(1592-1670) есiмiмен байланысты. Оның 1654 жылы Амс-
тердамда жарық көрген “Ұлы дидактика” атты басты еңбегi
алғашқы ғылыми – педагогикалық кiтаптардың бiрегейi бол-
ды. Ондағы айтылған идеялардың көпшiлiгi осы күнге дейiн
өзiнің көкейтестiлiгiн және ғылыми маңызын жоғалтқан емес.
Я.А.Коменский ұсынған
табиғи сәйкестiк
принципi,
сынып-
сабақтық
оқу жүйесi және басқа да оқу принциптерi, әдістерi,
формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын
иеледi. “Оқу негiзiне басқалардың зат жөнiндегi бақылаулары
мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды
танып, бiлу қалануы тиiс”; “Естiгендi – көргенмен, сөзді – қол
әрекетiмен байланыстыру қажет”; “Әрқандай үйрету сыртқы
сезiм және ақыл-парасат байланысы негiзiндегi дәлелдерге
сүйенуі қажет”… ұлы педагогтың осы тұжырымдары бiздің
заманымыздың талаптарына да сәйкес келiп тұр.
Ағылшын философы және педагогы
Джон Локк
(1632-
1704) өз қайрат-күшiн тәрбие теориясына бағыштады. Өзiнің
“Тәрбие жөнiндегi ойлар” атты басты еңбегiнде ол өзіне
сенiмдi, ауқымды бiлiмдiлiгiн iскерлiкпен, берiк наным-сенiм-
дерiн сұлу мәнерлiкпен ұштастыра бiлген адам – джентельмен
тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.
ХVIII ғасырда бастауыш мектеп педагогикасы бойын-
ша өз шығармаларымен танылған француз материалист-
ағартушылары
Достарыңызбен бөлісу: