Митоздық (пролиферациялық) цикл - бӛліну нәтижесінде пайда
болған жасушаның, бӛлінуге дайындалып, екі жаңа жас жасушаның
түзілуімен аяқталатын процестердің жиынтығы. Бұл цикл екі кезеңнен
тұрады:
1) интерфаза, бұл кезеңде жасушаның белсенді ӛсуіне қажет ақуыз, РНҚ
және басқа заттар синтезделеді және ДНҚ-ның репликациясы жүреді;
2) жасушаның бӛлінуі (митоз).
Интерфаза (жасушаның бӛлінуге дайындалу фазасы) белсенді синтез
және ӛсу кезеңі. Жасушаның ӛсуіне және арнайы қызмет атқаруына
қажетті кӛптеген заттар синтезделеді. Интерфаза кезінде ДНҚ репликациясы
жүреді. Жалпы, интерфаза жануарлар, ӛсімдіктер және микроорганизмдер
үшін үш кезеңнен тұрады: