Не педагогика факультеті


Дәріс 9. Мемлекеттің ювеналды саясаты оның әлеуметтік-экономикалық саясатының басым құрамдас бөлігі ретінде



бет9/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы
жоба, Ұлттық дүниетаным., Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері., Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі, Лекция№10. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары., Ювеналды педагогика, Диссертация Арын А.А., 5 syin ADEBIET 2014
Дәріс 9. Мемлекеттің ювеналды саясаты оның әлеуметтік-экономикалық саясатының басым құрамдас бөлігі ретінде
ҚР баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша ювеналы әділет органдарының қызметі; болашақта кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және т.б. найы оқу пәнін ұсынады. Бұл пәннің негізгі мазмұны – кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету сферасында оны қолдануды ұлттық заңнаманы оқыту.
Кәмелетке толмағандардың девианттық мінез-құлқына қарсы іс-қимыл жасау күрделі, кешенді міндет, оны шешуге түрлі ғылыми мекемелер, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, лауазым иелері жөне жеке тұлғалар қатысуға тиіс. Ювеналды саясат кәмелетке толмаған жас адам мен мемлекет арасындағы қылмыстық іс жүргізу аймағына енген тұлғалардың құқығын, заңды мүддесінің басымдығын тану негізінде оның қылмыстық құқықтық тыйым салуын бұзу нәтижесінде пайда болған әлеуметтік жанжалды шешуге бағытталған.
Ювеналды саясаттың объектісі алі түпкілікті қалыптаспаған, қоршаған ортаның, отбасының материалдық және моралдық жағдайына өте тәуелді кәмелетке толмаған адам болып табылады. Бүгінгі ювеналды саясат жеке тұлғаны, қоғамды, мемлекетті қылмыстық әрекеттерден қорғау және құқық бұзушылықтан келген зиянның орнын толтыру мақсатында жалпы әлеуметтік, арнаулы және жеке сипаттағы жиынтық шараларды жасау мен іске асыруға бағытталған.
Қылмыстың алдын алу институты белгілі бір қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикалық, саяси, құқықтық және т.б. қатынастарда қызмет етеді, ал қылмыстың алдын алу қызметі осы жүйеден шыққан, яғни соған байланысты және сонымен анықталады. Ендеше, қылмыстың алдын алу тек прогрессивті дамитын қоғамдық қатынастар жүйесінде ғана тиімді болуы мүмкін. Осы бағыттың нәтижелігін күшейту үшін, сондай-ақ жайсыз, тұрмысы төмен отбасыларының балалары мен кәмелетке толмағандардың өмірін және тәрбиесін едәуір жақсарту мақсатына жету үшін тұрақты нысаналы күш-жігер қажет. Оны іске асырудың мәні балалар үйлерінде мектеп-интернаттарында, арнаулы мектептерде, мүгедек балалар мекемелерінде, көшеде, отбасында ешқандай тастанды, бетімен кеткен балалар болмайтындай, елде жаңа жағдайды қалыптастыруда.
Ювеналды әділет жүйесін енгізу мақсатында қолға алынған тағы бір үлкен шара «Қазақстандағы ювеналды әділет жүйесі» жобасы болды. Бұл пилоттық жоба кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты сот төрелігін жүзеге асырудың жаңа үлгісін іс жүзінде сыннан өткізуді көздеді. Жоба Алматы қаласының Әуезов және Алматы облысының Қарасай аудандарында тәжірибеден өтті. Бұл жоба нәтижелері ювеналды әділет жүйесін енгізу мүмкіндіктерін саралауға негіз болып табылады. Жоба шеңберінде арнайы іріктеуден өткен қорғаушылар мен әлеуметтік қызметкерлер тобы жұмыс істеді. Олардың міндеті күдікті ретінде ұсталған жасөспіріммен қарым қатынас орнату, оған психологиялық жағымды ықпал жасау, сот үдерісіне қажетті құжаттарды жинау және сол арқылы жасөспірімнің әлеуметтік келбетін сомдау. Осындай әлеуметтік-психологиялық портреттің көмегі арқылы баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері айқындалады, ал бұл өз кезегінде соттың әділ шешім шығаруына оңтайлы ықпал етеді.
Жалпы ювеналды әділет жүйесі кәмелетке толмағандардың тұлға ретінде әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі және девианттық мінез-құлқы салдарынан олар жоғалтып алған қоғаммен қарым-қатынасың қалпына келтіруге бағытталған шараларға негізделген сот төрелігінің арнайы жүйесін білдіреді. Ол ең алдымен құқықбұзушылықтардың салдарын жоюды және құқық бұзушыны қоғамға қайта оралтуды көздейді. Мұнда кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айы русыз жаза қолдану олардың құқығын қорғаудың негізгі элементі болып табылады. Бала құқығын қорғау тетіктері ретінде әділет жүйесінің құқықтық және әлеуметтік негіздерінің өзара тығыз байланыста әрекетеуі ювеналды әділет жүйесінің ерекшелігін құрайды.
Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесін белгілейтін (құқығы, міндеттері, құқықтары мен міндеттерін сақтау кепілдігі) және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін органдар қызметін ұйымдастыру негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер жиынтығында ол туралы нақты айтылған. 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандармен жұмыс әдісін өзгертуге байланысты қылмыстық сот төрелігі жүйесінде «Қазақстандағы ювеналды әділет» жобасының бастамасымен жұмыс жүргізіліп келеді. Оның мақсаты мен міндеттері, принциптері де айқын.
Тұжырымдаманың мақсаты – ҚР-да ювеналды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу, дамыту болып отыр. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Және Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінде, соттарда, прокуратураларда, адвокатурада кәмелетке толма қандармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырыл-ған бөлімшелер құруды қамтиды.
Бүгінгі таңда ювеналды соттар әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істейді. Десек те, кәмелетке толмағандардың істері жөнінде сот құру көзқарасы әр елде әртүрлі.
Демек, ювеналды әділет жүйесіндегі келелі өзгерістер сот алдында тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқық бұзушы емес, ерекше субъект ретінде танылуын, баланың жеке басының ерекшеліктерімен қатар оның тұратын аймағын ескеруді, құқықтық шаралармен қатар сот жанындағы арнайы әлеуметтік қызметкерлер тарапынан кәмелетке толмағандарды әлеуметтік жағынан түзету мақсатын көздеген бағдарламаларды жүзеге асырудың бастамасы болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша барлық аталған шаралар кешені "ювеналды әділет" терминімен қамтылады. Халықаралық практикада, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға сот төрелігін іске асыруға қатысты БҰҰ ең төменгі стандарттық ережелерінде (Пекин ережелері) "Juvenile Justice" термині "кәмелетке толмағандар істері бойынша сот төрелігі" ұғымын білдіреді.
Алайда, әлеуметтік тұрғыда кеңірек алғанда, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған соттың айналасына құқық қорғау органдарындағы әр түрлі мамандандырылған құрылымдар, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылықты алдын алу жүйесінің мекемелері, адвокатура және құқық қорғау ұйымдарын біріктіретін кәмелетке толмаған-дардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесін білдіреді.
Бұдан басқа, ювеналды әділет бұл тек қана кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың кешенін, оларға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруды ғана емес, сонымен бірге тиісті заңнаманы қамтитын жүйе. Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандармен жұмыс әдісін өзгерту мақсатында қылмыстық сот төрелігі жүйесінде "Қазақстандағы ювеналды әділет" жобасының бастамасы бойынша жұмыс жүргізілуде, оның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары айқындалды.
Бүгінгі күнде "Қазақстандағы ювеналды әділет" жобасының қорытындысы, мүдделі мемлекеттік органдардың пікірлерін ескере отырып (Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктері, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот) ювеналды әділет жүйесінің мамандандырылған қызметтері: ювеналды полиция, ювеналды прокуратура, ювеналды соттар, ювеналды адвокатура, ювеналды қылмыстық-атқару инспекциясы, әлеуметтік психологтар және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдардан тұратын Қазақстанда ювеналды әділет жүйесін құру қажеттігі туралы куәландырады.
Осылайша, ювеналды әділет жүйесін, оның ішінде арналған әлеуметтік қызмет мекемелерін дамыту жолымен құру қоғамның тұрақтылығын нығайтуға, кәмелетке толмағандар ортасындағы шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді, қоғамның жастар ортасында болып жатқан процестерге белсенді әсер етуіне мүмкіндік береді. Мамандандырылған (ювенальды) сот ювеналды әділет жүйесінің маңызды буыны болып табылуға тиіс, бұл Конституциядағы сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республиканың халықаралық шарттары негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға таралатындығы туралы ережемен негізделген.
Ювеналды әділет жүйесін дамытуға байланысты жасөспірімдерді кепілдендірілген құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыруда прокуратураның рөлін арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу қажет.
Ол үшін прокуратура органдарында кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалауды ұйымдастыру бойынша мамандандырылған бөлімшелер құру мүмкіндігі мәселесі пысықталатын болады. Қазіргі кезде ішкі істер органдарының құрылымында ювеналды әділет жүйесінің бір қатар элементтері жұмыс істеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет