Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет18/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

еркiн тәрбие 
теориясын ұсынған француз педагогы 
Ж.Ж.Руссо
болды. Ол 
және оның iзбасарлары өсiп келе жатқан балада болашақ 
тұлғаны танып, оны 
сыйлауға
шақырды. Оның табиғи даму 
мүмкіндiктерiн тәрбие барысында пайдаланып, оған барынша 
қолдау көрсету қажеттiгiн талап еттi. Бiздің дәуiрiмiзде жақсы 
нәтиже берiп, барша дүниеде өзіне көптеген тараптарлар 
тартып, бұл теория гуманистiк педагогиканың күштi де қуатты 
ағымына айналды.


23
Гуманизм 
(адамгершілікті) – әлемде адамды ең жоғары
құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл 
тұжырымдаманың басты ережесі тұлға қадір-беделін қорғау, 
оның еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, 
еңбектік, оқу және т.б.) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм – 
бұл 
жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның 
әмбебап маңыздылығына қолдау-қуаттау беретін идеялар 
мен құндылықтар жиынтығы. 
Құндылықты бағыт-бағдар және 
нұсқау-көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм қоғамдық мұратқа 
айналып отыр. 
Барша кезеңдердегі педагогтар қауымы гуманистік 
тәрбиемен дүниені қайта жасау үмітін ешбір жоғалтқан емес. 
Егер барлық адамдар қайырымды, адал, әділетті болған 
жағдайда, олар арасындағы дау-дамай өршімей, соғыс, 
қақтығыс, қарсы тұру себептері әлдеқашан жойылған болар 
еді. Әлемде тоқшылық, жылылық пен жақсылық жайлаған бо-
лар еді. Бірақ бұл үшін адамның өзін өзгерту қажет. Мұның 
бірден-бір жолы – 
тәрбие
. Бүгінгі заман бағытын жұмсартып, 
бала пайдасына орай гуманистік тәрбиеге бет бұрады. Бірақ 
мектепті ізгілестіру істері әлі орнына қойған жоқ, бұл бағыттағы 
ұнамды ізденістер жүргізілуде.
Iзгiлiктi
(гуманистiк) 
педагогика
– 
бұл өз мүмкіндiктерiне 
орай тәрбиеленушi балаларды оқу-тәрбие үдерiсiнің бел-
сендi, саналы, тең құқықты қатысушылары ретiнде та-
нытатын ғылыми теориялар жүйесi. 
Гуманизм тұрғысынан 
тәрбиенің iзгi мақсаты - әрбiр тәрбиеленушiнi iс-әрекеттің, та-
ным мен қатынастың толыққанды субъектi деңгейiне көтерiп, 
еркiн, өзiндiк басқарымға ие тұлғаны баулу. Тәрбиелiк үдерiстің 
гуманизациялық өлшемi тұлғаның өз мүмкіндiктерiн iске асыра 
алу дәрежесiмен, оған берiлген барша табиғи нышандардың 
ашылуымен, оның еркiндiкке ұмтылу қабiлетi мен жауапкершiлiгi 
және шығармашылығымен бағаланады. Гуманистiк педагогика 
басты назарда 
тұлғаны
ұстайды. Оның өзіндік белгілері: бас-
ты назар ақпарат көлемі мен нақты ептіліктер және дағдылар 
дамытудан гөрі, тұлғаның психикалық, тән-дене, ақыл-пара-
сат, адамгершілік және басқа да инабаттық-ізгілік сапаларын 
дамытудың маңыздылығын алға тартады; бар күшін әрқилы 
оқу және тұрмыс жағдайларында өз таңдауына қабілетті ер-


24
кін, дербес ой толғастырып, іс-әрекетке келе алатын тұлға аза-
мат – гуманист қалыптастыруға шоғырландырады; оқу-тәрбие 
үдерісін жаңаланған бағдарламаларға келтіруде табыстарға 
жету үшін қажетті ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ете 
алады.
Оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау – оқушыға болған 
педагогикалық үстемдiгiмен танылған, педагог пен оқушы 
арасындағы қалыпты iзгiлiктi қатынастар орнату мүмкіндiгiн 
жоққа шығарған әмiршiл педагогикадан бас тартып, 
оқушылардың тұлғалық еркiндiгi мен жеке iс-әрекетiне аса 
жоғары мән беретiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет