Пәннің/курстың мазмұны: Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі.Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері.Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі. Транзитті экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Экономиканы мемлекетік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік – экономикалық болжау мен жоспарлау. Ғылыми – техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі. Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс - әрекеттерін реттеу.