Негіздері


Амитоз, эндомитоз, политения



Pdf көрінісі
бет162/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.8.10 Амитоз, эндомитоз, политения 
Митоздық циклдың негізінде жасушалардың саны ӛзгермей зат 
алмасудың қарқындылығы мен генетикалық материалдың мӛлшерін
арттыратын бірнеше механизмдер пайда болған. ДНҚ мен хромосомалардың 
екі еселенуі міндетті түрде жасушаның екіге бӛлінуіне әкелмеуі мүмкін. 
Осының нәтижесінде хромосомалардың саны артады, бұл құбылыс – 
эндомитоз 
деп аталған. Генетикалық кӛзқарас бойынша, эндомитоз 
дегеніміз – геномдық сомалық мутация. Хромосомалардың саны сақталып
олардың құрамындағы ДНҚ кӛбеюімен сипатталатын келесі құбылыс – 
политения
деп аталады. Эндомитоз бен политения тұқым қуалайтын 
материалдың 
мӛлшерінің 
еселенуімен 
сипатталатын 
полиплоидтық 
жасушалардың пайда болуына әкеледі. Диплоидтық жасушаларға қарағанда, 
мұндай жасушаларда гендер екі немесе одан аса еселенген. Гендер санының 
артуына байланысты жасушаның кӛлемі ұлғаяды, қызмет атқару 


114 
мүмкіншіліктері артады. Полиплоидизация сүтқоректілердің ағзасында 
жасы ұлғая келе бауыр жасушаларында байқалады.
Тікелей емес бӛлінумен қатар (митоз), жасушалардың тікелей бӛлінуі – 
амитоз
– кездеседі (51-сурет). Амитоз кезінде ядроның генетикалық 
материалдар құрылымы күрделі ӛзгеріске ұшырамайды, тартылыс арқылы
бӛлінеді. Ядро бӛлінген соң цитоплазма бӛлінуі тиіс. Бірақ, кӛбінесе ядроның 
бӛлінуі цитокинезбен аяқталмайды, сондықтан, амитоз нәтижесінде кӛп 
ядролы жасушалар пайда болады. Амитоз жолымен бӛліну дамуын аяқтаған 
жасушаларға тән. Амитоз қабыну процесінде, ісіктерде және кейбір 
қарапайымдылардың бӛліну барысында кездесуі мүмкін. 
Түрлі ағзалар мен ұлпаларда жасушалар пролиферациясы (кӛбеюі) әртүрлі 
жылдамдықтармен жүреді: бактериялар мен кӛпжасушалы ағзалар 
ұрықтарында жылдам, ал жоғары дифференцияланған ұлпаларда баяу 
жүреді. Арнайы қоректік ортада ӛсімдіктер мен жануарлардың жасушалары 
тез кӛбейеді. Бір аналық жасушадан алынған, генетикалық тұрақтылықпен 
сипатталатын жасушалар популяциясын – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет