Негіздері



Pdf көрінісі
бет247/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

ІІ – БӚЛІМ. ГИСТОЛОГИЯ 
2.1
 
ҦЛПАЛАР ТУРАЛЫ ТҤСІНІК
 
 
Ұлпа - белгілі бір функцияны атқаратын, құрылысы жағынан ұқсас
тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасуша аралық заттардың комплексі. 
1853 жылы Франс Лейдиг ұлпалардың микроскоптық құрылысы мен 
функциясын зерттеп, олардың классификациясын алғаш ұсынған болатын. 
Осы классификацияны Альберт Келликер 1855 жылы жарық кӛрген ӛзінің 
гистология оқулығында пайдаланған. Лейдиг пен Келликер ұлпаларды 4 
топқа бӛлген:
1. Эпителиальді ұлпалар.
2. Дәнекер ұлпалары. 
3. Бұлшық ет ұлпалары. 
4. Жүйке ұлпасы. 
Осы тӛрт типке жататын ұлпаларды А.А.Заварзин екі топқа біріктіруді 
ұсынған:
1.
Жалпы маңызды ұлпалар - оған эпителиальді ұлпалар мен дәнекер
ұлпаларды жатқызған.
2.
Маманданған ұлпалар – оған бұлшық ет ұлпасы мен жүйке ұлпасын
жатқызған.
Эволюция процесінде алдымен жалпы маңызды ұлпалар пайда болған
"мамандалған ұлпалар" филогенетикалық дамудың кейінгі кезеңінде 
бӛлініп шыққан (90-сурет). Даму барысында әрбір ұлпаның құрамында әр 
түрлі кезеңдердің жасушалық элементтері кездесетіні анықталған. 
Шала жіктелген жасушаларды А. А. Заварзин 
камбий
жасушалары деп 
атаған. 
Камбийлік 
элементтерден 
жоғары 
дәрежеде 
жіктелген, 
маманданған элементтер пайда болады. Камбийлік жасушалар кӛбейе 
алатын болса, мамандалған жасушалар ондай қабілеттен айрылғандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет