде
амандасып, олардың алдынан өте шықпау қажет қысқаша айтқанда үлкен құрмет
білдіру қажет.
Әр құжатты сайтқа тіркеу және сол құжаттарды шығарып алу қажет. Кейін оны
томдап тігу қажет болады. 1 томда 180 беттен аспау және кем болмау қажет.Сот
істерді азаматтық сот ісін жургізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан
Республикасы
Конституциясының , осы Кодекстің, баска да нормативтік
құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Соттардың адам
мен азаматтың "Конституцияда баянды етілген құқықтарына және
бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық
актілерді колдануга құқығы жоқ. Eгер сот қолданылуға тисті заң немесе өзге де
нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс
жургізуді токтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні
конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот
Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу кайта
басталады. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға
сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан
жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.Азаматтық
істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жургіу
заңдарында белгіленген
ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады.Соттың билік өкілеттілігін
кімнің де болса иеленуі заңда көзделгенжауаптылыққа келіп соғады.