Не педагогика факультеті


Дәріс 6. Кәмелетке толмаған айыпталушылардың сот-психологиялық сараптамасы



бет6/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы
жоба, Ұлттық дүниетаным., Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері., Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі, Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары., Ювеналды педагогика, Диссертация Арын А.А., 5 syin ADEBIET 2014
Дәріс 6. Кәмелетке толмаған айыпталушылардың сот-психологиялық сараптамасы
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот тергеуінің ұтымдылығының негізгі талабы болып, біздің ойымызша, анықтауға қажетті барлық мән-жайлар аумағын зерттеу болып табылады, соның ішінде кәмелетке толмағанның өмірі және тәрбиесінің жағдайы, сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету, сот тергеуі кезінде барынша тәрбиелік әсер жасау.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес судья сотталу-шыдан, одан қатысушы тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қоя алады, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез-келген сәтінде қойылуы мүмкін. Судья сотталушыдан бірінші болып жауап алмауы, жауап алу кезінде басты роль атқармауы қажет, бұл судьяның қате ойы немесе айыптаудың басымдылығы жөнінде әсер қалдыруы мүмкін.
Сотталушының кінәлігі туралы дәлелдеу міндеті прокурорға берілгендіктен, ең бірінші болып жауап алу прокурорға жүктелген. Бұл сот ісін жүргізуді тараптар-дың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылу принципіне сәйкес келіп, соттың объективтілік және әділ позициясын көрсетеді. Бұл жердегі соңғылық ролінің ешқандай кемшілігі жоқ, төрағалық етуші кез келген уақытта жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастай алады.
Кәмелетке толмаған сотталушыдан жауап алу тұлғаның және қылмысқа байланысты фактілер туралы мәліметті анықтауды өзіне қосады. Оның айғақтары өзі туралы және жасаған қылмысы туралы жәй ғана баяндау нысанында болуы керек, кейін келе нақтылаушы сұрақтар қойылуы қажет. «Жауап алынушының баяндамасы және осының негізінде пайда болатын сұрақтардың жауабының үйлесімдігі – жауап алудың жетістігін құрайды».
Жәй баяндаудан кейін төрағалық етуші анықтаушы және нақтылаушы сұрақ қоя алады. Бірақ сонымен бірге тек сотты қызықтыратын мән-жайлар ғана көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірге айыпталушы өзі де барынша толық мәлімет беретіні ескерілуі тиіс түсініктемелерді аяғына дейін тыңдамай, қандай мән жайдың бірінші кезекте зерттелуі қажеттілігі жөніндегі мәселені шешуге болмайды.
Белгіленген тәртіпте сотталушыдан бірінші болып қорғаушы және процеске қорғаушы тарапының қатысушылары, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылардан жауап алынады.
Сотталушының берген жауаптары дәлелдемелер қайнар көзі болып қоймай, сонымен бірге тағылған айыптың негізі бойынша және басқа айғақтардың негізінде жаңа дәлелдемелер келтіре алады.
Кәмелетке толмаған сотталушының айғақтарына оның жасы әсер етуі мүмкін. Олар-дың дұрыстылығы өмірлік тәжірибесімен, білім деңгейімен, психологиялық күйіне, жасаған әрекетіне көзқарасымен, сонымен бірге педагогтың заңды өкілінің қатысуымен айқындалады. Олар сонымен қатар қылмыс оқиғасын сотталушының дұрыс қабылдап, түсінуіне де байланысты. Қатты эмоционалдық реакцияларда айғақтар қате, толық емес болады, ал кейбір кездерде қате пікірде болады, себебі сын пікірлік ойлау қабілетін мұқалтады. Бұл кәмелетке толмағандардан дұрыс жауап алудың өте маңыздылығын көрсетеді, шынайы айғақтар беру үшін психологиялық алғышартын жасау қажеттілігі туындайды.
Кәмелетке толмағанның намысының жоғарғы осалдығын ескере отырып жауап алудың талабы болып этикалық нормаларды, педагогикалық ережелерді, қате пікір мен сенімсіздікті болдырмау, әдептілікті сақтау болып табылады. Сотталушыдан жауап алу уақытында дауыстап түсінік беруге және бағалауға тиым салынады.
Кәмелетке толмағанмен байланыс жасауға теріс ықпал жасайтын психологиялық фактор ретінде, ойлау қабілетін тежейтін қорқу, ұялу сезімдері, жаман көңіл күй болады. Сондықтан судья қобалжуды, өз тағдырына парықсыздықпен қараудың алдын алу үшін шаралар жасау қажет.
Сотталушымен психологиялық байланыс жасау үшін, шынайы айғақтарды беру үшін қызығушылық тудыру қажет. Кінәлілігі туралы дәлелдемелер толық болған жағдайда тікелей логикалық сендіру әдісі арқылы жалған айғақтар берудің бекерлігін көрсету қажет. Сырын ашпаудан жасырмаушылыққа, жалған айғақ беруден шынайыға өту күрделі психологиялық тосқауылды жеңумен ілеседі. Кәмелетке толмағанның іс-әрекеті ішкі дүниенің жағымды және жағымсыз мотивтерінің қайсысы басым түседі соған байланысты болады. Соттың негізгі мақсаты жағымсыз мотивтерді анықтап ең жақсы өнегелік қасиеттеріне әсер ету арқылы оны жеңуге әсер ету қажет.
Осы мақсатта судья сотталушыға сендіру, қылмыстық өмірін кінәлау арқылы, жағымды мысалдар келтіріп, оның әрекетінен ата-аналарына, жақын туыстарына және қоғамға келтірілген теріс салдарды көрсетіп, эмоциялық тұрғыдан әсер етеді, осылайша азаматтық міндеттерін сезіндіріп және жанама түрде сот тергеуінде дұрыс әрекетін көрсетіп кетеді.
Кәмелетке толмаған сотталушының айғақтарына оның жасы әсер етуі мүмкін. Олардың дұрыстылығы өмірлік тәжірибесімен, білім деңгейімен, психологиялық күйіне, жасаған әрекетіне көзқарасымен, сонымен бірге педагогтың заңды өкілінің қатысуымен айқындалады. Олар сонымен қатар қылмыс оқиғасын сотталушының дұрыс қабылдап, түсінуіне де байланысты. Қатты эмоционалдық реакцияларда айғақтар қате, толық емес болады, ал кейбір кездерде қате пікірде болады, себебі сын пікірлік ойлау қабілетін мұқалтады. Бұл кәмелетке толмағандардан дұрыс жауап алудың өте маңыздылығын көрсетеді, шынайы айғақтар беру үшін психологиялық алғышартын жасау қажеттілігі туындайды. Кәмелетке толмағанның намысының жоғарғы осалдығын ескере отырып жауап алудың талабы болып этикалық нормаларды, педагогикалық ережелерді, қате пікір мен сенімсіздікті болдырмау, әдептілікті сақтау болып табылады. Сотталушыдан жауап алу уақытында дауыстап түсінік беруге және бағалауға тиым салынады.
Кәмелетке толмағанмен байланыс жасауға теріс ықпал жасайтын психологиялық фактор ретінде, ойлау қабілетін тежейтін қорқу, ұялу сезімдері, жаман көңіл күй болады. Сондықтан судья қобалжуды, өз тағдырына парықсыздықпен қараудың алдын алу үшін шаралар жасау қажет.
Сотталушымен психологиялық байланыс жасау үшін, шынайы айғақтарды беру үшін қызығушылық тудыру қажет. Кінәлілігі туралы дәлелдемелер толық болған жағдайда тікелей логикалық сендіру әдісі арқылы жалған айғақтар берудің бекерлігін көрсету қажет. Сырын ашпаудан жасырмаушылыққа, жалған айғақ беруден шынайыға өту күрделі психологиялық тосқауылды жеңумен ілеседі. Кәмелетке толмағанның іс-әрекеті ішкі дүниенің жағымды және жағымсыз мотивтерінің қайсысы басым түседі соған байланысты болады. Соттың негізгі мақсаты жағымсыз мотивтерді анықтап ең жақсы өнегелік қасиеттеріне әсер ету арқылы оны жеңуге әсер ету қажет.
Осы мақсатта судья сотталушыға сендіру, қылмыстық өмірін кінәлау арқылы, жағымды мысалдар келтіріп, оның әрекетінен ата-аналарына, жақын туыстарына және қоғамға келтірілген теріс салдарды көрсетіп, эмоциялық тұрғыдан әсер етеді, осылайша азаматтық міндеттерін сезіндіріп және жанама түрде сот тергеуінде дұрыс әрекетін көрсетіп кетеді.
Кәмелетке толмағанның жоғарғы ықпалдылығын және жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, сот тергеуінің психологиялық атмосферасын бұзбау үшін жауап алуға ресми әңгіме сипатын берген дұрыс болады. Бұл жерде маңызды болып сотталушыға сот залында қатысып отырған сыбайластары жағынан әсер ету мүмкіндігін алдын алу қажет, себебі залда пайда болған реакциялардың негізінде сотталушы өзінің айғақтарын өзгертуі мүмкін.
Кәмелетке толмағанның жастық ерекшелігін ескеріп педагогикалық тұрғыдан дұрыс жауап алуды жүргізу қылмыс жасаудың шынайы себептерін ашуға, ұтымды тәрбиелік әсер етуге көмектеседі. Осы мақсатта қорқытумен, қатты, ұнатпай сөйлеумен, сөздерге тиісумен ұшырасатын рұқсат етілмеген, педагогикалық емес жауап алу әдістерін алдын алу үшін шаралар жасау қажет. Сот тергеуі аяқталған кезде іске қатысушыларда толықтыру жасау құқығы берілген.
Толықтай зерттелмеген сұрақтардың маңыздылығы әртүрлі қосымша сот әрекеттерін жүргізумен түсіндіріледі. Егер іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін қорғайтын сұрақтар ескерілмей қалған болса, сот тергеуге қосымша жасауға, өтініш жасауға, іске қосымша жаңа дәлелдемелер қосуға рұқсат береді. Ол қайтадан куәден, жәбірленушіден және сотталушыдан қайтып жауап ала алады. Сот тергеуіне қосымша жасау қажет, егер іске қатысушылар көрсетіп отырған мән-жайлар шешім шығару үшін маңызды болып және анық еместілік істі шешуде қиындық тудырса.
Сот тергеуінің сапасы мен тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып:
заңдылықты қамтамасыз ету – қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатаң сақтау, сотталушының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауы;
жастың ерекшеліктерін ескеру;
сот тергеуінің тәрбиелік тиімділігі – сотталушының дұрысталуы және түзелуді, сот әдебі және сот талқылауының мәдениеті табылады.
Істі қарау сапасы, оның маңызды көрсеткіші болып заңдылық болады, себебі ол қылмыстықтың деңгейіне әсер етеді, яғни соттағы қателік кейбір жағдайларда жазасыздықпен ұшырасады.
Сот тергеуінің тәрбиелік әсерінің тиімділігі сот билігінің өнегелік бастамаларын сақтау арқылы және сот процесі уақытында сотталушыға тікелей әсер ету арқылы қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет