Не педагогика факультеті


Дәріс 12. Интегративті сипаттағы ювеналды педагогика деңгейлері



бет12/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы

Дәріс 12. Интегративті сипаттағы ювеналды педагогика деңгейлері
Қазіргі таңда кез-келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғауда болуы тиіс. Қолымызда барымыздың ең қымбаттысы, ең асылы, бар байлығымыз-балалар, сондықтан да олардың өмірі қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына, олардың құқықтарының бұзылмауына, қорғалуына бақылау жасап, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады.
Ювеналды педагогика педагогика ғылымы жүйесінің бір бөлімі болып табылады және педагогиканың басқа салаларына: жалпы, жас ерекшелік, арнайы, кәсіби, әлеуметтік және т.б. тән белгілерді қолданады.
Ювеналды педагогика жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру орындарында қамаудағы адамдарды түзеу үдерісін теориялық негіздеумен, сонымен қатар осы үдерістің практикасын жасаумен айналысады.
Жалпы педагогика пенитенциарлық мекемелерде де маңызды саналатын тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Ювеналды педагогикада жас ерекшелік педагоги-касының элементтері бас бостандығынан айыру орындарындағы әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуде қолданылады: 14 пен 18 жас аралығындағы – тәрбиелеу колонияларындағы және 18 және одан жоғары жастағылардың жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колонияларда.
Зерттеу объектісі дене және ақыл-ой дамуында ауытқушылығы бар адамдар болып табылатын арнайы педагогиканың элементтері сотталғандарда осы категорияға жататын адамдардың көптеп кездесетіндігіне байланысты ювеналды педагогикаға кіріктірілген.
Адамның тұлғалық еңбек әлеуетін дамытуды жүзеге асыратын кәсіби педагогика, қылмыскердің тұлғасына әсер ету саласында ювеналды педагогикамен өзара әрекет етеді, өйткені еңбекке тәрбиелеу, түзеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік және ювеналды педагогиканың арақатынасы және өзара байланысы, олардың ортақ міндеттері саналы азамат тәрбиелеумен байланысты.
Көрсетілген сызбадан ювеналды педагогиканың ғылым ретінде педагогика ғылымының басқа салаларының теориясы мен практикасына негізделгені көрінеді. Сызбада көрсетілген педагогика ғылымының байланыстары түбегейлі емес, өйткені Ювеналды педагогика өзінің теориясы мен практикасын педагогика тарихымен, салыстырмалы педагогикамен және педагогикалық зерттеулердің басқа бағыттарымен байытуы мүмкін.
Ювеналды педагогиканың дамуы адам туралы бір-қатар ғылымдармен: философия, психология, физиология, криминология, социология, мәдениеттану және т.б. тығыз байланысты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет