Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, электрндық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РМЭБ – республикалық жоғарғы оқу орындары арасынғы электронды кітапхана)
Курс аталуы/ пәні Халықаралық экономика
Пәннің коды: НЕ 2301
Пәннің типі: Кәсіби бағдар беру пәндер, таңдау компоненті
Оқу жылы 2-ші жыл
Оқу семестрі– 2 семестр
Кредит саны- 3 KZкредит = 5 ECTS кредит Профессор/лектордың аты жөні: Әбдімомынова А.Ш. экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Курс мақсаты: Халықаралық экономика пәнінің негізгі мақсаты – шаруашылық өмірді ұйымдастырудың рыноктық жүйесінің халықаралық ауқымда қызмет етуі мен даму заңдылықтарын талдау және осы бағытта тәжірибелік жұмыс жасауға қажетті дағды қалыптастыру.Курсты оқу барысында келесі негізгі міндеттер қойылады:
халықаралық айналыстағы тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қалыптасу заңдылықтарын талдау;
ұлттық экономиканың нақты, бюджет, ақша және сыртқы секторларының басқа елдер экономикаларының ықпалы жағдайындағы қызметін талдау құралдары мен бағдарламаларын анықтау;
халықаралық экономиканың қызмет етуіне жағдай жасаушы халықаралық қаржы рыноктары мен қаржылық механизмдердің даму қарқынын бағалау;
халықаралық экономиканы реттеудің институционалды құрылымы, оның қалыптасу принциптері, даму қарқыны және жетілдіру жолдарын анықтау.