Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Бiлiмдену – оқу барысында шәкiрт игерген бiлiм, ептiлiк,  дағды және ойлау тәсiлдерi жүйесi. Даму



Pdf көрінісі
бет4/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Бiлiмдену
– оқу барысында шәкiрт игерген бiлiм, ептiлiк, 
дағды және ойлау тәсiлдерi жүйесi.
Даму
– адам ағзасында жүріп отырған сандық және сапалық
өзгерiстер желiсi мен нәтижесi.
Қалыптасу
– барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтiк, 
экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негiзiнде 
адамның әлеуметтiк өмiр өкiлi ретiнде бой тiктеуi. Тәрбие – 
тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.
Педагогикалық үдеріс
– оқу мен тәрбие бiрлiгi арқасында 
орындалатын бiлiмдену мақсатынан оның нәтижесiне қарай 
болған iс-әрекет, iлгерi қозғалыс.
Педагогикалық жүйе
(система) – тұлғаны дамыту үшiн 
бiлiмдендiру (образовательный) мақсатын көздеп, бiрiккен әрi 
бiртұтас (целостный) педагогикалық үдерiсте атқарылатын 
өзара бірлесе байланысқан көптеген құрылымдық бiрлiктер 
тобы.
Педагогикалық iс-әрекет
(деятельность) – бiлiмде-
ну мақсатын iске асыруға қаратылған әлеуметтiк (кәсiптiк) 
қызметтің ерекше түрі.
Әмiршiл-әкiмшiл 
(авторитарная) педагогика – көзсiз бағыну 
тәрбиесiн алға тартқан педагогика.
Iзгiлiктi
(гуманистическая) 
педагогика
– 
шәкiрттi 
педагогикалық үдерiстің субъектi ретiнде танып, адам мен 
адам арасындағы қатынасты ұлықтай бiлген педагогика.


8
“… қазақ мектептерi – 
қазақтарға бiлiм берудің басты 
құралы … бiздің барлық үмiтiмiз, қазақ 
халқының келешегi осы мектептерде. 
Сондықтан мектептерде жақсы бiлiм 
берiлетiн болсын … Ғылыммен қаруланған, 
әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар 
қазақ арасында көбейiп, бүкiл халыққа әсер 
ете алады”.
 Ы. Алтынсарин
Педагогика – тәрбие жөнiндегi ғылым
Адам биологиялық тiршiлiк иесi ретiнде дүниеге келедi. 
Оның тұлға болып жетiлуi үшiн – тәрбиелеу қажет. Дәл осы 
тәрбие адамды iзгiлендiрiп, оған қажет қасиет сапалар-
ды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын 
жүргізу үшiн арнайы мекемелер түзiлген. Бұл үдерiстi кәсiби 
білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнiнде арнайы ғылым 
қалыптасқан. Мiне, сол ғылымды үйренудi ендi бастаймыз. 
Адамды тәрбиелеу жөнiндегi ғылым 
педагогика 
деп атала-
ды. Ол өз атамасын грек сөздерi “пайдес” – балалар және “аго” 
– жетектеу дегеннен алған, тiкелей аудармасында “педагогика” 
сөзі бала тәрбиесiн бағыттау өнерi дегендi аңдатады, ал “педа-
гог” сөзі бала жетелеушi мәнiн бiлдiредi. 
Барша дәуiрлерде педагогтар балалардың табиғаттан 
берiлген мүмкіндiктерiн iске асырып, жаңа сапаларды 
қалыптастырудың тиiмдi жолдарын тауып, оларға көмектесумен 
келедi. Мың жылдар бойы қажеттi бiлiмдер тырнақтап жиналып 
педагогикалық жүйе дүниеге келдi, тексерiлдi, қажет болмаған 
тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өмiршең, ең пай-
далы педагогикалық идеялар сақталып, бүгiнгi күнiмiзге жеттi. 
Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешiрген бүгiнгi заман пе-
дагогикасы адам тәрбиесi заңдылықтары жөнiндегi ғылымға 
айналды. 
Педагогикалық басшылық барша адамдарға өте қажет. 
Бірақ мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы тәрбие 
мәселелері әрдайым көкейтесті болып қалуда, себебі бұл 


9
дәуірде адамның барша негізгі қасиет-сапалары қаланады 
және дамиды. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы 
балалардың тәрбиесімен педагогика ғылымының арнайы са-
ласы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет