Гипертимді тип. Үнемі жақсы, тіпті көтеріңкі көңіл күйімен, энергиясының жоғарылығымен, өмірлік тонусының көтеріңкілігімен және белсенділігімен ерекшелінеді. Үнемі көшбасшылыққа ұмтылады. Таныс емес ортада тез тіл тауып кетеді. Өзінің мүмкіншіліктерін шамадан тыс бағалайды және болашаққа құрған жоспарлары тым оптимистік. Қызығушылықтары тұрақсыз, адамдармен тез тіл табысулығы – танысатын адамдарды таңдауға қабілетсіздігінен туындайды.
Шизоидты тип. Негізгі белгілері тұйықтығы және әңгімелесу кезіндегі интуициясының жоқтығы. Интуициясының жоқтығы біреудің қайғысын түсіне алмаушылықтан, басқалардың тілектерін таба алмауынан туындайды. Ішкі әлемі басқалар үшін үнемі жабық және ол тек өзіне ғана арналған қызығушылықтар мен қиялдармен толтырылған. Ол эгоистік сипатқа ие.
Мінездің әр түрлі көріну сатылары болады. Мінез анық және жасырын болуы мүмкін.
Мінез бітістерінің көрінуінің интенсивтілігін айқындайтын осьті келтіруге болады. Осьте үш аймақты белгілейміз; мінез айқын көрініс тапқан “қалыпты” мінез (ол акцентуация деген атқа ие болған) аймағы және мінездің қатты ауытқу немесе психопатия аймағы. Бірінші және екінші аймақтар қалыптыға, үшіншісі – мінездің патолоиясына жатады. Сәйкесінше, акцентуация мінезі қалыптың шеткі нұсқаулары ретінде қарастырылады.
Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері.
Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін ұғым