Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Кәсіби пәндер
Таңдау компоненті
Курстың/пәннің/юниттің атауы- ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы
Пәннің коды: KRAІK 3301
Пәннің типі: Кәсіби пәндер Таңдау компоненті
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 3
Дәріс беруші. Аға оқытушы, доцент., з.ғ.к., Исаева Ж.А
Курстың мақсаты: «ҚР-ның азаматтық іс жүргізу құқығы» курсын оқытудың мақсаты студенттердің азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың ерекшелгі, соттың және азаматтық сот ісін жүргізу қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдар туралы дұрыс түсінік қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |