Ұлпаның созылмалы шiри қабыну кезiнде ұлпаның электр қозғыштығының
орташа көрсеткiшi://
2-6мкА//
10-15 мкА//
20-30 мкА//
+60-90 мкА//
100-110 мкА//
***
Мышьякты қойыртпақ қандай әсер көрсету арқылы ұлпаны өліеттендіреді://
Ұлпаны қуырады//
Ұлпаға антисептикалық әсер көрсетедi//
Нерв рецепторларының қызметiн тежейдi//
+Тотықтырушы ферменттердiң қызметiн тежейдi//
Ұлпа тiнiне сусыздандырушы әсер көрсетедi//
***
Сырқат тiсте кейде ауырлық, ыңғайсыздық, кернеу сезiмдерi, қатты тағам шайнағанда аздап ауыру орын алған. Тiсте тiсжегi қуысы бар, қызыл иекте жыланкөз немесе оның жабылуынан пайда болған тыртық анықталады. Аурудың болжамды диагнозын қойыңыз://
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы//
Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы//
Периодонттың созылмалы қабынуының өршуi//
Ұлпаның жедел iрiңдi қабынуы//
+Периодонттың созылмалы гранулденiп қабынуы
***
Ауыздың жедел герпестік қабынуы кезінде жүргізілген цитологиялық зерттеу
арқылы анықталатын жасушалар://
Қан жасушалары//
Пирогов-Лангханс жасушалары//
Аконтолизденген жасушалар//
+Көпядролы алып жасушалар//
Эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалары
***
Тiсiнде өз бетiмен пайда болатын қайта-қайта қозбалы ауру сезiмi 10-15 мин дейiн созылып барып, бiраз уақытқа /2-3сағ дейiн/ толастайды. Ауру сезiмi түнде жиi мазалайды, ал әртүрлi тiтiркендiрушi ықпалдар кезексiз және бiраз уақытқа созылатын ауыру сезiмiн туындатады. Сипатталған шағымдар субьективтік белгілеріне жататын ауру://
Ұлпаның жедел iрiңдi қабынуы//
Ұлпаның толық жедел қабынуы//
+Ұлпаның жартылай жедел қабынуы//
Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы//
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
***
Тiсте өз бетiмен пайда болатын, жан-жаққа таралатын, ұзаққа созылатын /1-2 сағ-қа/ қозбалы ауыру сезiмi аз уақытқа ғана /10-15 мин-ке/ саябырлайды. Сондықтан науқас сырқат тiсiн көрсете алмайды. Ауыру сезiмi түнде және әртүрлi тiтiркендiрушi әсерлерден күшейе түседi. Сипатталған шағымдар субьективтік белгілеріне жататын ауру://
Ұлпаның iрiңдi қабыну//
+Ұлпаның толық жедел қабынуы//
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы//
Ұлпаныңжедел жарақаттан қабынуы//
Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi
***
Ұлпаның негiзгi затында көптеген микроорганизмдер орын алған, нейтрофильдiк лейкоциттер, органоидтар, клеткалар еркiн жатыр. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобластар бiраз жерде жойылған. Сақталғандары жасушаiшiлiк дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгерiс тән ауру://
Ұлпаның жедел iрiңдi қабынуы//
+Ұлпаның толық жедел қабынуы//
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы//
Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы//
Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi
***
Ұлпа қабынуының қандай түрінде түбiр ұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тiнiнде рентгендiк зерттеу арқылы анықталатын өзгерiстер орын алуы мүмкiн://
Ұлпаның толыі жедел қабынуы//
Ұлпаның созылмалы жай қабынуы//
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы//
Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы//
+Ұлпаның созылмалы шiри қабынуы
***
45 жастағы ер адам 2.6 тiсiндегi самайына берiлетiн өздiгiнен пайда болатын, ұстамалы ауыру сезiмiне шағымданады, тiтiркендiргiштердiң барлық түрi ұзаққа созылатын ауыру сезiмiн туындатады. Тiсi бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетiндегі терең тiсжегi қуысы сауыт қуысымен байланысқан, сүңгiлеп тексергенде ашық ұлпа мүйiзшесiнде қатты ауыру сезiмi бар. Осы клиникалық белгілер тән ұлпа қабынуы://
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы//
Ұлпаның толық жедел қабынуы//
Ұлпаның жедел iрiңдіқабынуы//
+Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының өршуi//
Ұлпаның созылмалы шiри қабынуының өршуi
***
Мүйізгектенетін жабынды эпителийдің патологиялық мүйізгектенуге ұшырауы нәтижесінде төменгі эпителий қабаттарында жекелеген мүйізгектенген жасушалардың немесе жарық жасушалардың орын алуымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс қалай аталады://
+Дискератоздану//
Паракератоздану//
Акантоздану//
Гиперкератоздану//
Папилламатоздану
***
Патологиялық өзгеріске ұшыраған эпителий қабатында жасушалар ядролары ерге ұқсас пішінге ие болып , цитоплазмаға сұйықтық жиналып, жасушалардың бұзылуына әкеліп соғады. Мұндай өзгеріс төменде келтірілген патогистологиялық үрдістердің қайсысына тән://
Дискератоздануа//
Спонгиоздану//
Аконтолиздену//
Баллонды дистрофиялану//
+Вакуольді дистрофиялану
***
Ауыз кілегей қабығына шығатын біріншілік бөрткендерді атаңыз://
Тілік, жара//
+Розеола, папула//
Афта, көпіршік бөрткен (везикула)//
Іріңдік, тыртық//
Пигментациялық дақ, домбықпа
***
Ауыз кілегейлі қабығына шығатын екіншілік бөрткендерді атаңыз://
+Тілік, жара//
Розеола, папула//
Афта, везикула//
Іріңдік (пустула), тыртық//
Пигментациялық дақ, домбықпа
***
25 жастағы ер адам 2.6 тiсiндегi самайына берiлетiн өздiгiнен пайда болған толассыз ауыру сезiмiне шағымданады, тiтiркендiргiштердiң барлық түрi ұзаққа созылатын ауыру сезiмiн туындатады. Тiсi бұрын ауық-ауық ауырған. Аллергоанамнез теріс. Қарап тексергенде: шайнау бетiнде сауыт қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы көрiнедi,сүңгiлеп тексергенде ашық ұлпа мүйiзшесiнде қатты ауыру сезiмi бар. Емдеу әдісін таңдаңыз://
Девитальді экстирпациялау әдiсi//
Девитальдi аралас әдiс//
Девитальдi ампутациялау әдiсi//
+Витальдi экстирпациялау әдiсi//
Консервативтiк әдiс
***
Клиникалық белгілерін сараптай отырып, ұлпаның созылмалы шiри қабынуының периодонттың созылмалы қабынуымен салыстырмалы диагностикасын жүргiзуге қажет қосалқы зерттеу әдісін таңдаңыз://
+Рентгенографиялық әдіс//
Трансиллюминациялық әдiс//
Температуралық тiтiркендiргiштермен тексеру//
Ауру тарихын жинау//
Қағып тексеру
***
Жасы 45-тегі әйел тєменгi сол жақ азу тiсiнiң тағам шайнағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 3.6 тiсiнiң медиальдi шайнау бетiндегі тісжегі қуысында үлкен көлемдi ашық-қызыл түстi саңырауқұлаққа ұқсас өсiктi құрылым анықталды. Құрылымды айнала сүңгiлеп тексергенде негiзi сауыт қуысында орналасқан.Төменде көрсетiлген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым дұрысырақ болады://
қызылиек полипi//
Сауыт қуысы табанының перфорациялануы (тесілуі)//
ұлпаның созылмалы шiри қабынуы//
+ұлпаның созылмалы өсе қабынуы//
ұлпаның созылмалы жай қабынуы
***
Ұлпаның жедел ошақты қабынуының клиникалық белгiлерiне жатады://
+Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстамалы ауыру сезiмi//
Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстамалы ауыру//
Температуралық тiтiркендiргiш әсерiнен аз уақытқа созылатын ауыру сезiмi//
Тiспен тiс тістескенде күшейетiн тұрақты ауыру сезiмi//
Химиялық тiтiркендiргiш әсерiнен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі
***
Төменде берiлген аурулардың қайсысымен ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының сараптамалы диагностикасын жүргiзген тиiмді://
+ұлпаның созылмалы шiри қабынуы//
Баяу дамыған терең тiсжегi//
Қарқынды дамыған терең тiсжегi//
Периодонттың созылмалы қабынуы//
Ұлпаның созылмалы шiри қабынуының өршуi
***
Төменде берiлген аурулардың қайсысымен ұлпаның созылмалы шiри қабынуының салыстырмалы диагностикасын жүргізген дұрыс://
Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы//
Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi//
+Периодонттың созылмалы қабынуы//
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы//
Ұлпаның толық жедел қабынуы
***
48 жастағы науқас 26 шы тiсiнiң суықтан және ыстықтан ұзаққа созылатын ауыру сезiмiне, кейде қысқа мерзiмдi шаншып ауыратын ауыру сезiмiне және тiсiндегi ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: төменгi сол жағының барлық тiстерi сонымен қатар 3.7 тiсi де бүтiн, бiрақ 3.7 шi тiсiнiң шайнау төмпешiктерi дентинге дейiн қажалған, сүңгiлеп тексергенде жалаңаштанған дентинде жоғарғы сезiмталдық байқалды. Бұл ауруға нақты диагноз қою үшiн қандай қосымша зерттеу әдiсi жүргiзiледi://
Фотоплетизмография//
+Электроодонтодиагностика//
Эхоостеометрия//
Реодентография//
Полярография
***
Көлденең жатқан ақыл тістің қиналып жару кезіндегі дәрігердің іс әрекеті неге тікелей байланысты://
Тістің орналасуына//
Науқастың жасына//
Науқастың жалпы жағдайына//
Қабыну үрдісінің қарқынына//
+Ретромоляр аймағының көлеміне
***
Төмендегі қай флегмона кезінде науқастың дауысы қырылдап шығады://
Ауыз қуысының түбінің//
+Жұтқыншақ маңы аймағының//
Төменгі жақсүйегі арты аймағының//
Қанат төменгі жақсүйегі аймағының//
Паратонзилалық абсцесстен
***
Жоғарғы жақсүйегінің қай жерінде хондрома жиі пайда болады://
Көзасты аймағында//
Ұяшықты өсіндіде//
Көбінесе төмпешігінде//
Жоғарғы жақ қуысында//
+Таңдай сүйегінің орта сызығында
***
Самай аймағынан алынатын қиықта қандай артерия бар://
Бұрыштық артерия//
Бет артериясы//
Дөңгелек артерия//
Самайдың ортаңҒы артериясы//
+Самайдың беткей артериясы
***
46 жасар әйелдің 46-тісін жұлу мақсатымен 2% новокаин ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыру жасалды 50 секундтай уақыттан соң науқаста үрей пайда болып, денесін салқын жабысқақ тер басты, еріні көгеріп, қан қысымы снбағ 60 ммге дейін төмендеді, қарашықтары кеңейіп жарыққа әсер етпеді, еріксіз зәр шығып кетті Төмендегі асқынулардың ішінде қайсысының клиникалық көрінісі сипатталып отыр://
Талықсу//
Естентану//
Диабеттік кома//
+Анафилактикалық шок//
Гипертониялық криз
***
20 жасар ер кісіге «Жоғарғы жақ сүйегінің 11 тістен дамыған түбір ұшы кистасы» деген нақтам қойылды Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады://
Күрек тіс жансыздандыруын//
Вайсблат жансыздандыруын//
+Көз асты жансыздандыруын//
Төмпешіктік жансыздандыруды//
Инфильтрациялық жансыздандыруын
***
18 жасар науқастың 18 тісін жұлу үшін жасалған жансыздандырудан кейін оң жақ ұртында ісіну пайда болды Дәрігер тісті жұлған соң, сол жеріне мұз басу керектігін айтты 5-6 күннен кейін науқастың оң жағынан жоғарғы жақ сүйегі маңында самайға берілетін ауру сезім пайда болып, дене қызуы көтеріле бастады Тексеру барысында құм сағат белгісі, ауыздың шетеліп ашылуы анықталды 17, 18 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, басып тексергенде қатты ауыратыны анықталды 18 тістің ұяшығы эпителиленіп, жазылу сатысында. Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз://
Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі гематомасы//
Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасы//
Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі абсцессі//
Самай асты аймағының одонтогенная флегмонасы//
+Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі іріңдеген гематомасы
***
35 жасар ер кісі жұлынған тісінің орынының тамақ ішкен кезде қатты ауыратынын, ауызынан сасық иістің шығатынын шағымдап келді 3 күн бұрын 38-тісі жұлынған Беті симметриялы, сол жағынан төменгі жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырмайды Ауызы еркін ашылады 38-тістің ұяшығындағы қан ұйығы қара-сұрланып кеткенТөмендегі алдын ала қойылған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді://
+38-тістің ұяшығының қабынуы//
38-тістің ұяшықтық нервінің қабынуы//
38–тістің созылмалы ошақтық остеомиелиті//
Төменгі жақ сүйегінің обыры//
38-тістің перикоронариті
***
20 жасар жігіт 2 күннен бері жоғарғы жақ сүйегінің оң жағынан ісінгенін және тартып ауыратынын шағымдап келді Тексеру барысында көзасты аймағының ісінгенін, басып тексергенде тереңде сіңбенің бары анықталды Ауызы еркін ашылады 13,14-тістердің тұсындағы шырышты қабық қызарған Өтпелі қатпар өзгеріссіз 13-тіс жасанды сауытпен қапталған Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз://
Бет венасының қабынуы//
+Айбат шұңқырдың абсцессі//
13-тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//
13, 14-тістерден дамыған жоғарғы жақ қуысының қабынуы//
13,14 тістерден дамыған жоғрғы жақтың жедел одонтогендік остеомиелиті//
14-тістің созылмалы периодонтитінің өршуі
***
Бір апта бұрын 18 жас жігіттің «38- тістің қиналып-жаруы»- деген себеппен тістің үстіндегі бүркеніші кесіліп алынып, консервативтік ем тағайындалыпты Одан кейін науқастың жағдайы нашарлап, ауырғаны үдей түсіпті Тексеру барысында сол жағынан төменгі жақтың бұрышының астында тығыз сіңбе, ауыздың шектеліп ашылуы анықталды Берше жансыздандыруын жасаған соң ауыз ашылды Сол жағындағы ретромолярлық аймақ пен қанат тәрізді төменгі жақ қатпары қызарып ісінген Алдыңғы таңдай доғасы қызарып ісінген 38-тістің дисталды бұдырларын қызарып, ісінген бүркеніш жауып жатыр Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз://
Сол жағынан паратонзилалық абсцесс//
Төменгі жақтың 38-тістен дамыған жедел іріңді периоститі//
Төменгі жақтың 38-тістен дамыған жедел одонтогендік остеомиелиті//
+38- тістен дамыған қанат- таңдай кеңістігінің флегмонасы//
Төменгі жақ асты аймағының сол жағынан 38- тістен дамыған одонтогендік флегмонасы
***
Дәрігер сілекей безінің ауырғанына шағымданып келген науқас әйелде созылмалы сиалоаденит бар ма деген күдікпен оны тексере бастады Жедел сиаладенит жедел лимфадениттен қандай басты клиникалық белгі арқылы анықталады://
Осы жерді басқанда ауыру және гипосаливация//
Сілекей өзегі бойында қатты сіңбенің болуы//
Дене қызуының көтерілуі мен ауру сезім//
Терінің түсінің көкшіл тартып өзгеруі мен гипосаливация//
+Сілекей безінің өзегінен лайлы немесе ірің аралас сілекейдің бөлінуі
***
20 жасар жігіт оң жақ ұртында екі аптадан бері қатты, ауырмайтын жараның барлығын шағымдап келді Тексеру кезінде ұрттың шырышты қабығында ашық
қызыл түсті, пішіні домалақ табақ тәрізді, ауырмайтын, түбін майлап тастаған секілді, шеміршек тәрізді тығыз жара анықталды Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді://
Тілме//
+Мерез//
Туберкулез//
Актиномикоз//
Тілме
***
Жақ бет хирургиясының қабылдау бөлімінің дәрігері флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра одан 20 см төмен тері және тері асты клечаткасын тіліп, құралмен доғал жолмен ішкі қанат тәрізді шайнау етімен төменгі жақсүйегінің бұтағының ішкі бетін жылжи сыдырып, эксудатты шығарды Қай аймақтың флегмонасы ашылды деп ойлайсыз://
Жұтқыншақ маңы//
Төменгі жақсүйегі артқы//
Төменгі жақсүйегі асты//
Массетер асты//
+Қанат тәрізді төменгі жақ
***
26 жасар ер кісіні жарақат алғаннан 7 күннен кейін клиникаға келіп қаралды Объективті көрінісі терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағы деформацияның әсерінен тегістелген, көздің төменгі қырын басып тексергенде баспалдақ белгісі анықталады. Сол жағынан көз асты аймағының терісі мен мұрынның қанаты жансызданған Алдын ала қандай нақтам қоюға болады://
Мұрын сүйектерінің сынығы//
Жоғарғы жақтың сынығы//
+Бет сүйегінің ығыса сынуы//
Бет сүйегінің маңдай өсіндісінің сынуы//
Жоғарғы жақ қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы
***
32 жасар жігіт жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін клиникаға қаралуға келді Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ес дұрыс, жартылай ашылған ауызынан сілекей ағып тұр, иегі төмен және алға ығысқан, сөйлеу қиындап, ауру сезімі күшейіп бара жатыр, шайнау мүмкін емес Екі жағынан да құлақ кекілінің алдында шұңқыр пайда болған, бет сүйегінің доғасының асты томпайып ісінгенТөмендегі алдын-ала қоюға болатын нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз://
Екі жақты шықшыт тасбуыны//
Төменгі жақтың бір жақты шығуы//
Төменгі жақтың екі жақты артқа шығуы//
+Төменгі жақтың екі жақты алға шығуы//
Төменгі жақтың екі жақты буын өсіндісінен ауытқи сынуы
***
Рота санитары ұрыс алаңында қалған 19 жасар сержантты тауып алды Ауыр жараланған сержант ес түссіз, сіңір рефлекстері баяу, фото реакциясы бар, беттің орта бөлігінің жұмсақ тіндері қатты ісінген Екі көзінің астында үлкен қанталаған аймақтар бар Құлағы мен мұрнынан аққан қан аралас сары су қабыршақтанып қатып қалған Жоғарғы жақсүйегінде патологиялық қозғалыс бар. Төмендегі алдын-ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді://
Мұрын сүйектерінің сынығы//
+Жоғарғы жақтың Ле- Фор I сынығы//
Жоғарғы жақтың Ле- Фор II сынығы//
Жоғарғы жақтың Ле- Фор III сынығы//
Жоғарғы жақтың Ле- Фор- Герен сынығы
***
27 жастағы әйел адам оң жағынан төменгі жақсүйегінде дүңкиген аймақтың барлығын, осы айиақтағы тістерінің қозғалмалы екендігіне шағымданады Алғашқы рет бір жыл бұрын байқаған Қарап тексергенде төменгі жақсүйегі оң жағынан 45, 46, 47- тістерінің тұсында ұяшықты өсіндіде ісінген аймақтың бары анықталды Сипап тексергенде ауырмайды, беткейі тегіс Шырышты қабықтың түсі өзгермеген Алдын ала қандай болжамды нақтам қоясыз://
Одонтома//
Цементома//
+Амелобластома//
Кистогранулема//
Түбір ұшы китасы
***
74 жасар әйел клиникаға мұрнының бүйір бетінде ұзақ жылдар бойы жазылмай жүрген жарасының барына шағымданып келді Жараның пайда болғанына 3-4 болған Біртіндеп ұлғайған Консервативтік емдеу шаралары айтарлықтай шипалы болмаған Тексеру барысында мұрынның оң жақ бүйір бетінде шеттерін қабыршақ басқан ортасы ылғалданған жара анықталды, түбінде сіңбелену белгілері жоқ Төмендегі алдыны ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді://
Тері обыры//
Капош саркомасы//
+Базалиома//
Меланома//
Пигменттік невус
***
Науқас М, 30 жаста Клиникаға районннан жолдамамен тілінде құрылым барына шағымданып келді Құрылым бұрыннна бар 3 жылдай болған Дәрігерге қаралмаған. Объективті: сырт пішіні өзгеріссіз, жақасты лимфа бездері ұлғаймаған Ауызында тілдің сол жақ ұшына қарай экзофитті құрылым бар, айналасындағы тіндерге жабыспаған Айналасындағы шырышты қабықтан биіктеу, шекарасы анық, көлемі 0,5 см, сипап көргенде ауырмайды. Нақтама қойыңыз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, емдеу жолын таңдаңыз және дәлелдеңіз://
Ұрт фибромасы//
+Ұрт папиломасы//
Ұрт липомасы//
Ұрт аймағының ретенциялық кистасы//
Ұрт шырышты қабығының обыры
***
46 жасар ер кісі бетінің косметикалық ақауын шағымдап келді4 ай бұрын жарақат алған, емделмеген Тексеру барысында оң жақ көз асты аймағында тыртық анықталдыТөменгі қабақ тартылып, көздерін жұмғанда көзі аларып көрініп қалады. Сәйкес келетін диагноз қандай://
Логофтальм//
+Қабақтың тыртықтан айналып кетуі//
Сызықты келоидты тыртық//
Төменгі қабақтың тыртықты контрактурасы//
Төменгі қабақтың фиброзды контрурасы
***
Алтын қорытпасынан жасалған көпір тәрізді протезді дәнекерлеу үшін қолданылатын дәнекердің негізгі элементтері қандай://
+750 алтын қорытпасының сынамасы//
900 алтын қорытпасының сынамасы//
Күміс палладий қорытпасының 250 сынамасы//
Алтын қорытпасының 855 сынамасы//
Күміс-палладий қорытпасының 500 сынамасы
***
Металды пластмассалы синма-74, синма-М пластмассалары мен металл арасында қандай байланыс болады://
+Механикалық//
Химиялық//
Құрамдастырылған//
Диффузиялық//
Физикалық
***
Металды керамикалық және металды пластмассалық протез жасау үшін қандай ғаныштан мүсін құяды://
Табиғи ғаныштан//
Тез балқитын металдан//
+Суперғаныштан//
Кварцтан//
Медициналық ғаныштан
***
Металды керамикалық сауыттың металл қалпақшасын құйып, өңдегеннен кейін қалыңдығы қанша болуы керек://
1 мм//
0,5 мм//
+0,4 мм//
0,15 мм//
0,1 мм
***
Қос қабатты негіз дайындау үшін қолданылатын эластикалық пластмассаны атаңыз://
Фторакс, эстакрил//
Протакрил, редонт//
+Эладонт-100, ортосил – М//
Синма – 74, синма – М//
Ғаныш
***
Тіс тұқылындағы балауыздан мүсінделген қалпақшаның қалыңдығы қанша болу керек://
+ 0,2-0,3 мм//
0,4-0,5 мм//
0,1-0,5 мм//
2,5-3 мм//
1,5-2 мм
***
Мүсіндерді кюветаға ғаныштаудың қандай әдістері бар://
Tікелей, жанама, кері//
Жанама, құрама, әмбебап//
+Кері, тікелей, құрама//
Құрама, жанама, әмбебап//
Әмбебап, жанама, кері
***
900-сынамалы алтын қорытпасыныңбалқутемпературасы неге тең://
740 С//
810 С//
940 С//
990 С//
+1064 С
***
Дәнекерлеу үшін нені пайдаланады://
Қышқылды//
Сілтіні//
+Натрийдің тетра буратын//
Мырыш тотығын//
Магний тотығын
***
Көпір тәрізді протезді дәнекерлеуден кейін оны ағарту үшін қандай ерітінді пайдаланылады://
Азот қышқылы//
+Тұз қышқылы//
Спиртпен//
Күкірт қышқылы//
Сілті ерітіндісі
***
Күміс дәнекер қай температурада балқиды://
500 t°//
600 t°//
+680 t°//
850 t°//
700 t°
***
Тот баспайтын болаттан жасалған көпір тәрізді протездің тетіктерін дәнекерлегенде қандай дәнекер пайдаланылады://
Латун қосылған//
Палладий қосылған//
Никель қосылған//
Цитрин дәнекері//
+37 МЦ-күмісдәнекері
***
Жасанды сауытты қай пластмассадан жасайды://
Норакрил//
Акрилоксид//
Карбодент//
+Синма – М//
Фторакс
***
Алынбайтын металды керамикалық құрылымға қолданылатын қалыптық материал://
Стенс, зетаплюс, ғаныш//
Стомальгин, ғаныш, стенс//
+Дентофлекс, стоматофлекс, синдекс, зетаплюс//
Ғаныш, стенс//
Ғаныш, синдекс
***
Стоматологияда қолданылатын төмендегі материалдардың төмендегілерінің қайсысы пішіндегіш материалға жатады://
Гелин//
Формадент//
Пластик//
+Силамин//
Формалин
***
Мүсіндегіш балауызға қандай балауыз жатады://
+Салма тіске, көпірлі және доғалы жұмыстар жасауға арналған//
Құймалы және базисті балауыз//
Жабысқақ балауыз, түзетуші балауыз//
Жабысқақ балауыз, түзетуші балауыз, парафин//
Жабысқақ балауыз, түрлі-түсті балауыз
***
Болаттан жасалған сауыттың құрылымын аустениттік күйге келтіру үшін
термия шынықтыруды қай температурада жүргізеді://
1300 t//
1200 t//
1050 t//
+900 t//
800 t
***
Жоғарғы күрек тістермен төменгі тістер бір-бірімен түйіспеген тістем түрі қалай аталады://
Терең тістем//
Прогнатикалық тістем//
Прогениялық тістем//
Ортогнатикалық тістем//
+Ашық тістем
***
Рентгенография не үшін қолданылады://
Пульпит пен периодонтитті ажырату үшін//
Тіс пен пародонттың функциональді жағдайын анықтау үшін//
+Тіс қуысының топографиясын, тіс түбір өзегінің жағдайын анықтау үшін//
Пародонттағы микроциркуляцияны анықтау үшін//
Тістің қозғалғыштығын анықтау үшін
***
Сау тістің ұлпасы токтың қандай күшіне реакция береді://
1-2 мкА//
+2-6мкА//
6-10мкА//
10-15мкА//
15-20мкА
***
Жаңадан туылған нәрестенің қалыпты жағдайдағы төменгі жақсүйегінің орналасуы://
Латерогнатикалық//
+Ретрогнатикалық//
Макрогнатикалық//
Ортогнатикалық//
Прогнатикалық
***
Балаларда жұтынудың соматикалық типі мына жаста қалыптасады://
10 жастан кейін//
8 – 10 жас//
5 – 6 жас//
+3 – 4 жас//
1 жаста
***
Уақытша тістем мына жастарда қалыптасқан болып саналады://
Туғаннан 6 айға дейін//
6 айдан 2-2,5 жасқа дейін//
+2,5 жастан 4 жасқа дейін//
4 жастан 6 жасқа дейін//
6 жастан 8 жасқа дейін
***
Уақытша тістемнің алғашқы кезі мына жасқа сәйкес келеді://
1 жастан 3 жасқа дейін//
12 жастан 15 жасқа дейін//
9 жастан 12 жасқа дейін//
3 жастан 6 жасқа дейін//
+6 жастан 9 жасқа дейін
***
Бала 5 жаста Тілін сорудың нәтижесінде вертикальді күрек тістің дизокклюзия дамудa Аталған қандай емдеу әдістерінің қайсысын жүргізу лайықты://
Миогимнастика //
Протездеу //
Уақытша молярларды жұлу//
Массаж және алынбайтын ортодонтиялық аппараттар//
+Жағымсыз әдеттерді жою
***
Жасөспірім 15 жаста, алдыңғы тістерінің саңылаудың болуына шағымданады. Сырт қарағанда еріндері күшпен түйіседі, иегінде – оймақ симптомы. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында 3 мм вертикальді саңылау бар.
Аталған емдеу әдістерін бірінші жүргізу лайықты://
Күрек тістік жабылуды қалыптастыру//
Тістер қатарларының пішінін қалыптастыру//
+Тілдің орналасуын қалыптастыру//
Жоғарғы жақты кейту//
Молярларды дистализациялау
***
17 жастағы жеткіншек. Шағымы эстетикалық. Ауыз қуысын тексеру барысында жоғарғы тұрақты бірінші азу тісінің мезиальды-ұртты төмпешігі екінші премоляр және төменгі тұрақты бірінші азу тісінің мезиальды-ұртты төмпешігімен тістесу жағдайынд* Жоғарғы фронтальды тістер оральды бағытта бағытталған.
Төмендегі алғашқы диагнозлардан қайсысы ықтимал://
Энгль бойынша I класс//
Энгль бойыншаII класс 1 подкласс//
+Энгль бойынша II класс 2 подкласс//
Энгль бойынша III класс//
Энгль бойынша IV класс
***
Бала 9 жаста Кешенді зерттеудің негізінде диагноз қойылды: тістер қатарларының дизокклюзиясы. Тексергенде: жұтынғанда, сөйлегенде және физиологиялық тыныштықта тіл алдыңғы тістердің арасында орналасқан.
Аталған емдеу жоспарының қайсысы лайықты://
Төменгі жаққа кейтетін бұрандасы бар табақша//
Жоғарғы жаққа кейтетін бұрандасы бар табақша//
Бүйір аймақта окклюзиялық жапсырмасы бар және жоғарғы жаққа тілге арналған істігі бар табақша//
+Бүйір аймақта окклюзиялық жапсырмасы бар және жоғарғы жаққа тілге істігі бар табақша//
Аталған конструкцияның ешқайсысы
***
Бала 7 жаста Аузын сауықтырған соң мектеп стоматологымен бағытталған. Сырт қарағанда аздаған беттің асимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: аралас тістесудің бірінші жартысы, бүйір аймақта аздаған кері жабылу бар.
Науқасты жүргізу тактикасы қандай://
+Уақытша молярлардың төмпешіктерін егеу//
Қисық тартпасы бар иектік сақпан//
Жоғарғы тіс қатарын кейту//
Жағымсыз әдеттерді жою//
ЛОР-дәрігердің кеңесі
***
Балаға 8 жас Бет-әлпеті симметриялы, мезоцефальді түрі. Профилі – тік. Ауыз қуысын тексергенде: аралас тістесу, нейтральді окклюзия, жоғарғы тіс қатарының екіжақтық тарылуы.
Аталған емнің тактикасы қандай://
Ауыз қуысын сауықтыру//
+Кейткіш бұрандасы бар табақша//
Уақытша тістерді жұлу//
Брекет-система//
Рациональді протездеу
***
9 жастағы бала эстетикалық кемістике шағымданады. Бетин жанынан қарағанда дөңес, төменгі жақ артқа ығысқан, Эшлера-Битнер сынамасы оң. Емдеу үшін қандай ортодонтиялық құрылымды қолдану ыңғайлы://
Хургинаның ортодонтиялық құрылымы//
+Катцтың ортодонтиялық құрылымы//
Гуляеваның ортодонтиялық құрылымы//
Энглдің ортодонтиялық құрылымы//
Шварцтың ортодонтиялық құрылымы
***
Тер тістемде қандай жазықтық бойынша тіс қатарлары түйісуінің бұзылуы ықтимал://
Сагиттальды//
+Вертикальды//
Окклюзальды//
Туберальды//
Трансверзальды
***
Ашық тістемде қандай жазықтық бойынша тіс қатарлары түйісуінің бұзылуы ықтимал://
Туберальды//
Трансверзальды//
Окклюзальды//
Сагиттальды//
+Вертикальды
***
8 жастағы балада профилактикалық бақылауда иекасты бұлшықетінің гиперактивтілігі анықталған.
Қандай функцияның бұзылуы ықтимал://
Сөйлеу//
Тынысалу//
+Жұтыну//
Сору//
Шайнау
***
5 жастағы бала, биік жастықта ұйықтайды.
Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін://
Ортогнатикалық//
Айқасқан//
Дистальды//
+Мезиальды//
Ашық
***
6 жастағы бала Балалар бақшасындағы профилактикалық бақылауда екінші уақытша азу тістері және сүйір тістердің дистальды баспалдақпен орналасқандары анықталған.
Төмендегі диагноздардан қайсысы мүмкін://
Мезиальды тістем//
+Дистальды тістем//
Терең тістем//
Ашық тістем//
Айқасқан тістем
***
5 жастағы бала, биік жастықта ұйықтайды.
Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін://
Ортогнатикалық//
Айқасқан//
Дистальды//
+Мезиальды//
Ашық
***
13 жастағы жасөспірім. Ауыз қуысын тексеруде жоғарғы бірінші азу тісінің ұртты төмпешігінің төменгі осындай тістің алдында орналасқандығы анықталған.
Төменде көрсетілген диагноздардан қайсысы мүмкін://
Мезиальды тістем//
+Дистальды тістем//
Терең тістем//
Ашық тістем//
Айқасқан тістем
***
7 жастағы бала Анамнез алу барысында 85 және 75 тістердің периодонтиттің қабынуына байланысты жұлынғаны анықталған. Ортопантомограммада 45 және 35 тістер көрінбейді.
Төмендегі тістем түрлерінен қайсысының қалыптасуы мүмкін://
Ортогнатикалық//
+Терең//
Ашық//
Айқасқан//
Мезиальды
***
Қол сүйектерінің рентгенограммасы арқылы анықталады://
паспорттық жас//
календарлықжас//
биологиялық жас//
тіс жасы//
+сүйек жасы
***
Орташа жегінің клиникасын атаңыз://
Әр түрлі мөлшерлі эмаль беткейіндегі дақ//
Эмаль деңгейіндегі терең емес ақау, зондтағанда беті бұдырлы, зонд тіреліп қалады//
+Жегілік қуыс дентин деңгейінде, зондтағанда дентин-эмаль қосылысынан ауырсынады, перкуссиясы ауырсынбайды, ЭОД - 2-6 мкА//
Жегілік қуыс ұлпа маңы дентин деңгейінде, түбінен зондтағанда ауырсынады, температуралық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді реакция, перкуссиясы ауырсынбайды. ЭОД – 10-12 мкА//
Тіс қуысымен байланысқан терең жегілік қуыс
***
Мектепте жасындағы балаларда ең жиі кезедесетін қызылиек қабынуының қандайтүрі://
Жедел ойық-жаралы - өліеттенген қызылиек қабынуы//
Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы//
+Жедел катаральды қызылиек қабынуы//
Қызылиектің атрофиялық қабынуы//
Қызылиектің ошақты өсе қабынуы
***
Торусальды жансыздандыруда қай нервті блокадалайды://
Тіл және ұрт//
Ұрт және иек //
Тіл және иек//
Тіл және төменгі ұяшықтық//
+Тіл, ұрт және төменгі ұяшықтық
***
Торусальды жансыздандыруда қай нервті блокадалайды://
Тіл және ұрт//
Ұрт және иек//
Тіл және иек//
Тіл және төменгі ұяшықтық//
+Тіл, ұрт және төменгі ұяшықтық
***
9 жастағы баланың төменгі мен жоғары жағындағы тұрақты ортаңғы күрек тістер ақшыл дақтармен бірге жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасындағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған. Осы патологияда қандай емдеу тактикасы дұрыс://
Дәрумендер препараттарының кешенін тағайындау//
Тістерді депульпациялау//
ШИЦ-пен пломбылау//
Ағарту//
+Ремтерапия
***
9 жастағы баланың төменгі мен жоғары тұрақты ортаңғы күрек тістері ақшыл дақтармен жарып шықты. Қарап тексергенде: дақ беті тегіс, жылтыр, шекарасы айқын. Отбасыдағы қалған балаларда осы өзгерістер анықталмаған. Витальды бояу кезінде дақтардың түсі өзгермейді.
Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген дұрыс://
Жарақаттық зақымданумен//
Жетілмеген амелогенезбен//
+Флюороз, дақты түрімен//
Тістің қатты тіндерінің эрозиясымен//
Бастапқы тіс жегімен
***
14 жастағы бала тіс қажалуына шағымданып келді. Объективті көрініс: тістер сулы-сұр түсті, жылтыр. Жоғарғы күрек тістер кіреукесі жұқарған, оңай шытынайды, кесу қырлары өткір. Төменгі күрек тістердің сауыты 1/3 биіктікке қажалған, дентині ашылған, тегіс, күңгірт қоңыр түсті.
Осы жағдайда науқасқа байланысты қандай ем тактикасы қолданылад://
+Ақауларды композициялық материалдармен қалпына келтіру//
Витамин препараттарының кешенін тағайындау//
Бұзылған тістердің ұлпасын алу//
Міндетті түрде протездеу//
Ағарту терапиясы
***
12 жасар бала ас қабылдағандағы ауру сезіміне, бастың ауруына, бұлшық еттер мен буындарындағы ауру сезіміне, дене қызуының 39
ОС көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде тұлға мен қол терілерінде «кокард» түріндегі бөртпелер бар. Ерін, ұрт шырышты қабатында күлбіреуіктер мен жаралар. Еріндерінде қанды қабыршақ.
Төменде берілген себепші факторлардың қайсысы зерттеушілермен қаралып, мүмкін болып табылады://
+Инфекциялы-аллергиялық//
Саңырауқұлақты//
Бактериальді//
Жарақаттық//
Вирусты
***
Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған.
Төменде аталған болжамды нақтаманың қайсысы дұрыс://
Гипоплазия, сайлы түрі//
+Гипоплазия, эрозиялы түрі// Гипоплазия, толқынды түрі//
Гипоплазия, дақты түрі//
Флюороз, дақты түрі
***
Балалар стоматологиялық емханасына 13 жастағы бала санация мақсатымен қаралды. Қарап тексергенде: жоғарғы күрек тістердің кіреберіс бетінде көлемі мен тереңдігі әртүрлі, дөңгелек және сопақ пішінді шұңқырлар бар, табаны мен қабырғалары тегіс, кіреукесі жұқарған. Төменде аталған пломбылық материалдардың қайсысын эстетикалық көрсеткіштер бойынша қолданған дұрыс://
Химиялық қатаятын композиттік материалдар//
+Сәулемен қатаятын композиттік материалдар//
Эпоксидті пломбылық материалдар//
Толықтырылмаған полимерлік материалдар//
Силикатфосфатты цементтер
***
Балалар емханасына 12 жастағы бала тістеріндегі эстетикалық ақауларға шағымданып келді. Объективті: орталық күрек тістердің сауыттарының ½ бөлігі сақталған, сулы-сұр түсті, дентині ашылған. Рентгенограммада: тіс қуысы мен түбір өзектерінің облитерациясы, түбір ұшында гиперцементоз көріністері және сүйек тінінің ыдырау ошақтары.
Осы ауруға төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы сәйкес://
Тістерін жұлу//
Ағарту емі//
+Ремтерапия, реставрация//
Бұзылған тістердің ұлпасын алу//
Дәрумен препараттарының кешенін тағайындау
***
12 жастағы жасөспірім емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Кешенді тексергеннен кейін дәрігер-стоматолог нақтама қойды: 1.4 тістегі сына тәрізді ақау. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы дұрыс://
Ақауды герметизациялау//
Цементпен пломбылау//
+Ремтерапия, пломбылау//
Металлокерамиалық сауытпен қаптау//
10% кальций глюконаты ерітіндісімен аппликациялау
***
Емханаға 14 жастағы жасөспірім тістеріндегі эстетикалық ақауға шағымданып келді. Дәрігер-стоматолог қарап тексергенде 1.4, 2.4 тістерінен сына тәрізді ақауды анықтады.
Қандай аурулармен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет://
Беткей тісжегімен//
+Кіреуке эрозиясымен//
Гипоплазиямен//
Флюорозбен//
Аплазиямен
***
5 жасар балаға 7.5 тістің жедел іріңді периоститі нақтамасы қойылды. Қандай жансыздандыру жүргізген неғұрлым дұрыс://
Инфильтрациялық жансыздандыру//
+Мандибулярлы жансыздандыру//
Иектік жансыздандыру//
Орталық жансыздандыру //
Туберальды жансыздандыру
***
Дәрігер 7 жастағы баланың, сауыты толық бұзылған 7.4 тісін ұлпа қабынуы бойынша емдеуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, мандибулярлы жансыздандыруды қолдану жоспарлануда. Балаға мандибулярлы жансыздандыру жасағанда иненің енетін жерін көрсетіңіз://
Жоғарғы азу тістердің шайнау беті деңгейінде қанатша-жақ қатпарының шырышты қабатына//
Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды//
Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды//
+Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан латеральды, төменгі азу тістердің шайнау беті деңгейінде//
Қанатша-жақ қатпары шырышты қабатынан медиальды, жоғарғы және төменгі азу тістердің ортасынан
***
Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында церебральды параличі бар 9 жасар баланы әкелді. Белсенді қарсылық көрсетеді. Қарап тексергенде тісжегінің декомпенсирленген түрі анықталды: емделетін 10 тіс және жұлынатын жалпы 2 тіс бар. Баланың тістерін емдеуге жансыздандырудың қандай түрі көрсеткіш://
Инфильтрациялық жансыздандыру//
Аппликациялық жансыздандыру//
Өткізгіштік жансыздандыру//
+Жалпы жансыздандыру//
Аудиоанестезия//
***
Баланың үстіңгі жақта тістерін жұлғанда жансыздандырудың қандай түрлері көрсеткіш://
Вестибулярлы жақтан аппликациялық жансыздандыру және таңдай жақтан инфильтрациялық жансыздандыру//
+Вестибулярлы және таңдай жақтан инфильтрациялық жансыздандыру//
Вестибулярлы және таңдай жақтан өткізгіштікжансыздандыру//
Вестибулярлы жақтан инфильтрациялық жансыздандыру және таңдай жақтан аппликациялық жансыздандыру//
Вестибулярлы жақтан аппликациялық жансыздандыру және таңдай жақтан
өткізгіштік жансыздандыру
***
Балалар стоматологиялық емханасында баланың тісін жұлу мақсатында лидокаинмен жергілікті жансыздандыру жүргізілді. Осыдан кейін науқастың түрі бірден бозарып кетті, жалпы әлсіздікті сезінді, аяқ-қолдары суып, есінен танды, тамыр соғысы әлсіз, жиілеген. Науқаста қандай асқыну дамыды://
+Анафилактикалық шок//
Квинке ісінуі//
Асфиксия//
Естен тану//
Коллапс
***
9 жасар балаға, 5.5 тістен болған одонтогенді қабыну кистасы бойынша амбулаторлы жағдайда цистотомия операциясы жүргізілген. Кешке қарай балада диплопия көріністері байқалды. Балаға қандай жансыздандыру жүргізілген және асқынудың пайда болу себебі қандай://
Инені терең енгізіп күрек тістік жансыздандыру жүргізілген//
+Инені терең енгізіп туберальды жансыздандыру жүргізілген//
Анестетикті көп мөлшерде енгізіп сүйек ішілік жансыздандыру жүргізілген//
Анестетикті шатастырып аппликациялық жансыздандыру жүргізілген//
Анестетикті көп мөлшерде енгізіп инфраорбитальды жансыздандыру жүргізілген
***
4 жастағы баладан периодонттың созылмалы қабынуының өршуі мен 8.4 тіс сауытының толық бұзылуы анықталды. Дәрігер сол тісті жұлуға шешім қабылдады.
Осы әрекетті жүргізуге жансыздандырудың қандай әдісі көрсеткіш://
+Мандибулярлы және инфильтрациялық/
Инфильтрациялық және торусальды//
Туберальды және инфильтрациялық//
Иектік және таңдайлық//
Торусальды және күрек тістік
***
Төменгі жақ тіс қатарының екі жақты шеткі ақауын Кеннеди жіктелуі бойынша көрсетіңіз?//
ІІ класс//
ІІІ класс//
ІV класс//
+ І класс//
V класс
***
Аттачмендерді протез бекітілуінің қай түріне жатқызады://
физикалық//
+механикалық //
химиялық//
биологиялық//
аралас
***
Науқастың 2.3 тісінің сауыт бөлімі бұзылған. Тістің окклюзиялық бетінің бұзылу индексі (ТОББИ) > 0,7. Терең тістем. Штифті тістің қай құрылымын ұсынасыз?//
Ричмонд бойынша штифті тіс//
қарапайым штифті тіс//
+толыққұйылған штифті тіс//
тұқылды сауыт//
Тұқылды штифті салма
***
25 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына үнемі пломбаның түсе беретініне шағымданып қаралды. Тексеру кезінде 2.6 тісте тіс сауытының 1/3 бөлігі бұзылған, тіс пломбаланған, антагонист тістермен түйіспейді. Дәрігер 1-клиникалық кезеңде 2.6 тісті егеп, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық үлгі алды. 2.6 тіске металл штампталған сауыт жасалды. Сауытты өлшеп тексеруде сауыт окклюзияны көтеріп тұр. Қай кезеңде қателік жіберілді, тістем неге көтерілді?//
1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген//
1-лабораториялық кезең, сауыт дұрыс штампталмаған//
+1-клиникалық кезең, қалып дұрыс алынбаған//
1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген//
1- лабораториялық кезең, модель дұрыс алынбаған
***
3.7 тіске металл штампталған сауытты өлшеу кезінде, сауыт окклюзияда кедергі жасады. Тіс цилиндр пішінде егелген, окклюзиялық беті мен антагонист тістер арасында 0,2 мм қалыңдықта горизонтальды саңылау бар. Көрші тістер арасынан зонд емін-еркін өтеді. Қай кезеңде, қандай қателік жіберілген?//
1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген//
2-клиникалық кезең, орталық окклюзия дұрыс анықталмаған//
1-лабораториялық кезең, қалып дұрыс алынбаған//
+ 1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген//
1-лабораториялық кезең, тістің клиникалық мойны дұрыс анықталмаған
***
Металлокерамикалық сауыт дайындаудың 2-клиникалық кезеңінде металл қаңқа тіс тұқылына жеңіл орнатылады, саты бойымен дұрыс орналасқан, антагонист – тістермен окклюзия аралық саңылау 0,5 мм, металл қалпақшаның қалыңдығы 0,8 мм тең. Қандай асқыну болуы мүмкін?//
сауыт цементтен босап, түсіп қалады//
сауыт нашар бекиді//
+керамикалық массаның сынып кетеді//
сауыттың эстетикалық ақауы болады//
металл қалпақша тесіліп қалады
***
Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 1.1,2.1 және 2.7 тістер болатын металлокерамикалы көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?//
Дұрыс – көпіртектес протез шайнау қысымын толығымен қалыптастырады//
Дұрыс емес – тірек тістер ұлпасы алынбаған//
+ Дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі//
Дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді//
Дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз
***
50 жастағы науқас 1.2,1.1,2.1,2.2 тістерінің болмауына шағымданып, көпірлі протез жасауды сұрайды. Пластмассалы фасеткалы металл құрама көпірлі протезді тапсыру кезеңінде протезді тірек тістерге отырғызған соң, фасетка альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына тығыз жанасып жатқанын анықтады. Орталық окклюзия жағдайында фасеткадағы жоғарғы күрек тістер ғана түйіседі, ал басқа тістер түйіспейді. 1.3 тістің сауыты мен аралық бөлімнің арасындағы дәнекер қызыл иек емізікшесіне тиіп тұр, протезге түзетулер жасаған соң дәрігер висфат-цементпен тіске бекітті. Қандай түзету жүргізу қажет болды?//
қызыл иек емізікшесін дәнекерден босатып және көпірлі протезді тереңірек енгізу//
қызыл иек емізікшесін көпірлі протездің аралық бөлімінен босату//
+дәнекерді қызыл иек емізікшесінен босатып және фасетканың түйісу аймағын алу//
фасетка мен дәнекерді қызыл иек емізікшесінен ашып, тірек тістерді қосымша егеу//
бұл жағдайда көпірлі протезге түзету жасалмайды, қайтадан жасау қажет
***
47 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына төменгі жақтағы тістерінің болмауына шағымданып қаралды. Тістері 5 жыл бұрын кариестің асқынуынан жұлынған. Тістері төзімді.
Тіс қатарының формуласы: 8765432112345678
00
Диагноз қойыңыз? Ең тиімді протез конструкциясын таңдаңыз//
Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металды көпірлі протез//
Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2 класс, металды керамикалы көпірлі протез//
+Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металды керамикалы көпірлі протез//
Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4 класс, пластмассадан құрама көпірлі протез//
Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, пластмассалы көпірлі протез
***
Бүйірлі тістердің ІІ дәрежелі патологиялық желінуі кезінде, оларға металл штампталған сауыт қолдану тиімді ме, неге?//
тиімді, өйткені металл штампталған сауыт қалыңдығы тістемді қалыптастырады//
+тиімді емес, өйткені сауыт қырымен маргинальді пародонтты жарақатуына байланысты асқынулар болуы мүмкін//
тиімді емес, өйткені бүйірлі бөлімде желінген тістердің анатомиялық пішінін қалыптастыра алмайды//
тиімді, өйткені желінген тістер мен сауыттың окклюзиялық беті арасындағы цементтің қалаң қабаты сауыт қырының қызыл иекке қарай жылжуын болдырмайды//
тиімді емес, өйткені металл штампталған сауыттың қалыңдығы тістемді қалыптастыруға жеткіліксіз
***
Науқаста тіссіз жоғарғы жақ. Альвеолярлы өскіннің атрофиясы орташа дәрежелі, бұдыры аз айқындалған, таңдай тереңдігі орташа, торусы айқын. Диагноз қойыңыз?//
толық екіншілік адентия, Оксман бойынша І – тип//
+толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІІ- тип//
толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІІІ- тип//
толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІV- тип//
толық екіншілік адентия, Оксман бойынша V- тип
***
Науқастың төменгі жағына жеке дара қасықты Гербст сынамасы бойынша өлшеп тексеру кезеңі. Жұтыну сәтінде жеке дара қасық төменгі жақтан ығысады, сіздің іс-әрекетіңіз?//
+қасықтың бұдыр артынан жақ-тіл асты сызығына дейінгі жер бөлігін қысқарту қажет//
бұл кезде қасықтың бүйір аймағының вестибулярлы қырын қысқартады//
қасықтың алдыңғы аймағының вестибулярлы қырын қысқартады//
қасықты жақ-тіл асты сызығының бойымен қысқартады//
қасықты иттістер аралығының вестибулярлы жағынан қысқартады
***
3-ші клиникалық кезеңде протездің балауыз конструкциясын ауыз қуысына енгізіп, орталық окклюзия жағдайында алдыңғы тістер арасында саңылаудың пайда болғаны анықталды, төменгі жақты алдыға жылжытқанда тістер барлық тіс доғасында жақсы түйіседі. Қай кезеңде қателік жіберілді, неліктен?//
2-клиникалық кезең, орталық окклюзияны анықтауда бүйірлі окклюзия бекітілген//
2-лабораториялық кезең, жасанды тістерді дұрыс орнатпау//
2-лабораториялық кезең, модельдер окклюдаторға дұрыс бекітілмеген//
+2-клиникалық кезең, орталық окклюзияны анықтауда алдыңғы окклюзия бекітілген//
2-клиникалық кезең, протездің балауыз конструкциясының көлемі өзгерген
***
Науқастың төменгі жағында тіс қатарының екі жақты шеткі ақауы бар
Тіс қатарының формуласы : 00004321 / 12340000
3.4 және 4.4 тістерге ұстап тұратын кламмері бар жартылай алмалы пластиналы протез дайындалған. Кламмерлі бекітілудің қай түрі көрсетілген?//
+трансверзальді//
көлденең//
нүктелі//
сагитальді//
диагональді
***
Науқастың диагнозы: «Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3-класс». Емдеу жоспары: тірегі 3.7 және 3.3 тістер болатын құралмалы көпірлі протез. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көріністі көруге болады?//
тірек тістердің қозғалғыштығы//
тіс қатарының шеткі ақауы//
+ақауды шектеп тұрған тістердің үлкен конвергенциясы//
тіс қатары ақауының аумақтылығы//
терең тістесу
***
Диагноз қойып, Агапов бойынша шайнау тиімділігін анықтаңыз?
0 0 000
Тіс қатарының формуласы: 87654321 / 12345678//
+Кеннеди бойынша ІІІ класс, ІV подкласс, 60 %//
Кеннеди бойынша ІІ класс, ІІІ подкласс, 40 %//
Кеннеди бойынша І класс, ІІІ подкласс, 50 %//
Кеннеди бойынша ІІІ класс, V подкласс, 60 %//
Кеннеди бойынша ІІІ класс, ІV подкласс, 40 %
***
Тіс тұқылының пішіні цилиндр тәріздес, клиникалық экватор деңгейінде тістің клиникалық мойнының диаметрі тістің диаметріне сәйкес келеді. Бірақ қосымша егеген кезде вестибулярлы бетіне конус пішіні берілген, қызылиек деңгейінде саты жасалынған және тістесуде антагонист тістердің ара қашықтығы 1,5 – 2,0мм. Берілген тіс қандай жасанды сауыт үшін егелген.//
металды сауыт (штампталған) үшін//
пластмассалы сауыт үшін//
+аралас сауыт үшін//
экваторлы сауыт үшін//
алтыннан жасалынған сауыт үшін
***
Науқасқа штампталып-дәнекерленген көпіртектес протез жасалған. Протез аймағындағы қызыл иек қызарған, ісінген. Сауыт қырларын зондпен тексергенде қыры анықталмайды. Қай кезеңде қателік жіберілген?//
1-клиникалық кезеңде//
1-лабораториялық кезеңде//
2-клиникалық кезеңде//
2-лабораториялық кезеңде//
+3-клиникалық кезеңде
***
Науқас 32 жаста, ортопедиялық стоматология клиникасына 11 тіс маңының ауыруына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде қатты тіндердің патологиясы анықталмады. Анамнезінде механикалық жарақаттың болғанын айтады. Қандай тексеру әдісін жүргізу қажет?//
мастикациография//
одонтопародонтограмма//
+рентгенография//
реография//
миография
***
Науқас С., 37 жаста, протездеу мақсатында қаралды. Объективті: беттің төменгі бөлігінің биіктігі өзгермеген. Ауыз қуысының шырышты қабаты бозғыл-қызыл түсті.
Тіс формуласы: 870054321/12345678. Диагноз қойыңыз?//
Кеннеди бойынша 1- класс.//
Кеннеди бойынша 2- класс.//
+Кеннеди бойынша 3- класс.//
Кеннеди бойынша 4- класс.//
Кеннеди бойынша 5- класс.
***
«Crown down» әдісімен түбір өзектерін өңдеу дегеніміз://
+Түбір өзегін өзек сағасынан түбір өзегі ұшына қарай кеңейту//
Түбір өзегін түбір өзегі ұшынан өзек сағасына қарай кеңейту//
Сағат тілі бағытымен предентинді алу//
Сағат тілі бағытына қарсы предентинді алу//
Түбір өзегін түбір ұшынан жоғары қарай кеңейту
***
Түбір өзегі сағасын кеңейтуге арналған аспаптар://
Плаггер//
+Гейтс-глидден//
Спредер//
Ример//
Верификатор
***
Eр адам 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт-қызыл түсті, қатты ауыратын, шеттерінде көпіршіктің қалдықтары сақталған эрозиялар. Шынтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
Созылмалы қайталамалы стоматит//
Көптүрлі экссудативті эритема//
+Вульгарлы күлдіреуік//
Қызыл жалпақ теміреткі//
Жүйелі қызыл жегі
***
45 жастағы ер адам еріндегі әсіресе оны жапқан кездегі ауыру мен күйдіру сезімдеріне, тағам қабылдау мен сөйлеудің қиындауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарағанда: еріннің қызыл жиегі сұр-сары түсті қабыршықпен жабылған,бұл кезде тек еріннің Клейна сызығынан ортасына дейінгі бөлігі ғана зақымданады. Кейбір жерлерде қабыршық алжапқыш тәрізді еріннен түсіп тұрады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
Аконтолитикалық күлдіреуік//
+Эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі//
Қызыл жегі//
Гландулярлы хейлит//
Қызыл жалпақ теміреткі
***
25 жастағы ер адам тістен нашар иістің шығуына шағымданады. Анамнезі бойынша: тіс бұрын қатты ауырған, ыстық тағам ішкенде ұзаққа созылатын ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде 2.6 тістің сауытының түсі өзгерген, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, ал терең шұқығанда ауырады. ЭОД-80 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері бойынша қай ауруға тән деп ойлайсыз://
+Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды периодонтит//
Созылмалы фиброзды пульпит//
Созылмалы гранулденген периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит
***
29 жастағы науқас тамақ ішу кезіндегі 3.6 тістегі ауырсынуға шағымданып келген. Тістегі терең кариозды қуыс тіс қуысымен жалғасқан, ұлпа мүйізі ашылған. Оны зондтап шұқығанда күрт ауырсынады, ұлпа қанайды. ЭОМ 40 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз://
Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//
Жедел ошақты пульпит//
+Созылмалы фиброзды пульпит//
Созылмалы гипертрофиялық пульпит
***
47 жастағы ер адам дәрігерге профилактикалық қаралу мақсатында келген. Анамнезінде: науқас ыстық және ащы тағамды қабылдағанды өте жақсы көреді. Қарағанда: ұрттың шырышты қабығындағы тістердің қабысу сызығында жәңе астыңғы еріннің қызыл жиегінде әртүрлі пішінді және көлемді гиперкератоз ошағы бар, ол қоршаған бөліктердің шырышты қабығы деңгейінен көтерілмейді, бірақ шекарасы анық, ақ қақпен жабылған сияқты, қатты қырғанның өзінде алынбайды. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
+Лейкоплакияның жалпақ түрі//
Қызыл жегінің типтік түрі//
Лейкоплакияның веррукозды түрі//
Папулезді мерез//
Гиперпластикалық кандидоз
***
Диаметрі 1-3 мм төмпешіктер, ошақ ортасына топталған, бұзылып тегіс емес жаралар түзеді, беткейі сәл қансырайды. «Алмалы дірілдеуік (желе)» симптомы және зондпен сынама оң. Келтірілген клиникалық белгілер қай ауруға тән деп ойлайсыз://
Қызыл жалпақ теміреткі//
Екіншілік рецидивті мерез//
Үшіншілік мерез //
Лейкоплакия//
+Туберкулезді жегі
***
50 жастағы ер адам үстіңгі жақтың сол жағындағы тісінің ыңғайсыз сезімнің болуына шағымданып келді. Қарағанда: 2.7 тістің түсі өзгерген, медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен жалғасатын терең кариес қуысы көрінеді. Перкуссияда тіс ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы сілемейлі қабық көгілдір түсті, жыланкөзден қалған тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбір ұшы аймағында көлемі 4 мм-ге дейінгі пішіні тегіс емес сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз://
Созылмалы фиброзды периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит//
+Созылмалы гранулденген периодонтит//
Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпит
***
35 жастағы әйел адам еріннің үлкейіп ыңғайсыздық туғызатынына, жалпы бетінің ісінуіне шағымданады. Жарты сағат бұрын науқастың тіс тасын алып, пародонт қалталарды медикаментозы өңдеп, қызыл иегіне метрагил-дента гелімен аппликация жасалды. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі еріннің және ұрттың шектелген ісінуі. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
+Квинкенің ангионевротикалық ісінуі//
Аллергиялық жанаспалы хейлит//
Десквамативті хейлит//
Эксфолиативті хейлит//
Гландулярлы хейлит
***
Тісті щеткамен тазалағанда және тамақ ішкенде қызыл иектің қанағыштығына, қызыл иек бүртіктерінің өсуіне шағымданады. Объективті: тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін тіс бүртіктерінің ұлғаюы анықталады, тигенде оңай қанайды. Қызыл иек бүртіктері көгілдір түсті. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
Жаралы гингивит//
Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//
+Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//
Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі//
Жайылмалы катаральды гингивит
***
Тіс дәрігері 22 жастағы науқасқа тексеру барысында, 2.5 тістің созылмалы ұлпа қабыну диагнозын қойды. Емдеу үшін жартылай жансыздандыру жасады, тіс қуысын егеп тазалады, ұлпа мүйізіне күшәлә сықпасын қалдырып, уақытша пломба қойды. Бір күннен кейін уақытша пломбаны алып, тістің сауытты және түбір ұлпасын алды. Аспаптармен және дәрі-дәрмектермен өңдеп, өзекті пломбалады. Содан соң аралық және тұрақты пломба қойды.
Дәрігер ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://
+Девитальды экстирпация//
Витальды ампутация//
Консервативті//
Девитальды ампутация//
Витальды экстирпация
***
49 жастағы науқас емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Тексеру барысында 1.5 тістің дистальді бетінде тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды. Суыққа жауап жоқ. Рентген суретте 1.5 тістің периодонтальді саңылауы түбір ұшында кеңейген. Осы ауру кезіндегі ЭОМ көрсеткіші://
20-30 мкА//
+100 мкА жоғары//
30-40 мкА//
40-60 мкА//
60-80 мкА
***
20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен-бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы ауру кезіндегі емдік шаралар ретінде қолданылады://
Профилактикалық тексеру//
Гигиенаға үйрету//
Форқұрамды препарттарды қабылдау//
В витаминіне бай тағам қабылдау//
+Су көзін ауыстыру
***
Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 3.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс мойын аймағында орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://
Консервативті әдіс//
+Витальді экстирпация//
Витальді ампутация//
Девитальді ампутация//
Девитальді экстирпация
***
Науқас А, 55 жаста, жоғарғы жақ алдыңғы бөлігіндегі тістердің арасының ашылуына шағымданады. Эстетикалық ақау. Өзін сау деп санайды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек кілегейі ақшыл- қызыл түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалталары жоқ. Тістері берік, 1.1, 2.1 тістер аймағында 5 мм-лі диастема, 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің арасы желдеткіш тәрізді иіліп ашылған. Тістесуі терең. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://
Формалинді сынама жүргізу//
Гигиеналық индекстерді анықтау//
Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу//
+Рентгенография//
Пародонтальды индексті анықтау
***
Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 4.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс шайнау бетінде орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://
+Консервативті әдіс//
Витальді экстирпация//
Витальді ампутация//
Девитальді ампутация//
Девитальді экстирпация
***
Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде-жара, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы пальпацияда ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет://
Гемагглютинация реакциясы//
Манту реакциясы//
+Вассерман реакциясы//
Лейкоциттер агломерация реакциясы//
Лейкоцитолиз реакциясы
***
Тіс дәрігері 4.7 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін, егеп тазалады, тіс қуысын ашып сауыт және түбір ұлпасын алды (өтетін өзектері дистальды, медиальды-ұрттық,) өтпейтін өзекке мумификация жасалды (медиальды-тілдік өзекке), медикаментозды, инструментальды өңделіп, өзектерді пломбылап, аралық төсем, тұрақты пломбы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://
Девитальды экстирпация//
Витальды ампутация//
Консервативті//
+Аралас//
Витальды экстирпация
***
Ұлпа қабынуын емдеуде тіс дәрігері түбір өзектерін пломбылау үшін силер және гуттаперча штифтерді қолданды, спредердің көмегімен әрбір штифтке орын қалдырып, оларды кезекпен енгізді. Бұл түбір өзектерін обтурациялау әдісінің қандай түрі://
Термафил//
Квик фил//
Тік конденсация//
Бір штифті//
+Латеральды конденсация
***
Ауыз қуысы түбінің жоғарғы шекарасы://
тіл//
тіл иектік бұлшық ет//
тіл асты сілекей безі//
+ауыз қуысы кілегей қабаты//
меншікті ауыз қуысы
***
Жақ сүйегі сынықтарының рентген көрінісі сипатталады://
склерозды ошақтардың болуы//
диструкция//
+сүйектің бүтінділігінің бұзылуы//
сүйек тіндерінің тітіркенуі//
сүйек тіндерінде сэквестрлердің болуы
***
Талықсудың негізінде жатады://
жүрек-қантамыр жетіспеушілігі//
қан қысымының төмендеуі//
жүрек тамырларының рефлекторлы тарылуы//
+бас ми тамырларының рефлекторлы тарылуы//
бас ми тамырларының рефлекторлы кенейуі
***
Тубералды анестезиясы нәтежесінде жансызданатын тістер://
18,47,16 және 26,27,29//
18 және 28//
15,14 және 24,25//
17,16,15,14 және 24,25,26,27,28//
+18,17,16 және 26,27,28
***
Тіс жұлу операциясы кезінде науқаста қозу пайда болған, көзі козғалмай, көз қарашығы ұлғайған, тері түсі ағарған, демі беткей, қан қысымының жылдам түсуі байқалған. Анағұрлым дамитын асқыну түрі://
естен тану//
+коллапс//
анафилактикалық шок//
жарақатты шок//
геморрагиялық шок
***
Науқас Ж., төменгі жағының сол жақ қызыл иегінде іріңнің болуы, ыстық немесе салқын тағам қабылдағанда төменгі жақ тістерінің сезімталдығына, қанағыштына шағымданып келді. Анамнезінен: ауруына 2-3 ай болған, көмек сұрап келмеген, жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: сырттай өзгеріссіз. Ауыз қуысында: 36 тіс қызыл иегі аймағында дөңгелек пішінді жана түзіліс пайда болған, қуысты, сұйықтан тұрады, саусақпен сипалау ауру сезімін тудырады, флюктуация симптомы оң. Айтарлықтай қызыл иек асты және үсті
тіс қақтары бар, қызыл иегін түрткенде тез қанайды. Болжамалы диагноз://
Абсцесс//
Флегмона//
Шиқан//
+Пародонтальды абсцесс//
Эпулис
***
Науқас 32 жаста, ауызын ашқанда төменгі жақтың сол жақ бұрышы аймағының тұрақты ауырсынуына стоматологиялық емханаға шағымданып келді. 2 тәулік бұрын жұдырықпен бетіне соққы алған, есінен танған. Күш түсіру симптомы оң, сүйек сынықтарының патологиялық қозғалуы көрінеді, ауыз 2 см ашылады, тістесу бұзылған. Төменгі жақтың сол жағында 3.8 тіс аралығындағы кілегей қабаты жыртылған. Болжамалы диагноз://
+төменгі жақтың сол жағының ашық ангулярлы сынығы//
төменгі жақтың сол жағының ашық ментальды сынығы//
сол жақ буын өсіндісінің сынуы//
сол жақтың тәждік өсіндісінің сынуы//
төменгі жақтың сол жағының жабық ангулярлы сынығы
***
Науқастың құлақ маңы аймағы томпайған, ауырсыну, теріде гиперемия байқалады. Ауырсыну әсерінен шайнау кезінде қиналады. Болжамалы диагноз://
ұрт аймағының флегмонасы//
+құлақ маңы шайнау аймағының флегмонасы//
самай флегмонасы//
бет флегмонасы//
төменгі жақ флегмонасы
***
Науқас отау болған аймақта сыздап ауру сезіміне, аузын жапқанда үдемелі ауру сезіміне, ас қабылдағанда ауру сезімдеріне шағымданады. Ауру сезімі ота, жасаған орны 1,5-2 сағаттан кейін аура бастайтынын айтты. Сырттай тексеріп көрген кезде бет- әлпеті симметриялы, жақасты лимфа түйіндерінде ауру сезімі бар. Аузы еркін ашылады аурусынусыз. 38 тістің ұяшығы ұйыған қанға толы. 37-тіс интактты, тісті ұрып тексергенде ауырады. Болжамалы диагноз://
ұяшық жүйесінің невриті//
+37-тісте периодонт жарақаты мен 38 тіс альвеолиті//
тіс жегінің асқынуы//
төменгі жақтың сынуы//
төменгі жақ буынының шығып кетуі
***
Науқас Б. 29 жас. Тіс дәрігеріне келгенде шағымы аузының ашылуының шектелуі, төменгі сол жақ тісінде ауру сезімі бар.Қарап тексеріп көрген кезде: 38 тісітің дистальді және шайнау беті ісінген, қызарған, тісті ұрып тексергенде ауырсынусыз. Рентген көрінісінде ретромоляр аймағында ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Болжамалы диагноз://
38 тісте созылмалы периодонтит//
+38 тісітің қиналып шығуы, перикоронарит асқынуы//
38 тісте жедел ұлпа қабынуы//
38 тісте жедел іріңді периостит//
38 тісте жедел периодонтит
***
Науқас А., 40 жаста. 2.6 – шы тісін жұлғаннан 3 күннен кейін аузын шайғанда
сұйықтықтың мұрын қуысына өтуін байқаған. Болжамалы диагноз://
Жедел іріңді гайморит//
Жедел токсикалық гайморит//
+Гаймор қуысының жедел перфорация//
Гаймор қуысының созылмалы перфорация//
Мұрын түбінің жедел перфорация
***
Науқас Н., 46 жаста. Жақ-бет бөліміне төменгі жақтың сол бөлігінде ауырсынудың болуына, ұрт аймағының ісінуіне және ауыз қуысының ашылуының шектелуіне шағымданып түскен. Объективті – бет әлпеті асимметриялы ұрт аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен. Ісік үсті тері өзгеріссіз. Ауыз қуысының ашылуы шектеулі. Контрактура 2-ші дәрежелі. 4.8 тістің медиальды бұдыры ғана көрінеді. Дистальды бұдыры шырышты қабығы астында. Пальпация жасағанда шырышты қабықтан іріңді бөлініс байқалады.Ретромолярлы кеңістіктің шырышты қабығы қызарған, ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынбалы. Болжамалы диагноз://
Жедел катаральды перикоронориті//
+Жедел іріңді перикоронориті//
Моляр арты периоститі//
Ұрт аймағының абсцессі//
Қанатша төменгі жақ қатпарының абсцессі
***
Науқастың ұртының сол бөлігі домбыққан. Ісік үсті тері өзгермеген. Қатпарға
жиырылады. Ауыз қуысында өтпелі қатпар 2.5, 2.6, 2.7 тістер аймағында тегістелген, қызарған. Пальпация жасағанда флюктуация анықталады. 2.6-шы тіс сауытының 1/3бөлігі бұзылған, перкуссия оң, Қозғалмалығы 2-ші дәрежелі. Болжамалы диагноз://
Жоғарғы жақтың шектелген остеомиелиті 2.6 тістен.//
Созылмады периодонтиттің өршуі//
Жедел іріңді периодонтит//
+Жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі 2.6 тістен//
Ұрт аймағының абсцессі
***
Науқас 30 жаста. Төменгі ерін аймағында 2 ай бұрын жазылмайтын жараның пайда болғанын шағымдайды. Қарап тексергенде еріннің қызыл жиегінде- сопақша пішінді, көлемі-=2,5см, тіндер асты қабаты ақауы анықталынады. Жараның шеті тегіс емес, түбі ластанған. Сипап тексергенде жара жараның айналасындағы тіндер тығыздалған, ауырсынбайды. Болжамалы диагноз://
туберкулез//
Боуэн ауруы//
+төмеңгі ерін обыры//
мерез//
кератоакантома
***
23 жасар науқас А., жол танспорттық апаттынан кейін жедел жәдем көмегімен жеткізіліп бет-жақ хиругиясына шұғыл ретте жатқызылған, шағымдары бетінің ауыру сезімі, ісуі, ауызын шектеулі ашуы. Бас ауру және бас айналу, лоқсу мен құсу. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Екі жақтық пароорбитальды гематомасы. Диагностикалық қарауда: басты игенде мұрыннан сұйықтық ағуының күшеюі байқалады. Болжамалы диагноз://
+Ле-фор I//
Ле-фор II//
Ле-фор III//
альвеолдық өсідінің сыну//
жоғарғы жақ пен гаймор қуысы түбінің сынуы
***
Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру" симптомы оң нәтиже береді. Болжамалы диагноз://
Ле-фор I//
Ле-фор II//
Ле-фор III//
+төменгі жақ сынуы//
гаймор қуысы түбінің сынуы
***
Науқас М., 23 жасар сол жақ бетінің тұрақты, қиналтып, ашытып ауыру сезіміне шағымданып түскен. Анамнезінен: 2 сағат бұрын ыстық будан күйген. Объективті: сол жақ бет терісінің қызаруы байқалады, шеттерін таза-сары сұйықтығы бар көпіршіктер қоршаған. Ауыру сезімі сақталған. Болжамалы диагноз://
күйіктің I сатысы//
+күйіктің II сатысы//
күйіктің III А сатысы//
күйіктің III В сатысы//
күйіктің IV сатысы
***
Науқас қышқылмен күйген. Қарағанда тері, тері асты, ет кейбір жерлерінде сүйек зақымдалған. Күйік беті тығыз, қатты қара түсті некрозбен жабылған. Ауырсыну сезімі мүлдем жоқ. Күйіктің дәрежесі://
I-дәреже//
II-дәреже//
IIIа-дәреже//
IIIб-дәрежесі//
+IV-дәрежесі
***
Науқас М., 22 жасар оң жақ тісінің жұлынған орнының тұрақты ауру сезіміне. Ауыру сезімінің оң құлағына таралатындығына, азық қабылдауы мүмкіншіліксіздігіне, ауызынан жағымсыз иіс шығатындығына, кешкісін субфебрильді температурасы байқалатындығына шағымданған. Анамнезінен: 37- тісі бір тәулік бұрын жұлынған, жұлынғаннан кейін тіс ұяшығынан мол қан кету байқалған. Объективті: 37- тіс ұяшығының қызыл иек гиперемиясы байқалады, тіс ұяшығы бос, қабырғасы кір-сұр қақпен жабылған, ауызынан
жағымсыз иіс шығады. Болжамалы диагноз://
жақтың жедел ошақтық остеомиелиті//
жақтың жедел шектелген остеомиелиті//
ұяшық нерві зақымданған невриті//
+альвеолит//
ұяшықтың жедел остеомиелиті
***
Науқас К., 19 жасар 34- тісі 1 апта бұрын жұлған кейін ауызын толық аша алмауына, азық қабылдауы мүмкіншіліксіздігіне шағымданған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, ауыз ашуы шектелген 2,5 см- ге дейін, ауыз қуысында тіс ұяшығы қан ұйығына толы, шырышты қабаты күлгін- қызғылт түсті. Болжамалы диагноз://
жақтың сүйек контрактурасы//
жақтың қабыну контрактурасы//
+инъекциядан кейінгі контрактура//
жақтың бұлшық ет контрактурасы//
сол жақ төменгі жақтың іріңдеген кистасы
***
Бітемелермен, пломбамен салыстырғанда салмалардьң қасиеттері
қандай://
Әсемдеу//
Жанасу шеті жақсы//
Tipeуіш тістерді абайлап егеп дайындау//
+Шайнайтын тістері жағындағы құрылмалы заттардың беріктігінің арқасында тісаралық түйіспелі нүктені қалпына келтіреді//
Аллергиялык эсергащ болмауы
***
Ticтерінің жайылмаған патологиялық қажалуы бар науқастарды
емдеудің ортопедиялық кезең үшін келесілер қолданылады://
Ылди жазықты табақша//
+Пластмассалы жабынды//
Вестибулярлық доғалы табақша//
Тістейтін жepi бар табақша//
Пластмассалы сауыт
***
Тістің сауытты бөлігінің окклюзивті бетіндегі қандай кетігінде жасанды сауытты пайдалануға (В.Ю.Маликевич бойынша ИРОПЗ индексі) болатыны керсетілген://
ИРОПЗ – 0,2 (20% бұзылулар)//
ИРОПЗ - 0,3 (30% бұзылулар)//
ИРОПЗ - 0,4 (40% бұзылулар)//
+ИРОПЗ - 0,6 (60% бұзылулар)//
ИРОПЗ - 0,8 (80% бұзылулар)
***
Микропротездерге келесілер жатады://
+Фарфордан жасалған әрлі қабық винирлер, салмалар, жартылай сауыттар//
Жасанды сауыттар//
Kөпip тәрізді сауыттар//
Дентальды қондырымдар//
Адгезивті кетр тәрізді протездер
***
Салма астына тіс қуысын дайындаған кезде беткейді келесі бұрышпен бүгеді://
15 градус//
30 градус//
+45 градус//
60 градус//
90 градус
***
Штампталған сауыттың жиегі тістің қай жерінде орналасады://
тістің анатомиялық, мойны деңгейінде//
тістің клиникалық мойны деңгейінде//
қызыл иек астына 0,4 мм кіреді//
қызыл иек астына 0,2-0,3 мм кіреді//
+қызыл иек астына 0,1-0,2 мм кіреді
***
Төменгі жақтын тістері толық болмаған жағдайда Агапов бойынша шайнау тиімділігін жоғалтуды құрайды://
50 пайыз//
28 пайыз//
+100 пайыз//
12 пайыз//
0
***
Гнатодинамометрия – бұл әдіс://
Төменгі жақ қозғалысының графикалық тіркемесі//
Шайнау бұлшықеттерінің биопотенцияалдық тіркемесі//
+Ауыз қуысында шайнау қысымының күшін анықтау//
Ауыз сыртылық шайнау қысымының күшін анықтау//
Пулпаның электр қозғыштығын анықтау
***
Металды керамикалық және металды пластмассалы сауыт
дайындау кезеңдерінің клиникалық реттілігін көрсет://
+тексеру, жансыздандыру, егеу, қалып алу, түсін анықтау, қалпақшаны шақтау, тапсыру, сауытты шақтау//
тексеру, қалып алу, егеу, сауытты шақтау, түсін анықтау, тапсыру//
қалып алу, қалпақшаны шақтау, сауытты сақтау, тусін анықгау,
тапсыру//
тісті егеу, тексеру, қалпақшаны шақтау, тусін анықтау, тапсыру//
тексеру, сауытты шақтау, түсін анықтау, цементке отырғызу
***
Қандай ортопедиялық конструкция дайындағанда алмалы-салмалы құрама мүсін қолданылады://
+көпір тәрізді протездің металлы-пластмасса, металды-керамика, фарфор, толық құйылған сауыттар үшін//
пластмасса сауыт жасау үшін//
доғалы протез жасау үшін//
алтын, КПҚ штампталған сауыт жасау үшін//
тотықпайтын болаттан штампталған сауыт жасау үшін
***
Күрек тістері және cүйір тістеpi жоқ науқастар наразылық білдіреді://
+Эстетикалық кетікке, сөзінің бұзылуына, тағамды тістеуте мүмкіндігі болмағанына//
Сөзінің бұзылуына, ұртының түсуіне тағамды шайнауының бұзылуына//
Шықшыт буыны аймағы ауыруына///
Тағамды шайнау мумкінсіздігіне//
Сөзінің бұзылуына
***
Металды-керамикалық сауыт дайындауда 1-шi клиникалық
кезеңде не істеледі://
тексеру, диагноз қою, протез конструкциясын таңдау, тісті егеу,
жансыздандыру, қос қабатты қалып алу//
+тексеру, қаптама қою, конструкцияны таңдау, жансыздандыру, егеу, кертпені егеу, тіс-қызыл иек жиегін ретракциялау, қос қабатты қалып алу//
диагноз қою, конструкцияны таңдау, жансыздандыру, кертпені
егеу, қосқабатты қалып алу//
тексеру, диагноз қою, конструкцияны тандау, кертпені егеу, тісті
егеу, тіс қызыл иек жиегін ретракциялау, қалып алу//
тексеру, қалып алу, тістi егеу
***
Табиғи тістердің қажалмауына қандай қурылмалы заттар сәйкес
келмейді://
Металл//
Фарфор//
Акрил пластмассасы//
+Композит//
Воск
***
Бітемелермен, пломбамен салыстырғанда салмалардьң қасиеттері
қандай://
Әсемдеу//
Жанасу шеті жақсы//
Tipeуіш тістерді абайлап егеп дайындау//
+Шайнайтын тістері жағындағы құрылмалы заттардың беріктігінің арқасында тісаралық түйіспелі нүктені қалпына келтіреді//
Аллергиялык эсергащ болмауы
***
Аттачмен орнатылуы керек://
Артикуляторда//
Окклюдаторда//
+Параллелометрде//
Ғаныш моделінде//
Отқа төзімді модельде
***
«Gerec» жүйесі өзінен нені білдіреді://
+Жоңғыш аспаппен өңдеу арқылы ортопедиялық құралымды әзірлеу//
Панорамалық рентгенограмманы алатын аппарат//
Тіс түгел болмаған кезде тістерді салатын жүйе//
Табақшалы протездерді полимерлейтін жүйе//
Сауыттар мен көпір тәрізді протездерді алатын жүйе
***
Пластмасса сауыт дайындағанда, екінші клиникалық, кезеңде дәрігер тактикасының реттілігі://
тіс тұқылынан, балауыздан жасаған сауытпен қалып алу//
тістің окклюзиялық бетін қосымша егеу//
тістем күйінде қалып алу//
+коррекциялау тіске кигізіп шақтау, тістес пластмассамен перебазировкалау, жылтыратқаннан кейін nішінін коррекциялап, фосфат цементпен бекіту//
пластмассамен перебазировкалау
***
СТЖБ - ның элементі://
+Төменгі жақ ойығы, буын капсуласы, буын төмпешігі, төменгі жақ сүйегінің басы, буын дискісі, байламдар//
Төменгі жақ ойығы, төменгі жақ сүйегінің басы, буын дискісі, байламдар//
Буын капсуласы,төменгі жақ ойығы, буын төмпешігі, төменгі жақ сүйегінің басы, байламдар//
Төменгі жақ ойығы, буын капсуласы, төменгі жақ сүйегінің басы, байламдар//
Төменгі жақ ойығы, төменгі жақ сүйегінің басы, буын дискісі
***
Төменгі жақтың трансверзаьді қозғалысы іске асырылады://
Қанат тарізді латеральді бұлшықетің екі жақты жиырылуымен//
+Қанат тарізді латеральді бұлшықетің бір жақты жиырылуымен//
Қанат тарізді медиальді бұлшықетің екі жақты жиырылуымен//
Қанат тарізді медиальді бұлшықетің бір жақты жиырылуымен//
Шайнау бұлшықетінің екі жақты жиырылуымен
***
Металлокерамикалық сауытарды дайындау кезінде үлгі алар алдында қызыл иек ретракциясын жүргізеді://
Қызыл иекті зақымдамау үшін//
+үлгілік массаны текшеге дейін жеткізу//
Кілегей қабаттың толық үлгісін алу үшін//
Жақсы орнықтыру үшін//
Тіс аралық бүртіктердің анық үлгісін алу үшін
***
Тортоаномалия бұл://
тістердің вестибулярлы ығысуы//
+тістің осі бойынша айналуы//
тістердің биік орналасуы//
тістердің оральды бағытта ығысуы//
тістердің төмен орналасуы
***
Жаңа туылған нәрестенің төменгі жақтың қалыпты орналасуы://
ортогнатиялық//
+ретрогнатиялық//
прогнатиялық//
вариабелді//
прогениялық
***
Шайнау қызметін зерттейтін әдісі://
рентгенография//
+мастикоциография//
электромиография//
телерентгенография//
томография
***
Тістер ретрузиясы деген://
+фронтальды тістердің оральды бағытта орналасуы//
фронтальды тістердің вестибулярлы бағытта орналасуы//
бүйір тістердің ұрт бағытында орналасуы//
бүйір тістердің дистальды бағытта орналасуы//
бүйір тістердің мезиальды бағытта орналасуы
***
Бала 5.5 жаста. Жоғарғы алдыңғы тістер төменгілерін толық жабып тұр. Осы көрсетілген жағдайды қайсы қалыпқа жатқызуға болады://
+қалыптасып келе жатқан ауытқуға//
қалыптасып келе жатқан ақауға//
норманың түріне//
қалыптасқан ауытқуға//
қалыптасқан ақауға
***
Баланың бет әлпетін қарағанда кең өткелді, аденоидты бетті көруге болады, еріндері түйіспейді. Осы көрсетілген клиникалық жағдай қандай қызметтің бұзылғанын көрсетеді://
+тыныс алу//
жұту//
сөйлеу//
шайнау//
сору
***
Бала 7 жаста. Шешесі эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде тіл үзбесі қысқа. Бұл патология қандай тіс қатарының өзгеруіне әкелуі мүмкін://
+төменгінің қысқаруы//
жоғарғының қысқаруы//
төменгінің кеңеюі//
жоғарғының тарылуы//
төменгінің тарылуы
***
Бала 10 жаста. Эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Объективті берілгендер: Бетті бүйірінен қарағанда шығыңқы. Төменгі ерні ішке қарай орналасқан, төменгі үштен бір бөлігі қысқарған. «Оймақ» симптомы бар. Дәрігер прогнатиялық тістесу диагнозын қойды. Салыстырмалы диагностикасын жүргізу үшін қандай клиникалық сынамасын өткізу қажет://
+Эшлер-Битнер//
Ильина-Маркосян//
Хорошилкина//
Малыгин//
Шварц
***
6 жастағы балада барлық тістері уақытша, бүйір тістердің бұдырлары айқын, диастемалары мен тремалары жоқ. Бұл клиникалық көрініс қандай тіс жақ жүйесінің бұзылуынан болады://
+шайнау//
сору//
жұтыну//
тыныс алу//
сөйлеу
***
Бала 5 жаста. Төменгі ернін соратын әдеті бар. Қандай аномалия даму мүмкін://
+төменгі жақтың алдыңғы бөлігінің жалпақтануы//
төменгі жақтың алдыңғы бөлігінің қысқаруы//
жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінің жалпақтануы//
жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігінің қысқаруы//
төменгі жақтың алдыңғы бөлігінің ұзаруы
***
Шешесі эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде жоғарғы жақтың тіс қатарының тарылуы байқалады.Бұл патология қандай тістесу аномалиясына әкелуі мүмкін://
+прогнатиялық//
прогениялық//
латерогнатиялық//
ашық//
латерогениялық
***
Бала 9 жаста. Шешесі эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде жоғарғы жақтың тіс қатарының сол жағынан тарылуы байқалады.Бұл патология қандай тістесу аномалиясына әкелуі мүмкін://
+бір жақты буккальды айқасқан//
екі жақты лингвальды айқасқан//
латерогнатиялық//
екіжақты буккальды айқасқан//
бір жақты лингвальды айқасқан
***
Бала 1 жаста, анамнезінен жасанды тамақтануда болғаны анықталған. Анасы төменгі ерінін ішіне еніп тұруына, оны сорып журуіне шағымданады. Қарау кезінде иектің артқа ығысуы анықталды, төменгі ерні жоғарғы ернінің астына сорылады. Төменгі жағы квадрат пішінді. Сагитальды бағыттағы жақ арасындағы қашықтық 1,5 мм. Осы патологияның мүмкін болатын себептері://
тістердің кешігіп жарып шығуы//
тістердің ерте жарып шығуы//
+жасанды тамақтандыру//
тілдің қысқа үзбесі//
тұқым қуалайтын фактор
***
Бала 3 жаста. Шешесі жоғарғы еріннің соруына және ішке қарай орналасуына шағымданады. Балада төменгі жақтың алдыға қарай жылжытатын жағымсыз әдеті бар. Қарап тексергенде, бет әлпетінің профилі иілген, мұрын ерін қатпары айқын.Ортодонтиялық емін қолданбаса, қандай тістесу аномалиясы дамиды://
ашық//
айқасқан//
прогнатиялық//
+прогениялқ//
терең
***
Бала 1 жаста. Анасы төменгі еріннің ішіне енуіне және оны соруына шағымданады. Төменгі жақтың пішіні квадрат. Сагитальды бағаттағы жақтар арасындағы қашықтық 1,5 мм. Қажетті ортодонтиялық ем жүргізілмегенде балада қандай тістесу патологиясы дамиды://
ашық тістесу//
айқас тістесу//
+прогнатиялық тістесу//
прогениялық тістесу//
ортогнатиялық тістесу
***
Науқас 12 жаста. Алдыңғы бөлімінде тістердің түйіспеуіне шағымданып, клиникаға қаралды. Анамнезінен: 10 айға дейін омыраумен емізілген, ұзақ уақыт төменгі ернін тістеп жүрген. Қарау кезінде бет конфигурациясының бұзылуы анықталды: беттің төменгі үштен бірінің ұзаруы, мұрын ерін және иек қатпарының тегістелуі, еріндерінің түйіспеуі. Жоғарғы жақ алдыңғы бөлімі ұзарған, төменгісі біраз жалпайған, альвеоляры өсінділері жоғарғы жақта аса дамыған. Аталған патологияда тіс жақ жүйесінің қай қызметі бұзылған://
тыныс алу//
жұтыну//
сөйлеу//
+шайнау//
тістеу
***
Бала 5 жаста.Профилактикалыққаралу мақсатына келген, шағымы жоқ. Объективті берілгендер: беті симметриялы, жүрісі белсенді. Мұрын ерін қатпары шамалы айқын. СТЖБ барлық бағытта бос. Ауыз қуысында: тіс формуласына жасына сай. Тіс доғасының пішіні жартылай шеңбер. Ұйқыда болғанда қолын төменгі жақ астына салып, басатын жағымсыз әдеті бар. Бұл жағымсыз әдет қандай тіс жақ жүйесінің өзгеруіне әкеледі://
жақ сүйектің бір жақтан тегістелуі//
жақ сүйек бет аймағының бұлшық ет тонусының өзгеруі//
жоғарғы жақ сүйектің тарылуы//
+төменгі жақтың бір жаққа ығысуы//
жоғарғы тіс қатарының тарылуы
***
Науқас 14 жаста. Объективті: иектің алдыға шамадан тыс шығуы. Беттің төменгі бөлігі ұзарған, алдыға шығыңқы, төменгі ерін жоғарғы ерінге қарағанда шығыңқы. Ауыз қуысында кері күрек тісті түйісу, бүйір тістердің ара қатынасы – Энгель III класс бойынша, берілген патологияның мүмкін болатын этиологиялық факторы қандай://
жоғарғы ерінді тістеу әдеті//
ЛОР ағзаларының ауруы//
бүйір тістерді ерте жоғалту//
+тұқым қуалау//
биік жастықта ұйықтау
***
Бала 8 жаста. 1.2, 2.2 тістерінің шығуының кешігуіне шағымданып келді. Анамнезінен анықталды сүт тістер уақытында түсіп, төменгі күрек тістер уақытылы шыққан. Ауыз қуысын қарау кезінде тұрақты жоғарғы күрек тістердің жоқтығы анықталды. Төменгі күрек тістердің кесу қыры жоғарғы альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына дейін тиіп тұрғаны анықталды. Балада қажетті ортодонтиялық емсіз қандай тістесу патологиясы пайда болады://
ортогнатиялық тістесу//
айқас тістесу//
+терең тістесу//
ашық тістесу//
прогнатиялық тістесу
***
Бала 6 жасар. Жұтыну кезінде тіс қатарлары арасына тілін итеру әдеті пайда болды. Қажетті ортодонтиялық емсіз қандай аномалия пайда болуы мүмкін://
терең тістесу//
+айқас тістесу//
прогнатиялық тістесу//
ортогнатиялық тістесу//
тік тістесу
***
Тірі ұлпаны жартылай алып тастау әдісі бұл://
девитальды пульпотомия//
+витальды пульпотомия//
девитальды пульпоэктомия//
витальды пульпоэктомия//
биологиялық әдіс
***
Ауыз қуысы кіре берісінің орташа тереңдігі құрайды://
1-3 мм//
2-5 мм//
5-10 мм//
+10-12 мм//
3-7 мм
***
Науқаста қанат тәріздес өсінді – жақ кеңістігінің флегмонасы анықталды. Инфекциалы – қабыну процесінің жергілікті белгілерін көрсетіңіз://
жақ асты аймағының тіндерінің айқын ісінуі//
ауыз қуысы түбінің артқы бүйір бөлігінің айқындалған ісінуі//
жұтқыншақтың бүйір қабырғасы аймағы тіндерінің ісінуі//
+қанаттәріздес өсінді – жақ қатпары аймағының гиперемиясы және ауырсыну//
көз асты аймағы жұмсақ тіндерінің айқын ісінуі
***
Бала 14 жаста. Сол жақ самай – төменгі жақ буынының анкилозы диагнозы қойылған. Беттің төменгі 1/3 бөлігінің деформациясының себебі://
бет нервісінің парезі//
+төменгі жақ сүйегінің сол бөлігінің денесінің және өсіндісінің жетілмеуі//
төменгі жақ сүйегінің оң бөлігінің денесінің және өсіндісінің жетілмеуі//
төменгі жақ сүйегінің денесінің және өсіндісінің шамадан тыс өсуі//
зақымдану бөлігінде шайнау бұлшық етінің гемигипертрофиясы
***
Бала 3 жаста. Жоспарлы қарау кезінде 8.5 тістің шайнау бетінде терең кариесті қуыс анықталды. Эксквамация кезінде жұмсарған дентин астында қанағыш, аурушаң ұлпа ашылған. кп=6. Алғашқы диагноз қойыңыз://
жедел серозды пульпит//
жедел іріңді пульпит//
+созылмалы фиброзды пульпит//
созылмалы гангренознды пульпит//
созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
***
Бала 7 жаста. Қарау кезінде 3.6 тісте терең кариесті қуыс анықталды. Сауыттық ұлпа некрозға ұшыраған, түбір өзектерін зондпен тексергенде ауырсыну бар. R-суретте: түбірлердің ¾ бөлігі қалыптасқан, сүйектің ыдырау ошақтарының шекарасы екі түбірде де айқын емес. Алғашқы диагноз қойыңыз://
созылмалы гранулематозды периодонтит//
созылмалы фиброзды периодонтит//
+созылмалы грануляциялық периодонтит//
созылмалы гангренозды пульпит//
созылмалы фиброзды пульпит
***
12 жасар бала қызылиек қанағыштығына және тамақ жегенде ауырсынуына, ауыз қуысының жағымсыз иісіне шағымданады. Бала әлсіз, басы ауырады, ұйқы бұзылған, тәбеті жоқ. Объективті: қызылиек ісінген, күрең-қызыл түсті, қызылиек бүртіктері өліеттенген. Ерін, ұрт, тіл кілегей қабатында сұр қақпен жабылған ойықтар бар. Тіл қақпен жабылған, сілекей тұтқыр. Алғашқы диагноз қойыңыз://
+Венсан жаралы-өліеттенген стоматиті//
ауыз қуысының Бехчет ауруы//
Дюринг герпетиформды дерматиті//
ауыз қуысының Беднар афтасы//
созылмалы жайылмалы кандидозы
***
1 жастағы балада анасы жоғары күрек тістерінің мойын аймағындағы күңгіртенуді байқаған. Анамнезінен: бала уақытынан ерте туылған, жасанды түрде қоректенген, I дәрежедегі рахит, орташа ауырлықтағы диспепсия. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
эндемиялық флюороз//
+эмаль гипоплазиясы//
беткей тіс жегісі//
дақ сатысындағы тіс жегісі//
орташа тіс жегісі
***
Бала 5 жаста. Төменгі жақтың оң бөлігінің ауырсынуына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жергілікті: ұрт аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуі әсерінен беті ассиметриялы, ісіну шекаралары айқын емес, ауырсынады. 85 тіс сауытының ½ бөлігі бұзылған, перкуссия ауырады. 84, 85 тістер аймағы шырышты қабығы қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырсынады. Алғашқы диагноз://
жедел диффузды остеомиелит//
+жедел іріңді периостит//
одонтогенді флегмона//
аденофлегмона//
одонтогенді абцесс
***
Бала 6 жаста. Төменгі жақтың оң бөлігі ауырады. Жалпы жағдайы орташа. Жергілікті: төменгі жақтың оң бөлігінің жақ асты тіндері ісінген. Беті ассиметриялы. Пальпация кезінде инфильтрат тығыз, қатты ауырсынады, шекарасы айқын емес, терісі қызарған, қатайған. Ауыз қуысында өзгерістер жоқ. Алғашқы диагноз://
жедел серозды лимфаденит//
жедел іріңді лимфаденит//
одонтогенді флегмона//
аденофлегмона//
+сиалоденит
***
Бала 10 жаста. Жоғарғы жақтың сол бөлігі ісінген. Ісінген аймақ ауырмайды, көлемі біртіндеп ұлғайған (2 ай ішінде). Қарау кезінде жоғарғы жақтың сол бөлігі ісінуінен бет ассиметриясы, тері жамылғысы қалыпты. Ауыз қуысында: өтпелі қатпар бойында 22, 23 тістер аймағында томпаю бар. Пальпация ауырсынбайды, Дюпюитрен симптомы анықталады. Алғашқы диагноз://
жедел іріңді периостит//
+радикулярлы ұра//
остеобластокластома//
хондрома//
одонтома
***
Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң бөлігі ауырады. Жалпы жағдайы орташа. Жергілікті: оң жақ көз асты және ұрт жұмсақ тіндері ісінуінен беті ассиметриялы. Ісіну жұмсақ консистенциялы, айқын шекарасы жоқ, аурушан. Бұрыштық вена бойы ұлғайған, тығыз, аурушан. Ауыз қуысында 55 тіс ½ бөлігі бұзылған, перкуссия оң, тіс айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырсынады. Алғашқы диагноз://
жедел одонтогенді диффузды остеомиелит//
жедел іріңді периостит//
ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы//
самай аймағының одонтогенді флегмонасы//
+жедел іріңді периостит. Бұрыштық көктамыр флебиті
***
Бала 7 жаста. Төменгі жақтын сол бөлігі ауырады. Жалпы жағдайы орташа. Дене қызуы 39 градус. Бала әлсіз. Тері жамылғысы бозғылт. Жергілікті: сол жақ ұрт, төменгі жақ асты жұмсақ тіндері ісінген, беті ассиметриялы. Пальпация кезінде инфильтрат аурушан, шекарасы айқын емес. Ауыз қуысында 75 тіс 1/3 бөлігі бұзылған, перкуссия оң. Шырышты қабығы қызарған, вестибулярлы және тіл беті ісінген, альвеолярлы өсінді муфта тәріздес жуандаған. Алғашқы диагноз://
+жедел одонтогенді диффузды остеомиелит//
жедел іріңді периостит//
одонтогенді флегмона//
аденофлегмона//
жедел іріңді сиалоденит
***
Емханаға 12 жасар бала келді. Объективті: 1.6 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы бар, эмаль жиегі тегіс, дентин құрғақ пигменттелген. Тісжегі белсенділік дәрежесін анықтаңыз://
+компенсирленген//
декомпенсирленген//
субкомпенсирленген//
жедел//
созылмалы
***
Бала 5 жаста. Қарау кезінде 7.5 тісте грануляциялық тінге толы терең кариесті қуыс анықталған. Анамнезінен: тамақ ішкенде қанайды, аздап ауырады. Бұрын тіс түнде өздігінен себепсіз ауырған. Алғашқы диагноз қойыңыз://
жедел серозды пульпит//
созылмалы фиброзды пульпит//
созылмалы гангренознды пульпит//
+созылмалы грануляциялық пульпит//
созылмалы фиброзды пульпит өршуі
***
Бала 10 жаста. Объективті: 3.6 тісте жұмсарған және пигменттелген дентинге толы кариозды қуыс бар. Зондтау бүкіл түбі бойы ауырады. ЭОМ=10 мкА. Алғашқы диагноз қойыңыз://
пульпит өршуі//
созылмалы периодонтит//
+терең тісжегісі//
жедел пульпит//
гангренозды пульпит
***
6 жасар баланы анасы стоматологқа алып келді. Бала 4 күн бойы ауырады, дене температурасы 38,8º, басы ауырады, әлсіз, құсқысы келеді. Ерін қызыл жиегі құрғақ, қанды қабыршақтар бар. Қызыл иегі қызарған, ісінген, қызылиек бүртіктері, қызылиек жиектері жараланған, фронтальді бөлікте қызылиек бүртіктері өліеттенген, сұр-кір қақпен жабылған. Тістерде тіс шөгінділері көп. Алғашқы диагноз қойыңыз://
жедел катаральды гингивит//
+ойық жаралы некрозды гингивит//
созылмалы гингивит өршуі//
созылмалы пародонтит өршуі//
созылмалы гипертрофиялық гингивит
***
4 жастағы баланың 7.5 тісінде шайнау беткейлерінде эмаль мен дентин шекарасында кариозды қуыстар бар. Шағымы жоқ, кариозды қуысты зондтағанда түбі тығыз, эмаль-дентин шекарасында сезімтал болып келеді. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
эндемиялық флюороз//
эмаль гипоплазиясы//
беткей тіс жегісі//
дақ сатысындағы тіс жегісі//
+орташа тіс жегісі
***
Бала 2 жаста. Жарақат алған, диванның шетіне соғылған. Анасы жоғарғы еріннің ісінгенің байқаған. Медициналық көмекке жүгінген. Дәрігер стоматолог диагноз қойды: 51, 52, 61, 62 тістердің жартылай шығу. Емдік тактика қандай://
тістерді жұлу//
тістер реплантациясы//
эндодонтиялық емдеу//
+«Д» бақылау, диета//
шина салу
***
Тіс жұлу мақсатында балаға лидокаинмен жергілікті анестезия жасалған. Анестезиядан кейін баланың түрі бозарып, әлсіздік сезінген, аяқ қолдары суып, есінен танып қалды, пульс жиілеген, әлсіз. Балада қандай асқыну://
+анафилактикалық шок//
коллапс//
асфиксия//
Квинке ісінуі//
естен тану
***
Байлап-таңу материалдарын залалсыздандыратын әдіс://
Құрғақауалы//
Қайнату арқылы//
+Автоклавта//
Химиялық//
Кварцтық лампамен
***
Орташа тісжегісінің клиникалық белгісі://
Тісжегі қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады//
+Плащтық дентин деңгейіндегі жегі қуыс//
Тісжегі қуыстың тіс қуысымен байланысы//
Тісжегі қуыс түбін зондтау бір нүктеде жедел ауырсынады//
Тіс перкуссиясы ауырсынады
***
37 жастағы әйел адам жоғарғы алдыңғы тістер аймағындағы косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарағанда: жоғарғы жақтың орталық және бүйір күректістерінің экваторына жақын вестибулярлы бетінде дөңес пішінді, тығыз және тегіс түбі бар эмаль ақауы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Ақау аймағы 2% метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
Жергілікті гипоплазия//
Сына тәрізді ақау//
+Эмаль эрозиясы//
Бастапқы тіс жегісі//
Эмаль некрозы
***
19 жастағы ер бала жоғарғы және төменгіжақ тістерінде ақ түсті дақтардың болуына шағымданады. Тістер түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Қарағанда: жоғарғы және төменгіжақ тістерінінің вестибулярлы бетінде, төмпешіктері мен кесу жиектерінде көптеген әртүрлі көлемде бор тәрізді дақтардың болуы. Эмаль жылтырлығы сақталған. Дақ беткейі бойымен зонд жылжиды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+Флюороз//
Жергілікті гипоплазия//
Бастапқы тіс жегісі//
Беткей тіс жегісі//
Эмаль некрозы
***
35 жастағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштен болатын қысқа мерзімді ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: 45 тістің дистальды бетінде бор тәрізді өзгерген жиектері бар, ашық түсті жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталады. Қуыс түбін зондтау ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. ЭОД-18 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
Жай ағымды терең тіс жегісі//
+Тез ағымды терең тіс жегісі//
Созылмалы жай пульпит//
Орташа тіс жегісі//
Созылмалы гангренозды пульпит
***
45 жастағы ер адам 26 тісінде өздігінен ұстамалы ауырсынуларға шағымданады, самай аймағына таралып, барлық тітіркендіргіштерге ұзақ мерзімді ауырсынады. Тіс бұрын ауырған. Қарағанда: шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс анықталады, ашылған ұлпа мүйізін зондтау жедел ауырсынады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
Жедел жартылай пульпит//
Жедел жалпы пульпит//
Жедел іріңді пульпит//
+Созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//
Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі
***
Созылмалы фиброзды пульпиттің ажырату нақтамасы жүргізіледі://
Созылмалы гипертрофиялық пульпит//
Жай ағымды терең тіс жегісі//
+Тез ағымды терең тіс жегісі//
Созылмалы периодонтит//
Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі
***
«Step back» әдісімен түбір каналын өңдеудің ерекшелігі://
Сауыттан төмен қарай түбір каналын кеңейту//
Сағат тілі бойымен предентинді алу//
Сағат тіліне қарсы предентинді алу//
+Апекстен өзекке қарай каналды кеңейту//
Өзектен апекске қарай дентинді алу
***
22 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен болатын тұрақты солқылдаған ауырсынуға шағымданады. Пульпит себебімен эндодонтиялық емдеу сатысында. 4 күн бұрын мышьяк пастасы салынған. Қарағанда: 26 тісте уақытша байлам, перкуссия ауырсынады, түбірұшы аймағындағы шырышты қабық өзгеріссіз,пальпацияда ауырсынбайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
Экссудация сатысындағы жедел периодонтит//
+Интоксикация сатысындағы жедел периодонтит//
Созылмалы периодонтиттің өршуі//
Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі//
Созылмалы жай пульпиттің өршуі
***
«Экссудация сатысындағы жедел периодонтит» диагнозына тән рентгенологиялық көрініс://
+Периодонт пен сүйек тінінде өзгеріс жоқ//
Түбірұшы аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі//
Түбірұшы аймағында анық емес шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы//
Түбірұшы аймағында дөңгелек пішінді анық шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы//
Мойын аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі
***
45 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ аймағында ұзақ мерзімді, ұстамалы ауырсынуына, оның құлақ пен самай аймағына таралуына шағымданады. Ауырсыну салқыннан басылады. Аллергоанамнез теріс. Қарағанда: 26 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс, қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады, перкуссия аздап ауырсыну. Емдеу әдісін таңдаңыз://
Девитальды экстирпация әдісі//
Девитальды комбинирленген әдіс//
Девитальды ампутация әдісі//
+Витальды экстирпация әдісі//
Консервативті әдіс
***
35 жастағы ер адам сауықтану мақсатында келді. Қарағанда: 47 тістің дистальды–шайнау бетінде үлкен (5 мм
2) пигменттелген дақ анықталды. Емдеу әдісін таңдаңыз://
Дақты тегістеу//
+Егеу, пломбалау//
Динамикалық бақылау//
Реминерализацтялық терапия курсы//
Фторлакпен бірреттік жағу
***
Қызылиек қанауының дәрежесін анықтауға арналған зерттеу әдісі://
Ясиновский сынамасы//
Роттер сынамасы//
Шиллер-Писарев сынамасы//
+Айнамо сынамасы//
Кулаженко сынамасы
***
39 жастағы ер адам қызылиегінің қансырауына, жұтынған кездегі ауырсынуға, дене қызуының 38,5 С-ге дейін жоғарлауына шағымданады. Қарағанда: тері беткейі ақшыл түсті, ауыз қуысынан жағымсыз іріңді иіс шығады. Төменгіжақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, қызылиек емізікшелері некроздалған,зондтағанда қанайды. Ретромолярлы кеңістік пен миндалиналар аймағында некроз аймақтары анықталады. Қоршаған шырышты қабық ақшыл түсті. Нүктелік петехиальды қан құйылулар байқалады. Алғаш өткізетін тексеру әдісі://
ПЦР-диагностика//
+Жалпы қан анализі//
Иммуноферменттік анализ//
Цитологиялық зерттеу//
Бактериологиялық зерттеу
***
32 жастағы әйел адам қызылиегінің кейбір уақытта қанауына шағымданып келді. Қарағанда: қызылиекүсті тіс жұғындылары бар, қызылиек емізікшелері мен маргинальды қызылиек күңгірт көкшіл түсті. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Емдеу әдісін таңдаңыз://
Ауыз қуысын сауықтыру//
+Ауыз қуысын сауықтыру, физиотерапия//
Ауыз қуысын сауықтыру, гингивоэктомия//
Ауыз қуысын сауықтыру, гингивотомия//
Ауыз қуысын сауықтыру, кюретаж
***
Пародонтальды қалта тереңдігі 5 мм дейін жағдайындағы хирургиялық шара://
Құрақтық операция//
+Жабық кюретаж//
Гингивотомия//
Жай гингивоэктомия//
Радикальды гингивоэктомия
***
35 жастағы ер адам лет ұзақ уақыт бойы жазылмайтын төменгі ерініндегі жарыққа шағымданады. Қарағанда: төменгі еріннің қызыл жиегінде - жарық, пальпацияда ауырсынусыз, негізінде шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Төменгі жақасты лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз. Диагноз қою үшін қолданылатын реакция://
+Бозғылт трепонемалар иммобилизация реакциясы//
Лимфоциттер бласттрансформация реакциясы//
Пассивті гемагглютинация реакциясы//
Лейкоциттер агломерация реакциясы//
Лейкоцитолиз реакциясы
***
49 жастағы әйел адам тілдің бүйір бетінде бұдырлық пен күйдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсирленген түрі себебімен диспансерлік бақылауда тұр. Қарағанда: тілдің арқасында және ұрттың оң жақ шырышты қабығында – ақ түсті жұғынды мен тостағаншалар бар. Шпателмен қырғанда жұғынды жартылай алынады. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі://
Биопсия//
Жалпы қан анализі//
Иммунологиялық зерттеу//
Серологиялық зерттеу//
+Жұғынды микроскопиясы
***
19 жастағы ер бала жоғарғы және төменгіжақ тістерінде ақ түсті дақтардың болуына шағымданады. Тістер түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Қарағанда: жоғарғы және төменгіжақ тістерінінің вестибулярлы бетінде, төмпешіктері мен кесу жиектерінде көптеген әртүрлі көлемде бор тәрізді дақтардың болуы. Эмаль жылтырлығы сақталған. Дақ беткейі бойымен зонд жылжиды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+Флюороз//
Жергілікті гипоплазия//
Бастапқы тіс жегісі//
Беткей тіс жегісі//
Эмаль некрозы
***
45 жастағы әйел адам тістер сауытының көптеген ақауына шағымданып келді. Қараған кезде: 36, 35, 34 тістердің вестибулярлы беткейдің мойын аймағында дентин деңгейінде үшбұрыш пішінді тығыз және жылтыр қабырғасы бар тістің қатты тіндерінің жойылуы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
Тістің қатты тіндерінің некрозы//
Тістің қатты тіндерінің эрозиясы//
Беткей тіс жегісі//
Орташа тіс жегісі//
+Сына тәрізді ақау
***
Гоу-Гейтс анестезиясы бойынша келесі нервтердің блокадасы болады://
+Тілдік, ұрттық, төменгі альвеолярлы//
Тлдік, төменгі альвеолярлы//
Тілдік, төменгі альвеолярлы, иектік//
Үшкіл нервтің үшінші тармағының қозғалғыш талшығы//
Ұрттық, иектік
***
Ұяшықтан қан кетудің жергілікті себептері болып табылады://
Жоғары артериальды қан қысымы//
Дене температурасының көтерілуі//
+Қызылиек шырышты қабығының жыртылуы//
Тахикардия//
Тахипное
***
Жергілікті жансыздандыратын заттар әсерін күшейтуге қосылатын ерітінді://
Ауру басатын препараттар//
+Тамыр тарылтатын препараттар//
Тамыр кеңейтетін препараттар//
Антигистаминді препараттар//
Седативті препараттар
***
П.М. Егоров бойынша өткізгіш анестезия жасау кезінде (ауызішілік) анатомиялық нысана://
Жоғарғы молярлар//
Қанаттәрізді-жақ қатпары//
+Бұлшықер аралық үшбұрыш//
Төменгі премолярлар//
Төменгі үшінші моляр
***
19 жастағы науқаста оң жақасты аймағында ауырсынатын «шар» пальпацияланады, қозғалмалы, тері және тіндермен дәнекерленбеген, мөлшері 2.5х2.0см. Оның үстіндегі тері түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Соңғы аптада ангинамен ауырған. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Мойынның бүйір кистасы//
Созылмалы гиперпластикалық лимфаденит//
+Жедел серозды лимфаденит//
Жедел іріңді лимфаденит//
Жақасты аймағының абсцесі
***
32 жастағы науқаста тағам қабылдағанда жақасты сілекей безінің ұлғаюы анықталды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Радикулярлы киста//
Жедел эпидемиялық паротит//
Жедел серозды имфаденит//
Паренхиматозды сиалоденит//
+Калькулезді сиалоденит
***
29 жастағы науқас сол жақ мұрын ерін қатпары аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болды. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 380С, пульс - минутына 90 соққы, ТАЖ - минутына 22. Сол жақ мұрын ерін қатпары аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 4,0х4,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған 3 іріңді өзектері бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Мұрын ерін қатпары аймағының абсцессі//
Мұрын ерін қатпары аймағының абсцестелген фурункулы//
Мұрын ерін қатпары аймағының флегмонасы//
Бұрыштық венаның флебиті//
+Мұрын ерін қатпары аймағының карбункулы
***
Клиникаға 19 жастағы науқас жарақаттан кейін ауырсыну мен ауыз қуысынан қанағу шағымымен келді. Қараған кезде: беті симметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 11, 12, 21, 22 тістерлің ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы, қызылиектің кілегей қабығы қызарған, ісінген, зақымдалған, қансырайды. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Жарақаттық периодонтит//
Жарақаттық пульпит//
+Толық емес орнынан таю//
Толық орнынан таю//
Ішке кірген орнынан таю
***
17 жастағы науқас оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағында ауырсыну және қытырлау шағымымен келді. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Самай-төменгі жақ буынының артриті//
Самай-төменгі жақ буынының артрозы//
Самай-төменгі жақ буынының анкилозы//
+Самай-төменгі жақ буынының жасөспірімдік дисфункциясы//
Самай-төменгі жақ буынының деформациялық остеоартрозы
***
33 жастағы науқас ұрттық аймағында ісіну мен қызару шағымымен келді. Қызару 5 жыл бұрын пайда болды, ол біртіндеп үлкейе бастаған. Объективті: оң жақ ұрт аймағында анық контурлары бар, қызыл түсті 2,5х3,0 см түзіліс бар. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
+Гемангиома//
Лимфангиома//
Нейрофиброматоз//
Лимфаденит//
Абсцесс
***
Науқас 28 жаста. Клиникаға ауыз қуысынан қанағу шағымымен келді. 6 сағат бұрын 46 тіс жұлынды. Асқынуды болжаңыз://
+Ұяшықтан қан кету//
Альвеолит//
Самай-төменгі жақ буынының орнынан таюы//
Гаймор қуысы түбінің перфорациясы//
Төменгі жақтың сынығы
***
Науқас С., 36 жаста. Шағымы: төменгі оң жақ аймағында ауырсыну мен ісінуге, әлсіздікке, сырқаттануына. Объективті: төменгі оң жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 46 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынады. 46 тіс аймағында өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
46 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//
Созылмалы одонтогенді лимфадениті//
Жедел одонтогенді остеомиелит//
Жедел іріңді одонтогенді лимфадениті//
+46 тістен жедел іріңді периоститі
***
47 жастағы науқаста эпидемиялық паротит анықталды. Бұл ауру кезінде сілекей бездері секреті мен секрециясының сипатын анықтаңыз://
Мөлдір, сұйық//
Бұлдыр, гипосаливация//
Қою, гиперсаливация//
Бөлінбейді//
+Mөлдір, гипосаливация
***
18 жастағы науқас сол жақ ұрт аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болған, безеуді сығуға тырысқан. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,5
0С, пульс - минутына 90 соққы, ТАЖ - минутына 20. Сол жақ ұрттық аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 2,0х2,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған іріңді өзек бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Ұрттық аймағының абсцессі//
+Ұрттық аймағының абсцестелген фурункулы//
Ұрттық аймағының флегмонасы//
Бұрыштық венаның флебиті//
Ұрттық аймағының карбункулы
***
24 жастағы науқас төменгі сол жақ аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. 2 сағат бұрын белгісіз біреулерден соққы алған. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Қараған кезде: төменгі сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпация кезінде төменгі жақтың денесі аймағында сынықтың қозғалғыштығы мен ауырсыну анықталды. Ашық ауыз кезінде қысым түсіру симптомы оң. Ауыз ашылуы 1,5 см. дейін шектеулі. Тістесуі бұзылған. 3.5,3.6 тістер аралығындағы кілегей жыртылған, қансырайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
+Төменгі жақсүйек денесінің сынығы//
Төменгі жақсүйек бұрышының сынығы//
Төменгі жақсүйек ментальды сынығы//
Төменгі жақсүйек орталығы сынығы//
Төменгі жақсүйек бұтағы сынығы
***
15 жастағы науқаста екі самай-төменгі жақ буынының анкилозы анықталды. Жақтың иектік бөлімінің ығысу бағытын болжаңыз://
Сол жағына//
Оң жағына//
Артқа//
Алдығы//
+Төмен
***
16 жастағы науқаста жарақаттан кейін төменгі ерін аймағында ісіну пайда болды. Төменгі ерін аймағында 1,5х1,5 см ісіну бар, кілегей жұқарған, көкшіл-қызыл түсті. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Лимфангиома//
+Ретенционды киста//
Гемангиома//
Абсцесс//
Гематома
***
Науқас 22 жаста. Клиникаға ауыз қуысынан қанағыштық шағымымен келді. Бір тәулік бұрын 16 тіс жұлынды. Мұрын-ауыз сынамасы оң. Асқынуды болжаңыз://
Ұяшықтан қан кету//
Альвеолит//
Самай-төменгі жақ буынының орнынан таюы//
+Гаймор қуысы түбінің перфорациясы//
Төменгі жақтың сынығы
***
29 жастағы науқас жоғарғы сол жақ жартысы аймағында ауырсыну мен ісінуге, дене қызуының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына үш тәулік. Объективті: жоғарғы сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беті асимметриялы, пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады, 26 тістің сауыты 2/3 бұзылған. 26 тіс аймағында өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//
Жедел іріңді периодонтит//
Жедел іріңді остеомиелит//
Жедел іріңді гайморит//
+26 тістен жедел іріңді периоститі
***
36 жастағы науқаста созылмалы паренхиматозды сиалоденит анықталды. Бұл аурудың рентгенологиялық белгісін анықтаңыз://
+Бір шоқ жүзім симптомы//
Шық симптомы//
Құрғақ ағаш симптомы//
Толу симптомы//
Флюктуация симптомы
***
Негізінен тістехникалық зертханада келесідей жұмыстар жүргізіледі://
Құймалық жұмыстар//
Жылтырату жұмыстары//
+Тіс протездерін дайындаудағы жұмыстар//
Полимеризациялау жұмысы//
Ғанышпен жұмыс
***
Алтыннан дәнекерленген көпір тәрізді протездердің металдан айырмашылығы://
Қаттылығы және гальванизмі жоғары//
Гальванизм жоғары, қаттылығы төмен //
Гальванизм төмен, қаттылығы жоғары//
+Қаттылығы және гальванизмі төмен//
Қаттылығы және гальванизмі бірдей
***
Тіс сауытының қызылиек жиегіне дейінгі сыну кезіндегі протез://
Жасанды сауыт//
Қондырма//
Көпір тәрізді протез//
+ Штифтік құрылым//
Алмалы-салмалы протез
***
Окклюзия дегеніміз://
+Артикуляцияның бір түрі//
Физиологиялық тыныштықтағы жағдай//
Төменгі жақ сүйегінің әртүрлі орналасуындағы тістесу//
Тістесу түрі//
Жасанды тістердің тістесу түрі//
***
Гаврилов жіктемесі бойынша тіс қатары ақауының 4 класын көрсетіңіз: //
Бүйір бөліміндегі ендірмелі ақау//
Бір жақты шектелмеген ақау//
Екі жақты шектелмеген ақау//
Алдыңғы бөліміндегі ендірмелі ақау//
+Жалғыз тұрған тіс
***
Төменгі жақты көтеретін бұлшық еттер://
Дөңгелек ұрттық, меншікті шайнау//
Самай, сыртқы біз тәрізді, төс-бұғана-емзікше//
Алмұрт тәрізді тесіктің ішкі қанатша, ұрттық//
Меншікті шайнау - біз тәрізді, самай//
+Меншікті шайнау, самай, ішкі қанатша
***
СТЖБ-ге тістердің жоюлуыдың әсері://
Артрит//
Буынның біріншілік тайқуы//
+Буын дисфункциясы:окклюзионды-артикуляционды синдром//
Буын дисфункциясы: нейромускулярлық синдром//
Буынның жартылай тайқуы
***
Сауыт бөлігі бұзылған тістерге жасанды сауыттар мен көпірлі протездердің тірек сауыттарын дайындаудың ерекшеліктері://
Ерекшелік жоқ//
Тістері жұлынады//
+Бұзылған тістерді алдын ала тұқылдық салмамен немесе анкерлік штифтпен бірге пломбамен қалпына келтіреді//
Бұзылған тістерді алдын ала пломбамен қалпына келтіреді//
Бұзылған тістерді адын ала металды қалпақшалармен қалпына келтіреді
***
Жоғарғы жақта 18, 17, 16, 15, 24, 25, 26, 28 жартылай екіншілік адентиясы. 27 тіс аз мөлшерде мезиальді жаққа ығысқан. Торусы айқындалған. Төменгі жақ тіс қатарылары сау (интакты). Қолданылатын ортопедиялық ем://
+Жоғарғы жақтың 13, 14, 23, 27 тістеріне бекітілген бюгельді протез//
Алмалы-салмалы пластиналы протез//
Шендеуіш бюгельді протез//
Бір мен екінші жауаптар дұрыс//
Импланттарды қолданып алынбайтын протез дайындау
***
34 және 35 тістері жоқ. Диагноз қойыныз://
Кеннеди бойынша тіс қатарының 1 класс ақауы//
Кеннеди бойынша тіс қатарының 2 класс ақауы//
+Кеннеди бойынша тіс қатарының 3 класс ақауы//
Кеннеди бойынша тіс қатарының 4 класс ақауы//
Кеннеди бойынша тіс қатарының 5 класс ақауы
***
Келесі белгілердің қателік себебін көрсетіңіз:
1. сөйлеу кезінді мұрын-ерін және иек асты сызықтар тегістеледі:
2.физиологиялық тыныштық кезінде тістердің арасында саңылау болмайды://
Беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі//
+Беттің төменгі бөлігі биіктігінің жоғарылауы//
Төменгі жақтың медиальді жылжуы//
Төменгі жақтың дистальді жылжуы//
Бұлшық ет контрактурасы
***
Келесі белгілердің қателік себебін көрсетіңіз://
Сөйлеу кезінде мұрын-ерін және иек асты сызықтары айқын//
Физиологиялық тыныштық кезінде тістердің арасында саңылау 6-8 мм//
Төменгі жақтың медиалды жылжуы//
+Беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі//
Беттің төменгі бөлігі биіктігінің жоғарлауы
***
Толық алмалы-салмалы протездердің конструкциясын тексеру кезінде: бүйір тістердің түйісулері тегіс емес және бұдырлы түйіскендігін тістесудің биіктегені анықталды, алдыңғы тістер арасында саңылау бар. Орталық қатынасты анықтаған кезде қатені анықтаңыз://
Жоғарғы негіз білігінің алға жылжуы//
Төменгі негіз білігінің артқа жылжуы//
+Төменгі жақтың алға жылжуы//
Жоғарғы балауыз негізінің деформациясы//
Жақтың алдыңғы бөлігінің альвеола өсіндісі шырышты қабығының компрессиясы
***
Жоғарғы жақтың жабынды шырышты қабық атрофияланған, таңдай тігіс аймағы кең, қантамыр – жүйке шоғырының шығу орнын сипап тексергенде ауру сезімі байқалады. Қалыптың түрі://
Компрессиялық//
+Декомпресиялық//
Диференцияланған//
Функциональді сорушы//
Анатомиялық
***
Жоғарғы және төменгі жақтардың жабынды шырышты қабығының батымдылығы әр түрлі дәрежеде таңдай торусы, сызықтары айқындалған. Қандай қалып тағайындалған://
Компрессиялық//
Декомпресиялық//
+Диференцияланған//
Функциональді сорушы//
Анатомиялық
***
Ортопедиялық стоматологияда зондтау қолданылады://
Периодонтқа ауырсыну реакциясы//
Бұлшық ет тонусын және кілегей қабық батымдылығын, жасырын сүйек төмпешігін анықтау//
+Тіс қызылиек емізікшелерінің және пародонтальды қ қалталардың тереңдігін анықтау, жегіленген қуыс тереңдігі және қабырға сезімталдығын анықтау//
Тіс тастарын алу//
Сілекей безі өзегінен тастарды алу
****
Кеннеди жіктемесі бойынша тіс қатары ақауының I класын көрсетіңіз://
Бір жақты шектелмеген//
+Екі жақты шектелмеген//
Шектелген бүйір//
Шектелген алдыңғы//
Жеке дара сақталған тістер
***
Тістер жартылай жоғалғанда қызметтік жағынан тіс қатарлары негізгі екі топқа бөлінеді://
Ақау жағына ығысқан немесе шалқайған//
Көрші тістердің болуы немесе болмауы//
Функциональдық жүктеме жағдайында немесе салыстырмалы жағдайда антагонистері жоқ (функциональдық топ) немесе олар жойылғанда// (функциональдық емес топ)//
+Функциональдық жүктеме жағдайында немесе қалыпты жағдайда, антагонистері бар (функциональдық топ) немесе олар жойылғанда (функциональдық емес топ)//
Аттас тістердің болуы немесе болмауы
***
Тігілген сополимердің қасиеті байланысты://
Макромолекулалар тізбегінің ұзындығына//
Молекулярлық массаның үлкендігіне//
Мономердің қатынасына//
Мономер, молимер пропорцияларына//
+Макромолекулалар арасында көлденең байланыстардың санына
***
Альвеоланың сүйек тіндерінің атрофиясының мөлшері зондтау кезіндегі аймақ://
Вестибулярлық беткейден//
Оральдық беткейден//
Медиальдық беткейден//
Дистальдық беткейден//
+Беткейге қарамастан, бірақ ең көбіне
***
Жаңа туған нәрестеде төменгі жақтың физиологиялық орналасуы болып табылады://
+Дистальды//
Бейтарап//
Антериальды//
Орталық//
Мезиальды
***
Баланың тіс протездеріне қойылатын талаптарға жатады://
Алынбайтын болуы қажет//
Кламмерлер мөлшері жоғары//
Қызылиекте жасанды тістер//
+Аллергиялық реакциялар мен стоматиттерді тудырмауы//
А сызығының шекарасы есепке алынбайды
***
Шайнау қызметін қалпына келтіру әдісі болып табылады://
Тістесу ауытқуларын дұрыстау//
+Ауыз қуысын уақытында сауықтыру және протездеу//
Тілдің қысқа үзбесінің пластикасы//
Төменгі еріннің қысқа үзбесінің пластикасы//
Шайнау бұлшықеттерін жаттықтыру үшін миотерапия
***
Тіс қатарында тістердің орналасуының өзара өзгеруін сипаттайтын термин болып табылады://
+Транспозиция//
Инфраокклюзия//
Репозиция//
Тортоаномалия//
Супраокклюзия
***
6-жастағы баланың екінші сүт молярлары дистальды беткейлерінің орналасуын болжаңыз://
Бір горизонтальды жазықтықта//
+Мезиальды баспалдақпен//
Әртүрлі жазықтықта//
Дистальды баспалдақпен//
Бейтарап
***
6 айлық бала, үлкен тесігі бар бөтелкеден қоректендіріледі. Алғашқы диагнозды болжаңыз: //
Дистопия//
+Дистальды тістесу//
Тортоауытқу//
Мезиальды тістесу//
Айқасқан тістесу
***
Бала 3 жаста. Балалар бақшасындағы тәрбиешісі баланың қолын ұртының астына қойып, бір бүйірде жататынын байқаған. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Ортогнатиялық тістесу//
Тіке тістесу//
Мезиальды тістесу//
Дистальды тістесу//
+Айқасқан тістесу
***
5 жастағы балада қанағаттанарлық пропорциялары бар жоғары өсу, бірақ үлкен аяқтары мен қолдары, беттің ұзарған формасы және төменгі жақтың шығуы байқалады. Төменгі жақтың жоғары көтерілуші тармағының және тілдің биіктігі үлкейген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
+Прогениялық тістесу//
Прогнатиялық тістесу//
Ортогнатиялық тістесу//
Ашық тістесу//
Терең тістесу
***
Науқас 12 жаста, клиникаға алдыңғы бөлімде тістер жымдасуының болмауы шағымымен келді. Анамнезінен: 10 айға дейін емшекпен қоректендірген, ұзақ уақыт төменгі ерінді тістеді. Қараған кезде беттің конфигурация бұзылыстары анықталды: беттің төменгі үштен бір бөлігінің ұзаруы, мұрын ерін және иек қатпарларының тегістелуі, еріннің жымдаспауы. Жоғарғы жақ фронтальды бөлімде ұзарған, төменгі жақ жазықталған, жоғарғы жақта альвеолярлы өсінділер шамадан тыс дамыған. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Айқасқан тістесу//
Терең тістесу//
Дистальды тістеу//
Мезиальды тістесу //
+Ашық тістесу
***
7,5 жастағы балада асқынған тіс жегісі бойынша 85 тісі жұлынған. Балада мүмкін асқынуды болжаңыз://
36 тістің дистальды ығысуы//
біріншілік адентия//
31 тістің вестибулярлы ығысуы//
75 тістің ретенциясы//
+46 тістің мезиальды ығысуы
***
Науқас 12 жаста. Сөйлеудің бұзылысына шағымданады, аузы жартылай ашық. Науқаста тіс қатарларын қараған кезде 6 мм сагиттальды саңылау анықталды. Фронтальды жоғарғы тістер толық төменгі алдыңғы тістерді жабады. Тыныс алуы ауыз арқылы. Бала төменгі ерінді тістейді. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
+Дистальды тістесу//
Ашық тістесу//
Айқасқан тістесу//
Мезиальды тістесу//
Ортогнатиялық тістесу
***
Бала 3 жаста. Дәрігер-ортодонттың қабылдауында анамнез жинау кезінде баланы жұмсақ, үгітілген тағаммен тамақтандыратыны анықталды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Ортогнатиялық тістесу//
Бейтарап тістесу//
Тіке тістесу//
+Терең тістесу//
Ашық тістесу
***
Бала 5 жаста. Балалар бақшасында стоматологпен алдын ала қаралу кезінде тіл үзбесінің тәжі айқын байқалатыны, тілдің ұшына жақын орналасатындығы және оның қозғалысын шектейтіні анықталды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Бейтарап тістесу//
Ортогнатиялық тістесу//
Тіке тістесу//
Мезиальды тістесу//
+Дистальдытістесу
***
Жоғарғы жақ апикальды базисінің енін анықтау орнын болжаңыз://
Бірінші және екінші премолярлардың түбір ұштары арасында//
+Ит тістер мен премолярлардың түбір ұштары арасында//
Премолярлар мен молярлардың түбір ұштары арасында//
Бірінші молярлар сауыттарының дистальды беткейлері арасында//
Бірінші молярлар сауыттарының мезиальды беткейлері арасында
***
Науқас 7 жаста, дәрігер-ортодонтта прогениялық тістесу бойынша емделуде. Жарты жыл бұрын Брюкль аппараты орналастырылған. Бір ай мерзімінде алдыңғы тістер арасында вертикальды саңылаудың болуын анықтады. Объективті: алдыңғы тістер арасындағы вертикальды саңылау – 4 мм. Бүйір бөлімде окклюзия кілті қалыптастырылды. Осы науқасты емдеу кезінде дәрігердің қателігін болжаңыз://
Дұрыс таңдалмаған аппарат//
Аппаратты ұзақ мерзім қолдану//
+Аппараттың иілу жазықтығының сәйкес еместігі//
Aппараттың жиі белсендірілуі//
Вертикальды саңылаудың болуы – бұл қалыпты
***
Бала 6 жаста. Дәрігер-ортодонтта емделуде. 1 жыл мерзімінде түнгі уақытта иекті пращаны қолданылады, бірақ емдеуде жетістік жоқ. Қараған кезде: төменгі ерін сәл шығыңқы. Алдыңғы тістер арасында тремалар. Тіс қатарлары формасы бойынша жартылай шеңберге жақындайды. Фронтальды бөлімде тістесу – кері күрек тістік. Бүйір тістердің қатынасы бұзылмаған. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Дистальды тістесу//
Терең тістесу//
Ашық тістесу//
Айқасқан тістесу//
+Мезиальды тістесу
***
Бала 10 жаста. Қараған кезде: беті симметриялы, беттің үштен бір бөлігі алға шығыңқы, төменгі ерін жоғарғының алдында орналасады. Мұрын ерін қатпарлары айқын. Бүйір тістердің қатынасы: 16, 26 тістердің алдыңғы ұрттық төмпешіктері төменгі тістердің көлденең фиссураларында орналасады. Фронтальды бөлімде төменгі тістер жоғарғылардың алдында орналасады. Күрек тістердің ортаңғы сызығы солға ығысқан. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Айқасқан тістесу//
+Мезиальды тістесу//
Дистальды тістесу//
Ашық тістесу//
Терең тістесу
***
Бала 8 жаста. Қос иек, құс бет. Жоғарғы фронтальды тістердің протрузиясы, уақытша бүйір тістердің төмпешіктері қажалған, молярлар 2 класс бойынша жымдасады. Готикалық таңдай. Тісжақ жүйесінің рентгенологиялық жағдайы қалыпты. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Айқасқан тістесу//
Мезиальды тістесу//
+Дистальды тістесу//
Ашық тістесу//
Терең тістесу
***
15 жастағы жасөспірім эстетикалық кемістікке шағымдануда. Сыртқы қарағанда: беті – тар, басының формасы долихоцефаликалық. Ауыз қуысында: күрек тістер осьтері бойынша бұрылған және тығыз орналасқан, жоғарғы күрек тістердің енінің қосындысы – 36 мм; төменгі күрек тістердің – 24 мм. Жоғарғы және төменгі күрек тістер мөлшерлерінің пропорциональдығын анықтау әдісін болжаңыз://
Линдер-Харт//
Коркхауз//
Герлах//
+Тон//
Пон
***
10 жастағы баланың ата-анасы эстетикалық жетіспеушілікке шағымданады. Сыртқы қараған кезде беттің аз ғана асимметриясы анықталады. Ильин-Маркосян бойынша клиникалық сынамалар анықталмады. Ауызішілік қараған кезде: орталық күрек тістер арасындағы ортаңғы сызық ығыспаған. 46, 45, 44, 43 тістер 16,15,14,13 тістерді жабады. Сагиттальды жазықтықта бүйір тістердің қатынасы нормогнатикалық. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
+Біржақты ұрттық айқасқан тістесу//
Біржақты тілдік айқасқан тістесу//
Екіжақты тілдік айқасқан тістесу//
Екіжақты ұрттық айқасқан тістесу//
Ұрттық-тілдік айқасқан тістесу
***
Бірінші тұрақты молярдың жарып шығу мерзімі://
6 ай//
+6 жас//
12 жас//
1 жас//
15 жас
***
Даму ақауы, асқынуы бар мектепке дейінгі баланың жегімен бірге қатарласқан кезде диспансерлік бақылаудың мүсіні://
Диспансерлік қарау жылына 1 рет//
Диспансерлік қарау жылына 2 рет//
+Диспансерлік қарау жылына 3 рет//
Көрсеткіші бойынша диспансерлік қарау//
Жалпы жағдайы бойынша
***
Жедел іріңді периостит кезінде экссудаттың орналасу орны://
Теріасты-майлы клетчатка//
Кеуікті зат//
Бұлшықетаралық кеңістік//
+Сүйектысы асты//
Фасция астында
***
Бассүйек қуысынан жоғарғы жақ нервісі шығу орны://
Ұйқы тесігі//
Сопақша тесік//
Қылқанды тесік//
+Дөңгелек тесік //
Ментальды тесік
***
Бала С., 3 жаста. Диагноз: 12, 11, 21, 22 тістердің жүлгелі жүйелі гипоплазиясы. Берілген патология кезінде қолайсыз фактордың құрсақішілік әсер ететін кезеңді анықтаңыз://
5ай//
6 ай//
7 ай//
8 ай//
+3 ай
***
Бала 4 жаста. Анасының айтуы бойынша жоғарғы оң жақ тісінің тәттіден болатын ауырсынуына шағымданады. 5.5 тіс бұрын ауырмаған, емдетілмеген. 5.5 тістің шайнау беткейінде пигменттелген дентинге толған жегілік қуыс бар, зондтау эмаль-дентин шекарасында ауырсынулы. Перкуссия ауырсынусыз. Термометрия теріс мәнді. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Декомпенсирленген формадағы орташа тіс жегісі//
+Компенсирленген формадағы орташа тіс жегісі//
Орташа-тереңделген тіс жегісі//
Жедел пульпит//
Созылмалы периодонтит
***
Бала 6 жаста. Диагноз: 75 тістің жедел ошақты пульпиті. Берілген патологияда зондтау мәліметтерін анықтаңыз://
+Бір нүктеде ауырсыну//
Түбінде ауырсыну//
Бір нүктеде ауырсыну және қансырау//
Түбір каналдарының сағаларында ауырсыну//
Пульпаның гипертрофияланған тінінде ауырсыну
***
Бала Д., 2,5 жаста. Диагноз: 75 тістің созылмалы периодонтиті. Берілген жастық мерзімде термиялық тітіркендіргішке реакциясы://
Адекватты//
Импульсивті//
+Адекватты емес//
Баяу//
Апатиялық
***
2 жастағы балада оң жақасты аймағында ауырсынатын «шар» пальпацияланады, қозғалмалы, тері және тіндермен дәнекерленбеген, мөлшері 2.0х2.0см. Оның үстіндегі тері түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Бала соңғы аптада ангинамен ауырды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Мойынның бүйір кистасы//
Созылмалы гиперпластикалық лимфаденит//
+Жедел серозды лимфаденит//
Жедел іріңді лимфаденит//
Жақасты аймағының абсцесі
***
8 жастағы бала сол жақ ұрттық аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болды. Жағдайы біртіндеп нашарлады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,50С, пульс - минутына 96 соққы, ТАЖ - минутына 20. Сол жақ ұрттық аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 2,0х2,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған іріңді өзек бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Ұрттық аймағының абсцессі//
+Ұрттық аймағының абсцестелген фурункулы//
Ұрттық аймағының флегмонасы//
Бұрыштық венаның флебиті//
Ұрттық аймағының карбункулы
***
3 жастағы бала ұрттық аймағында ісіну мен қызару шағымымен келді. Қызару 1 жыл бұрын пайда болды, ол біртіндеп үлкейе бастады. Бала мазаланған кезде ісіну ашық және үлкен бола бастады. Объективті: оң жақ ұрт аймағында анық контурлары бар, қызыл түсті 1,5х1,5 см түзіліс бар. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
+Гемангиома//
Лимфангиома//
Нейрофиброматоз//
Лимфаденит//
Абсцесс
***
Бала А., 5 жаста. Диагноз: 54, 55, 64, 65, 74, 75, 84, 85 тістердің декомпенсирленген формасындағы орташа тіс жегісі. Берілген жегілік зақымдануы бар баланың диспансерлік тобының сызбасы:ри//
+Декомпенсирленген форма, жылына 3 рет//
Компенсирленген форма, жылына 1 рет//
Субкомпенсирленген форма, жылына 3 рет//
Компенсирленген форма, әр 12 ай сайын//
Субкомпенсирленген форма, әр 6 ай сайын
***
Бала 6 жаста. Шағымы: төменгі оң жақ аймағында ауырсыну мен ісінуге, әлсіздікке, сырқаттануына. Объективті: төменгі оң жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 85 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынады. Төменгі оң жақ аймағында өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
85 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//
Созылмалы одонтогенді лимфаденит//
Жедел одонтогенді остеомиелит//
Жедел іріңді одонтогенді лимфаденит//
+85 тістен жедел іріңді периоститі
***
Бала 7 жаста. Шағымы: сол жақасты аймағында ауырсыну мен ісінуіне, жұтыну кезінде ауырсынуына, әлсіздікке, сырқаттануына. Объективті: сол жақасты аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақты 6,0х4,0 см инфильтрат бар, оның үстіндегі тері қызарған, ісінген, ширыққан. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы 2 см дейін шектелген. 75 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынады. Сол қанат тәрізді-төменгі жақасты қатпары қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы//
Жақасты, иекасты аймағының одонтогенді флегмонасы//
Жақасты, ұрттық аймағының одонтогенді флегмонасы//
Қанат тәрізді-төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы//
+Жақасты, қанат тәрізді-төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы
***
10 жастағы балада жарақаттан кейін төменгі ерін аймағында ісіну пайда болды. Төменгі ерін аймағында 1,0х1,0 см ісіну бар, кілегей жұқарған, көкшіл-қызыл түсті. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Лимфангиома//
+Ретенционды киста//
Гемангиома//
Абсцесс//
Гематома
***
Бала К, 8 жаста. Жоғарғы жақ алдыңғы тістердің эстетикалық ақауына шағымданады. Бала ауыз суында фтор мөлшері шамадан тыс болатын аумақта мекен етеді. Тістер бұрын ауырмаған, емдетілмеген. Қарағанда: 11,12, 31, 41 тістердің вестибулярлы беткейінде ақ таңдақты дақтар бар. Зондтағанда және перкуссиялағанда ауырсынбайды, термометрия теріс мәнді. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
Жүйелі дақты гипоплазиясы//
Деструктивті формалы эпидемиялық флюороз//
Жүйелі жүлгелі гипоплазиясы//
Жолақты формалы эпидемиялық флюороз//
+Дақты формалы эпидемиялық флюороз
***
7 жастағы балада мед.қарау кезінде 74 75 тістердің тамақ қалдықтарға, пломба материалының қалдықтарына, жұмсарған дентинге толы жегі қуыстар бар. 7.5 тіс сұр күңгірт түсті, барлық қалдықтарды алып тастағаннан кейін жегі қуыстың тіс қуысымен байланысы бар екендігі анықталды, Зондтағанда дисталды каналдар ауырсынады, қансырайды. Перкуссия ауырсынбайды. КПУ+кп=6. Ақырғы диагнозды қою үшін қажет қосымша зерттеу әдісі болып твбылады://
Электроодонтометрия//
+Рентгеногарфия//
Термометрия//
Ортопаномограия//
Томография
***
9 жастағы қыз бала жоғарғы сол жақ жартысы аймағында ауырсыну мен ісінуге, дене қызуының 380С дейін жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына үш тәулік. Объективті: жоғарғы сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беті асимметриялы, пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады, 64 тістің ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы. Алғашқы диагнозды болжаңыз://
64 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//
Жедел іріңді периодонтит//
Жедел іріңді остеомиелит//
Жедел іріңді гайморит//
+64 тістен жедел іріңді периоститі
***
10 жастағы балада қанат тәрізді-төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы анықталды. Осы патологияға тән симптом://
Ұрттық аймақтың жұмсақ тіндерінің ісінуі//
Тіласты валиктің ісінуі//
+Ауыз ашылуы шектелген//
Ауыз ашылуы ауырсынулы//
Өтпелі қатпардың тегістелуі
***
6 жастағы бала төменгі жақ аймағында ісіну шағымымен келді. Ісіну 2 ай бұрын пайда болды. Қараған кезде: оң төменгі жақтың тығыздалуы есебінен беті асимметриялы. Пальпациясы ауырсынбайды. Ауыз ашылуы еркін. 84, 85 тістердің сауыттары пломба астында, перкуссия ауырсынбайды. Өтпелі қатпар тегістелген, оның үстіндегі кілегейдің түсі өзгермеген. Пальпациясы ауырсынбайды. Рентгенограммада 84, 85 тістердің түбір ұштары аймағында диаметрі 2,0х2,0 см анық контурлары бар жарықтану ошағы бар. Жарықтану ошағында 45 тістің ұрығы бар. Алғашқы диагнозды болжаңыз: //
+Фолликулярлы киста//
Радикулярлы киста//
Жақтың фибромасы//
Остеобластокластома//
Остеома
***
Глоссит - бұл://
Еріннің қабынуы//
Қызылиектің қабынуы//
+Тілдің қабынуы//
Сілекей безінің қабынуы//
Ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы
***
Тілінде ауырсыну және күйдіру сезімі, тамақтанғаннан соң басылады. Бұл неге тән://
Глосситке//
Үшкіл нервтің невралгиясы//
+Глоссалгияда//
Десквамативті глосситте//
Ромботәрізді глосситте
***
Жабық кюретаж жүргізіледі//
+Пародонтальды қалталар тереңдігі 3-4 мм//
Пародонтальды қалталар тереңдігі 5 мм көп//
Паронтальды киста көлемі 1,2 см//
Пародонтальды қалта тереңдігі 10 мм//
Пародонтальды қалта тереңдігі 6 мм
***
Түбір өзегіне гуттаперча штифтын латеральді конденсациялау үшін қолданылатын эндодонтиялық инструментті таңдаңыз. Екі түрі бар, бір бірінен жұмыс бөлімінің ұзындығы бойынша ажыратылды.//
Конденсер//
Плагер//
Лентуло//
+Спредер//
Ларго
***
Әйел 33 жаста, жоғарғы еріннің ұлғаюына шағымданады. Анамнезінде оң жақтағы бет жүйкесінің парезі. Бірінші рет бір жыл бұрын ауырған, тез жоғалатын жоғарғы еріннің ісігі пайда болған, бірақ еріннің біршама ұлғаюы қалды. Үш күн бұрын суық тиюден кейін қайтадан тез ұлғайды. Объективті: жоғарғы еріннің оң жағы көп өлшемде ұлғайған, пальпация кезінде жұмсақ, эластикалы ауырсынусыз, қысқанда саусақтың ізі қалмайды. Тіл ісінген, тіл арқасында – қатпарлар, тіл беткейі бұдырлы. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
+Мелькерсон-Розенталь синдром//
Квинке ісігі//
Ашер синдромы//
Мейж трофедемасы//
Ерін элефантиаз (слоновость)
***
Науқас 55 жаста, жұмсақ таңдайда көпіршіктің болуына шағымданып келді. Бұрын таңдайынан көпіршіктердің пайда болуын байқаған, 1-2 күннен кейін апта аралығында жазылған. Анамнезінен ІІ дәрежелі гипертоникалық ауру. Объективті: сол жақ жұмсақ таңдай шырышты қабат фонында диаметрі 1 см дейін қан құйылған көпіршік анықталды. Болжамды диагноз қандай?//
Дюрингтің герпетиформды дерматит//
Қатерсіз акантолитикалық емес көпіршік//
+Көпіршікті-тамырлы синдром//
Левердың буллезді пемфигоид//
Қызыл жалпақ теміреткінің буллезді формасы
***
Науқас И., 57 жаста, төменгі еріннің ауырсынуына және қанауына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінге 1 ай бұрын жара қайтадан пайда болды. Осындай көрініс суық мезгілде жиі пайда болып тұрады. Жағымсыз әдеттер: шылым шегу, ерінді жалайды және тістейді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сыртқы қарау ерекшеліксіз. Терінің және көрінетін шырышты қабаттың түсі физиологиялық. Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Еріннің қызылжиегі құрғақ және бұдырлы. Төменгі еріннің қызылжиегінде орта сызық бойында көлденең сызықты, қанды қабықпен жабылған тіндер ақауы бар. Пальпация кезінде ақау негізінде қабыну инфильтраты анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
Көпформалы жалқықты эритема//
Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі//
+Еріннің созылмалы жырығы//
Эксфолиативный хейлит, жалқықты түрі//
Мелькерссон-Розенталь макрохейлиті
***
Науқас Ж., 43 жаста, жағымсыз сезімге, ауыз қуысында әртүрлі аймақтағы – тіл ұшында, қатты таңдайда парестезия ауырсынуы (құрғау, күйдіру, керілу, шаншылу). Нақты аурудың дамуы: 1ай бұрын кешке күшейетін күйдіру сезімі пайда болған, жедел сезіледі. Әрі қарай науқас тағам қабылдау уақытында ауырсыну жоғалуын байқайды. Объективті: Сыртқы қарау ерекшеліксіз. Терінің және көрінетін шырышты қабаттың түсі физиологиялық. Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Ауыз қуысы патологиялық өзгеріссіз. Сіздің болжамды диагнозыңыз://
Глоссит//
+Глоссалгия//
Хейлит//
Неврит//
Невралгия
***
Әйел 51 жаста тілдің арқасында және бүйір беткейінде тағам қабылдау уақытында жоғалатын, бірақ кешке күшейетін күйдіру және сұққылау сезіміне, ауыз қуысында құрғақтыққа, дәм сезудің бұрмалауы. Бірінші рет осындай сезім бір жыл бұрын психикалық жарақаттан кейін пайда болды, уақыт аралығында осы сезім күшейеді.Анацидті гастритпен, қант диабетпен ауырады, нашар ұйықтайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
+Глоссодиния//
Тіласты ганглийдің ганглиониті//
Гюнтер-Миллер глосситі//
Десквамативті глоссит//
Кандидозды глоссит
***
Науқас С., 40 жаста, санация мақсатында қаралды. Қарау кезінде тілде көптеген жүлгелер анықталды, терең орталық “жүлгеден” ажыратады. Тілдің ісінуі, тіл біркелкі емес ұлғайғаны анықталды. Тіл аз қозғалмалы, науқастың тілін толық кіргізу қиын. Науқастың осы жағдайы балалық шақтан анықталады. Осы жағдай қандай синдромның симптомы болуы мүмкін?//
+Мелькерсон- Розенталь синдромы//
Гриншпан синдромы//
Шегрен синдромы//
Бехчет синдромы//
Стивенс- Джонсон синдромы
***
Әйел 52 жаста, тілдің ұшында және бүйір беткейіндегі тұрақты күйдіру сезіміне шағымданады. Күйдіру таңертең пайда болады және кешке таман күшейеді, тағам қабылдау кезінде басылады. Өзін бір жылдай сырқатпын деп санайды. Аурудың болуын алмалы – салмалы протезді орнатуымен байланыстырады. Анамнезінде: анацидті гастрит, жатыр фибромиомасы бойынша операция, гипертоникалық аурудың II дәрежесі, нашар ұйқы, қорқыныш сезім. Объективті: тіл сәл ісінген, тіл арқасында –аз мөлшерде ақ қақ, жіптәрізді емізікше атрофиясы. Қалған шырышты қабат патологиялық өзгеріссіз. Жұтыну-тор рефлекс төмендеген. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
Кандидозды глоссит//
Пластмассаға аллергиялық реакция//
Гюнтер-Миллер глоссит//
+Глоссодиния//
Тіл жүйкесінің невриті
***
Ер адам 45 жаста төменгі еріннің қызыл жиегінде ауырсынбайтын ақшыл түсті ошақтың болуына шағымданады. Объективті: төменгі ерін қызыл жиегінің оң жағында ортасына жақын шектелген ошақ полигональды түрі 0,5-1,0 см өлшемінде анықталады. Зақымдалу ошағының беткейі ақ-сұрғылт түсті және тығыз жататын ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ошақ сәл түскен, қоршаған тіндер өзгеріссіз. Өзгерген ошақтың пальпациясы ауырсынбайды, негізінде қалыңдауы анықталмайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
Қызыл жегі//
Кандидозды хейлит//
Лейкоплакия, жалпақ формасы//
+Шектелген обыралды гиперкератоз//
Қызыл жалпақ теміреткі
***
Науқас С, 63 жаста, тілдің ерекше түріне, ашы және ыстық тағам қабылау мүмкін еместігіне шағымданады. Бірінші рет қатты, ыстық тағам қабылдау кезіндегі тіл күюіне назар аударғаннан бастап, бір ай бойы өзін сырқатпын деп санайды. Объективті: ауыз қуысында жоғарғы жақта альвеолярлы өсіндінің біркелкі, айқындылығы орташа дәрежедегі атрофия. Тілдің бүйір беткейіндегі шырышты қабатында гиперемия және ісіну фонында өлшемі 2-3 мм табақшалар немесе қосылған түйіншектер анықталады, ошақтар ақ-сұр түсті, папоротник жапырақтарының суретіндей қосылған. Қыру кезінде қақ алынбайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
+Қызыл жалпақ теміреткі//
Қызылжегі//
Аллергиялық стоматит//
Ауыз қуысының шырышты қабатының кандидозы//
Жалпақ лейкоплакия
***
Ер адам 56 жаста, ауыз қуысында бір апта бұрын байқалған қызыл дақтың болуына шағымданады. Объективті: оң жақ ретромолярлы аймақтың шырышты қабатында шектелген зақымдану ошақ, көлемі 2 x 1,5 см, бархатты беткейлі қою қызыл түсті анықталады. Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз, базальды қабат сақталған; тікенек қабатта– тікенек жасушаларының полиморфизм. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
+Боуэн ауруы//
Қызылжегі, эрозивті түрі//
Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті түрі//
Лейкоплакия, эрозивті түрі//
Жалпақ жасушалы мүйізделуші обыр
***
Ер адам 62 жаста бірнеше ай бұрын тілде пайда болған ауырсынбайтын түзіліске шағымданады. Объективті: тісжегі және толық бұзылған тістер саны көп, тілдің бүйір беткейінде - 10×5 мм өлшемде ақшыл түсті тегіс емес беткейімен сүйел түрінде ауырсынбайтын түзіліс байқалады. Гистологиялық: эпителийдің мүйізді қабатының қалыңдауы мүйізделудің белгілері. Қандай диагноз болуы мүмкін?//
Кандидоздың гиперпластикалық түрі//
Сүйелді обыралды//
+Лейкоплакияның веррукозды түрі//
Қызыл жалпақ теміреткінің гиперкератотикалық түрі//
Кератоакантома
***
Науқасқа пародонт ауруын емдеу үшін жергілікті жансыздандыру жасалынды. Ілмек, экскаватор көмегімен қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс тастары алынды. Қыру арқылы инфицирленген цемент, өскен эпителий грануляциясын алынды. Операциялық алан медикаментозды өңделді. Бұл қай әдіс//
Гингивоэктомия//
Гингивотомия//
Криохирургиялық операция//
Радикальды гингивэктомия//
+Жабық кюретаж
***
Науқас 37 жаста, 1.7 тістің жедел ауырсынуына әсіресе түнгі уақытта ауырсыну сезімінің үдеуіне шағымданады. Ауырсыну сезімінің болуына 3 күн уақыттай болды. ЭОД 20 мкА. Аллергоанамнез теріс. Емдеу әдісін таңданыз://
витальді ампутация //
девитальді ампутация//
+витальді экстирпация//
девитальді экстирпация//
биологиялық әдіс
***
Науқас А., 21 жаста эстетикалық ақауға шағымданады, бір апта бұрын байқаған. 2.1 тістің вестибулярлы бетінің мойын аймағында бор түстес дақ, зондтау кезіңде кедір -бұдырлы. Термореакция мен перкуссия ауырсынусыз . Зақымдалған ошақты 2% метиленді ерітіндімен өңдеген кезде көк түске боялады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
+Ақ дақ сатысындағы бастапқы тісжегі//
Пигменттілген дақ сатысындағы бастапқы тісжегі//
Беткей тісжегі//
Эмаль гипоплазиясы//
Флюороз
***
19 жастағы науқас стоматологқа қызыл иегінің тамақ ішкенде, тісін тазалағанда ауырсынатынына шағымданды. Объективті қарағанда: жоғарғы және төменгі жағының алдыңғы тістері ығысқан , қызыл иек гиперемияланған, цианоздалған, еміздікшелер сауыттың 1/3 бөлігін жауып жатыр. Жүмсақ тіс қақтары бар. Қызыл иек инструментпен тигенде қанайды. Қандай диагноз қоясыз?//
+Созылмалы гипертрофиялық гингивит//
Созылмалы каторальды гингивит//
Жайылмалы пародонтит//
Ошақты пародонтит//
Жаралы гингивит
***
Науқас К, 37 жаста. Ауыз қуысының ауырсынуына, күйдіруіне шағымданады. Анамнезінен анықталғандай бұрын ондай болмаған,жалпы жағдайы нашар, дімкәстік. Объективті: таңдайда, тіл арқасында, ұртта қызыл түстес дақтар (гиперемияланған ошақтар) анықталады. Тілдің ортаңғы сызық бойымен еміздікшелердің атрофиясы. Тілдің бүйір беткейлерінде ақ түстес түктер байқалады (түкті лейкоплакия). Диагноз қойыныз://
Мерез//
Туберкулез//
+Жүре дамыған иммунитет тапшылық синдром//
Жаралы-некротикалық стоматит//
Лимфалейкоз
***