-Баяндама жұмысын орындауға талап етілетін көлем 10-15 бет аралығын қамту керек
-Титулдық бетінде орындалған жері, баяндама тақырыбының аты көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек
-Жұмыстың 1-бетінде баяндаманың жоспары тұруы керек
-Баяндаманы тексеру барысында материалдың мазмұны, тақырыптың өзектілігінің ашылуы, стильдік сауаттылығы ескеріледі
-Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс. -Пайдаланылған материалдар 5 дереккөзінен кем болмауы қажет және соңғы 5 жылдықтағы әдебиеттер тізімі болуы тиіс.
-Ғаламтор көздерінен алынған материалдардың электрондық сілтемелері көрсетілуі тиіс
|