Заречное негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі:
Хасенова Д.М.
2015-2016 оқу жылы
Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн. Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі. Бала- шығармашылықтың қайнар көзі. Табиғаттың берген сыйы. Ендеше, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында жүргізілетін жаттығу- тренингтер.
«Бәріміз бірге».
Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану. Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.
«Керісіншелер елі».
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру. Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан- нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
«Ормандағы ағаштар» ойыны.
Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады. Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма? Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ- жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді. Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет. Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.
"Ондай болуы мүмкін емес"
Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады. Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады:
ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады.
"Егер осылай болса..."
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы: - егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с. Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады.
6. "Сиқырлы қалам"
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек. Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады. Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды
«Моншақ»ойыны
Ойынның мақсаты:
Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты:
Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері:
қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент
“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?
Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.
“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:
Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу
“Сиқырлы ағаш” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?
“Асхана” ойыны.
Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.
“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран
к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
“Қожанасыр қоржыны”ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.
Тапсырмалардың үлгілері: 1. сөздерді қазақшаға аудар:
Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.
2. Сөзді септе: жолбарыс
3. Сандарды сөзбен жаз:
25 + 7 = 32
150/30 = 50
10 + 3= 13
43 – 20 =23
90 – 40 =50
80 + 25 =105
4. Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
( мысық )
5. Сөйлемдерді қазақша жаз:
Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.
“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.
“ Сиқырлы қоржын” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?
Фонетика саласы бойынша
«Кім жылдам?»
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау ойыны»
Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«Жалғасын тап» ойыны.
Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны.
Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны.
Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан» ойыны
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны»
Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш
болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
«Домино» ойыны
Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар.
Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от»
дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап.
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын.
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап.
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол.
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол.
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
«Ойлан, не болуы мүмкін?!»
Егерде,
«... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...»
«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...»
«... иттер адамша сөйлесе бастаса,...»
«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...»
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойыны
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2.Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы -ыдыс , Ыдырыс, ыстық , і – ілгіш, ірімшік, тіршілік , е – береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ,қырық
«Дыбыс таңдау ойыны» Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1.р,о,б.-бор 2.а,ш,а,ғ.-шаға
Лексика бойынша «жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1.Ұяда…. 2.Көп…
Ұшқанда Терең…
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан – жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байла-нысты мақал – мәтелдерді кім біледі?«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал – мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша.«Ойлан тап»ойыны. 1.Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? (Асқазан)
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? (Ақбөкен)
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? (Жетісу, Талдықорған)
«Ойна да ойлан !»ойыны.1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз. 2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. (қоян).”Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. (кірпі) «Жалғасын тап ойыны» атаңның баласы болма, (адамның баласы бол). «Сөз қуаласпақ ойыны » Ойынның шарты:
1 – қатардағы оқушыларға «бастауыш»,
2 – қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрай-ды.Әр ойынды ойнар кезде сол ойынға сәйкес өлең оқу арқылы қызығушылығын арттыруға болады. Сабаққа ынтасын, ықыласын бірден аудару мақсатында өлең есепте қолданудың маңызы зор. мысалы:
Бізде қызық ойын бар
Ал, ықылас қойыңдар.
Қане, тәртіп сақтайық,
Баспалдақтанаттайық,
Есептеуден қашпайық,
Жүлделі болып қайтайық. – Балалар зейіндерін аударып, тақтаға екі жағынан жарыстыра сатылап, мысалдарды шығарту. Балалар төменгі сатыдан жоғарғы сатыға шығып мәредегі ойыншықты алады. Бұл ойынды «қоянға көмектесейік» немесе «балапанды құтқарайық» деп атауға болады.