3 курс Курс аталуы/ пәні ІС-бухгалтерия
Пәннің коды:ВU3203 Пәннің типі:базалық пән, таңдау компоненті
Оқу жылы 3-ші жыл
Оқу семестрі- 1 семестр
Кредит саны- 3 KZкредит = 5 ECTS кредит Профессор/лектордың аты жөні:Аймагамбетова А- аға оқытушы, экономика ғылымдарының кандидаты.
Курс мақсаты:Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және сыртқы пайдаланушыларға толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады.Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндеттерді шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін емес. Пререквезиттер:Статистика, экономикалық теория