5
1-ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ПӘНI
МЕН МIНДЕТТЕРI
Жоспар:
Педагогика – тәрбие жөнiндегi ғылым
Педагогиканың пайда болуы және дамуы
Педагогиканың негiзгi ұғымдары
Педагогикалық ғылыми ағымдар
Педагогикалық ғылымдар жүйесi
Педагогикалық зерттеу әдістерi
Тiрек конспект – сөздік
Педагогика
– 1. Адам тәрбиесi жөнiндегi ғылым. 2 Тәрбие,
оқу (обучение) және бiлiмдену (образование) теориясы.
Субъект
– танымдық қабiлетке және қоршаған дүниеге
ықпал жасап, оны өзгерiске келтiре алатын адам.
Нысан
– субъекттің, яғни адамның таным және iс-әрекет
аймағы.
Жантану
(психология) – болмысты
психикалық бейнелеу
және адамның iс-әрекет желiсi мен жануарлардың әрекет-
қылығы жөнiндегi ғылым.
Әлеуметтану
(социология) – тұтастай жүйедегi қоғам мен
жекешеленген әлеуметтiк құрылымдар (институты), желiлер
(үдерiсi), қоғамдық топтар жөнiндегi ғылым.
Философия
– табиғат,
қоғам және ой дамуының
жалпыланған заңдылықтары мен ғылыми танымның жалпы
әдіснамасы жөнiндегi ғылым.
Индивид
– жеке адам, тек өкiлi.
Педагогика пәнi
(предмет) – тұлға тәрбиесi, оқуы, бiлiмде-
нуi, дамуы, қалыптасуы.
6
Педагогиканың қызметтерi
(функции) – 1. Тәрбие, бiлiм-
дену, оқу заңдарын ашу. 2. Нақтама (диагностика) мақсаттары
мен мiндеттерiн анықтау. 3. Көзделген тәрбие мақсаттарының
iске асу жолдарын көрсетiп беру.
Педагогиканың теориялық қызметтерi
– 1. Сипаттау
немесе түсiндiру, яғни озық және жаңашыл педагогикалық
тәжiрибенi зерттеу. 2. Нақтама (диагностикалық), яғни
педагогикалық құбылыстардың күйiн;
педагог пен оқушы iс-
әрекеттерiнің тиiмдiлiгiн анықтап, оларды iске асыру шарттары
мен себептерiн белгiлеу. 3. Болжам жасау (прогностикалық),
яғни педагогикалық болмысты (действительность) экспери-
менталды зерттеп, соның негiзiнде
қалыптасқан жағдайды
қайта түзу жобаларын ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: