Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет15/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

оқу тәрбиелiк сипатқа ие

Оқу барысында 
– тәрбиелеймiз, тәрбиелей жүріп – оқытамыз. 
Бiлiм
– оқу нәтижесi. Тiкелей мағынада, бiлiм жақсы 
оқыған, тәрбиелi, зиялы адам бейнесiн байқатады. Бiлiм – 
бұл 
оқушының тәлiм алу үдерiсiнде игерiп жинақтаған бiлiм, еп-
тiлiк, дағды, ойлау тәсiлдерiнің жүйелi тобы
. Бiлiмдiлiктің 
басты көрсеткiшi – 
бiлiмдер жүйелiлiгi және ойлау жүйелiлiгi. 
Жүйелi бiлiм алған оқушы дербес ойлауға, өз бiлiм қорының 
олқылықтарын ой толғастыру жәрдемiмен жетiлдiру қабiлетiне 
ие. Аса есте ұстайтын жәйт, білім – бұл өзінен- өзі келетін зат 
емес, оны әр адам өз күшімен, дербес қолға түсіруі қажет. Өз 
заманында А. Дистервег: «Даму мен білім ешбір адамға сырт-
тан хабарланып немесе берілген емес. Оған қол жеткізем деген 
әркім өз күші және ерік-қайратын қосуы қажет» – деп жазған 
еді. Қабылданған бiлiмнің көлемiне, дербес ойлауда жеткiзген 
деңгейiне байланысты бiлiм 
бастауыш, орта және жоғары
бо-


20
лып бөлiнедi. Игерiлген бiлiмнің сипаты мен бағдарына орай 
жалпы, кәсiби және политехникалық бiлiмдер 
ажыралады. 
Бастауыш
(элементар) 
білім
мақсаты – осы заманда өмір 
бойы жалғасатын болашақ білімнің бастау негіздерін қалау. 
Бастауыш мектепте бала оқуға, жазуға, есептеуге, өз пікіріне 
байланысты және сауатты өрнектеуге, жүйелі ой толғастыруға, 
дұрыс қорытындылар жасауға үйренеді. Баланың сауат ашу 
дәуірі қарқынды тәрбиемен ұштасып жатады, яғни бала әріп 
тануға үйренумен бірге тән-дене, эстетикалық, еңбектік, 
құқықтық, экономикалық, экологиялық тәрбие бастауларын 
да алады. Бұл кезеңдегі тәрбие оқу мен білімнен маңыздылау 
келеді. Себебі, егер адам келелі тәрбие алмаса, оған білім 
берудің пайдасы жоқ, тіпті зиянды. Тәрбиелілікті арқау етпеген 
білім – есуас қолындағы суық қару. Өз заманында Әл-Фараби 
бабамыз көрегендікпен: «Бірінші мәселе білім емес... тәрбие. 
Тәрбиесізге берген білім адамзатқа апат әкеледі» – деп өсиет 
қалдырған.
Жалпы бiлiм
– табиғат, қоғам, адам жөнiндегi ғылымдар 
негiзiн үйретiп, дүниетаным қалыптастырады, танымдық 
қабiлеттерiн өрбiтедi, адамға өзiн қоршаған ортадағы 
үдерiстердің негiзгi заңдылықтарын түсiнуге жәрдем етедi, 
оқу мен еңбекке байланысты мектеп және еңбек ептiлiктерiн, 
әрқилы тәжірибелік дағдыларды игеруде көмектеседi. 
Кәсiптiк бiлiм
- әрбiр адамды қалаған еңбек саласын-
да қажет болатын бiлiмдер, ептiлiктер және дағдылармен 
қаруландырады. Кәсiптiк оқу орындары жұмысшыларды 
дайындайды, ал орта және жоғары кәсiптiк оқу мекемелерi 
халық шаруашылығының әртүрлі саласы үшiн қажет болған 
орта және жоғары маманданған кәсiпкерлердi дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет