Не психология кафедрасы



бет23/55
Дата07.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#134445
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
psihologiya 2021 umk

Тұлғааралық қақтығыс дегеніміз – «Адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі»
Ол себептер төмендегідей:

  • Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;

  • Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы;

  • Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;

  • Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы);

  • Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, кекету, жоғары талаптар қою;

  • Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т.б.

Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:

  1. I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.

Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъективті себептер комплексі бар. Олар:



  • Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;

  • Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;

  • Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі;

  • Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.

Сонымен қатар, адамдар жасайтын өңірлерде экологиялық жағдайлардың нашарлауы, әртүрлі төтенше апат жағдайлары және т.б. қақтығыстардың келіп шығуына себеп болады.
II). Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептеріне – ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:
Құрылымдық-ұйымдастыру – яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.
Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар молая түседі.
Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төмендегенде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төмендегенде қақтығыстарға себеп болады.
Жеке тұлғалық-функциональдық – лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі: Мұндай ұжымда бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығыстық болуы сөзсіз.
Ситуациялық-басқарушылық – ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі. Басшының орынсыз шешімі оған мойынсынушылардың наразылығын тудырады.


Лекция 10. Тақырыбы: Тиімді коммуникация технологиялары
10.1 Тиімді коммуникативтік процесс мәні
10.2 Шешендік өнер және өзін-өзі таныстыру дағдылары
10.3 Коммуникациядағы имидж. Қарым-қатынас стильдері
10.4 Мінез акцентуациясы және олардың қарым-қатынас процесіне әсері.

Тиімді коммуникативтік процесс мәні


Коммуникация сөзі латынның соmmunico – ортақ етемін, байланыстырамын сөзінен шыққан.
Коммуникация - өзара түсінікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік үдерісі
Коммуникация – ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру
Психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді.
Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды).
Әдетте айрықшаланып тұратын екінші функциясы – бағалау жеке өзінің бағасы мен қатынасын айту,
үшіншісі – аффектілік: әсер мен сезімнің берілуі.
Адам баласы пайда болғаннан бастап, екі немесе бірнеше ру өзара некелік қатынаста біріккен. Бұл тілге, тілдік құрылымға әсерін тигізді.
Рулар тайпа құрады. Тайпа мүшелерінің арасында да қандас туыстық қатынас болған.
Тайпа алғашқысында румен бір мезгілде пайда болып, өз аумағымен, бірыңғай тайпалық тілімен немесе диалектімен сипатталады.
Тілдерінде айырмашылық бар, яғни түрлі диалектерде сөйлеген тайпалар одағы болған.
Ұлт құрылмастан бұрын ұлыстар адамдар өмірінің әлеуметтік формасы ретінде қоғамдық қатынастардың елеулі дамуын, әлеуметтік, мемлекеттік, өндірістік және басқа күрделі құрылымдарды тудырды.
Мәдениетаралық коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады.
Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.
Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен қоршаған ортаның (әлеуметтік, геогафиялық, мәдени, өндірістік және т.б.) арасындағы өзара байланысты зерттейтін социология, психология, антропология сияқты ғылымдармен ұштасады.
Даму үшін қажетті әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер, көпшілікке ортақ мінез-құлық әдебі әр халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Мынадай қорытынды жасауға болады: әр мәдениеттің өзіндік тілдік жүйесі бар, сөйлеушілер соның көмегімен бір – бірімен қатынасады. Мұнда тіл адам өмірінің түрлі салаларында - өндірістік, қоғамдық, рухани салаларындағы қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде анықталатын мәдениеттің құрамдас бөлігі деп пайымдауға болады
Тіл арқылы өз халықының менталитетін, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, сол сияқты әлемнің ерекше мәдени бейнесін қабылдайтын адам тұлғасын қалыптастырушы мәдениет аспабы
мәдениет - әлемді қабылдау құралы, сондай – ақ сол әлемнің құрылымы. Онда әр халықтың тарихының өзгешелігін танытатын бірегей, айрықша сипат бар.
Қоғам адамдарды мінез-құлықтың жарасымдысы мен жарасымсызын ажыратуға үйрете отырып, өзінің тыйымдары мен құндылықтарын жасайды. Мәдениет ықпал етеді және өзі де адам қызметінің кез келген көрінісінің ықпалында болады.
Шешендік өнер
Риторика ғылымының негізін салған софист Протагор (б.з.б. 444 жылы туған) болып есептеледі. Протагор шешендік өнерге байланысты «Айтыс өнері», «Тартыс туралы», «Ғылымдар туралы», «Өктем сөз» және «Жарыссөз» атты еңбектер жазған.
Шешендiк өнер көне Римде басты орында болды, онда сөз құдiретiне ие адамға тәңiрiндей табынған. Сенатта, сотта және т.б. жиындарда әрбiр ерiктi азаматтың сөйлеу құқығы болған. Сондықтан шешен сөйлеудiң қыр-сырын меңгеру мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындады.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді.
Шешендік сөздер мән-мағына-сының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы.
Қазақ шешендiк өнерi – қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан сөз байлығының, сөз құнарының негiзiнде бүтiн бiр ұлттың суырыпсалмалық қасиетiн бойына дарытқан, күрделi тарихи, саяси-әлеуметтiк мәселелердi шешкенде белдi роль атқарған, халық кәдесiне жараған өнер.
Қазақ шешендерінің атасы – ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер. Бізге жеткен аңыз-әңгімелерге қарағанда, Жиренше – Әз Жәнібек хан мен Асанқайғы (XIV–XV ғғ.) заманында өмір сүрген адам.
XVІ–XVIII ғасырларда шешендік өнерді Шалкиіз, Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаздауысты Қазыбек, Әйтекелер жалғастырды. Шешендік өнердің кең қанат жайып, биіктеген кезеңі – XVIII ғасыр.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» дейтін де сөз бар.
Шешендік өнер үш нәрсеге негізделеді:
1) табиғи дарын, тума талант;
2) жан-жақты білім;
3) тынымсыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынұлы: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға ақыл қосу жағын көздеу. Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру», – дейді.
Орыс шешендік өнерінің негізін салушы М.Ломоносов шешен болу үшін бес қасиет қажет екендігін айтады:
1) табиғи дарын;
2) білім;
3) шешендерден үйрену;
4) сөйлеп жаттығу;
5) басқа ғылымдардан хабардар болу.
М.Ломоносов табиғи дарындылықты жан дарыны және тән дарыны деп екіге бөледі, жан дарынына – ақыл мен ес, тән дарынына күшті әрі сүйкімді дауыс пен үн жататынын айтады. Сонымен, шешендіктің екі басты мәселесі – ақылға ақыл қосу мен
жүректі тербеу. Сонда шешендік өнер үш мақсатты көздейді:
1) ояту;
2) түсіндіру;
3) толқытып, тебіренту.
Шешеннің бойында мына қасиеттер болу керек:
• тіл байлығы, сөз қорының молдығы;
• білімділік және сөйлейтін мәселесін анық білу;
• шыншылдық, адамгершілік, турашылдық;
• жинақылық, тапқырлық, жылдамдық.
Шешенге қойылатын қосымша талаптар: Шешендік сөздің әсемдігін арттыратын факторларға тек тілдік қасиеті мен сөз мәнері ғана емес, шешеннің көпшілік алдында өзін-өзі ұстау әдебі мен сыртқы келбеті де жатады.
Мінез акцентуациясы және олардың қарым-қатынас процесіне әсері
Мінез (басқа-грек. χαρακτήρ "ырым, ерекшелігі, белгісі) - тұлғаның қарым-қатынасы мен мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтайтын тұрақты, салыстырмалы тұрақты психикалық қасиеттерінің құрылымы
Мінездің акцентуациясы-бұл жекелеген ерекшеліктердің күшеюі нәтижесі ретінде норманың шеткі нұсқасы. Өте қолайсыз жағдайларда мінездің акцентуациясы жеке адамның бұзылуына ұласуы мүмкін, бірақ оны психикалық ауытқуларға жатқызу дұрыс болмайды
Мінездің әр түрлі көріну сатылары болады. Мінез анық және жасырын болуы мүмкін.
Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері.
Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші.
Мінез акцентуациясы және олардың қарым-қатынас процесіне әсері
Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін ұғым
А. Е. Личко акцентуацияны екі типке бөліп қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет