Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет20/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

М.Монтессори, Р.Штайнер, 
С.Френе. 
Олар түзген тәрбие бағыттары бұл күнде 
атаулы 
педагогика
лауазымын алған. 
М.Монтессори 
педагогикасы тәрбиенің 
еркiн табиғи 
сәйкестiк
идеясына негiзделген. Мұндағы басты шарт 
– баланың өз белсендiлiгi. Тәрбие ең алдымен әртүрлі мiн-
деттердi атқаруға бағытталған дидактикалық материалдарды 
тәжірибеде қолдану тәсiлiне сүйенеді. Сонымен бiрге, оқу мен 
тәрбиенi жеке даралап жүргізуге, тұлғалық ерекшелiктердi ес-
керуге үлкен мән берiледi. 
Р.Штайнер
вальфдор педагогикасын
дәрiптедi. Бұл 
тәрбие ағымы әрбiр баланың даму ерекшелiгiн ажырата оты-
рып, оның даралығын, яғни ойлау, мiнез, ерiк, ес және т.б. 
психикалық қасиеттерiн түсiнудi басты қажеттiк деп бiлдi. Осы 
негiзде даралап тәрбиелеудің әдістерi мен формалары жоба-
ланады. Баланың iс-әрекетi оның көңiл-күйi және ой-өрiсiмен 
ажыралмас тұтастыққа келтiрiледi. 
Батыс елдерде 
С.Френе
педагогикалық тұжырымдамасы 
кең тараған. Оның басты белгiлерi: 1) балалардың жастық 
психологиясындағы, 
қабiлеттерi 
мен 
қызығуларындағы 
әртүрлілiктi мiндеттi түрде ескеру; 2) олардың интеллектуал 
және көңіл-күй белсендiлiгiн мақсатты түрде ынталандырып 
бару; 3) барша оқу кезеңдерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен бай-
ланыстыру; 4) мектептің өзiндiк басқару жүйесiнің тиiмдiлiгiн 
көтеру; 5) жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухын-
да тәрбиелеу. 
Сонымен, 
әлемде кең дамыған педагогикалық ойдың екi 
бағыты танылған – үлкендердің бедел-абыройына және 
балалардың бағыныштылығына негiзделген автори-
тарлы ағым, шәкiрт құқығы мен еркiндiгiн құрметтеушi 
– гуманистiк ағым. Олардың арасында – сан қилы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет