Сабақтың міндеттері: Білімділігі өсімдіектерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру



Дата09.06.2017
өлшемі150,96 Kb.
#18290
түріСабақ
Күні: ___________Сыныбы: ___________

Тақырыбы: §5. Өсімдік ұлпалары §6. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Сабақтың мақсаты: өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіектерге тән барлық ұлпалар жайлы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар, дайын микропрепартаттар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Пияздың мөлдір өңінен жасаған препараттан жасушаның анық көрінген бөліктерін атаңдар. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай? Саңырау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?

Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді? Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашалығы және жасушаға не үшін қажет? Вакуоль қандай қызмет атқарады?

Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлерінің қайда кездесетінін сызбанұсқа (схема) немесе кесте сызып толтырыңдар. 2.Жасуша қабықшасының қасиетін талдаңдар.




1 – карточка

Әр сөйлемдегі жасуша бөлімдерінің қасиетін, атқаратын қызметін оқып, мұқият талдап, сәйкес келетіндерінің тұсындағы рет санын кестеге толтыр.

1. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, керексіз улы заттарды ыдыратуға қатысатын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын. 2. Сыртында екі қабат саңылауы қабықшасы бар цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын және көбеюге қатысатын жасушаның ең қажетті құрамдық бөлігі. 3. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын фотосинтез процесіне қатасытын органоид. 4. Құрамында су, нәруыз, май болатын, барлық күрделі тіршілік әрекетіне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат. 5. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет беріп, ішкі бөлімдерін зақымданудан қорғайды.

Қабықша

Цитоплазма

Ядро

Вакуоль

Пластид






















2 – карточка

І. Пияздың мөлдір қабықшасы жасушасындағы көрсетілген сандарды кестеге берілген бөлімдердің тұсына жаз.

Жасуша қабықшасы

Цитоплазма

Ядро

Вакуоль

Қабықша саңылауы

1

5

4

3

2

ІІ. Көп нүктенің орнына тиісті жауаптың нөмірін жаз.

Биологиялық диктант

1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - ... бар. 2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты ... дейді. 3. Жасуша ..., ..., ... . 4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін ... тұрады. 5. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене – ... . 6. ... жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. 7. ... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. 8. Хромопласт пластидтер дамуының ... . 9. ... ... жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. 10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға ..., ... түс береді.

Жауаптар: 1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; 10)Ақырғы кезеңі.


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады, тітіркенеді, зат алмасады. Тарихи дамудың нәтижесінде құрылысы күрделеніп көп жасушалы ағзалар пайда болды. Өсімдіктердің жеке-жеке мүшелерге жіктелуінің арқасында көлемі ұлғайып, сыртқы ортамен байланысы күшейіп, қоректік заттарды сіңіруі жақсара бастады.

Өсімдіктің өсуі мен дамуы жеке мүшелерінің қызметін күрделендіре түсті, құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей жаңа жасушалар түзілді.

Шығу тегі бірдей құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа д.а. Нағыз ұлпалар папротниктәрізділерде, ашық тұқымдыларда, гүлді өсімдіктерде жақсы, ал мүктерде өте нашар дамыған.

Атқаратын қызметіне қарай ұлпалар түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек (механикалық), өткізгіш, бөліп шығарушы деп топтастырылады. Ұлпа жасушалары тірі және өлі болады. Өлі жасушаларының ішінде цитоплазмасы болмаса да өсімдікке қажетті физиологиялық қызмет атқарады. Жасушааралық кеңістіктері аз болса, ұлпа жасушалары бір-бірімен өте тығыз, ал кең болса арасында бос орын көбірек қалып бостау орналасады.

Ұлпа – жасушалардың бөліну, өсу, жіктелу нәтижесінде пайда болған (түзілген) шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметі бірдей жасушалар жүйесі.

Түзуші ұлпалар (меристема – грекше «меристос» - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а)төбе(апикальды); ә)бүйір(латеральды); б)қыстырма(интеркалярлы); в)жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.

Түзуші ұлпа жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан майда- қабықшасы жұқа пектинді – целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.



Жабын ұлпа өсімдіктің барлық мүшелерінің сыртын қаптап жауып тұратын жасушалар жиынтығы. Негізгі қызметі: өсімдіктің ішкі жағындағы су, газ, жылуды тұрақты етумен қатар сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан, зиянды жәндіктер мен микроағзалардың зақымдануынан қорғау. Тамырдың сору бөлігінде жабын ұлпа тамырға су мен онда еріген заттардың жеткізілуін қамтамсыз етеді. Жабын ұлпа – алғашқы (бастапқы) және соңғы деп 2-ге бөлінеді. Алғашқы жабын ұлпаға жер үсті мүшелерін қаптап тұратын өң (эпидермис) және тамыр сыртын қаптап тұратын өң(эпиблема) жатса, соңғы жабын ұлпаға тоз бен қыртыс жатады.

Өң (эпидермис) тұқым ұрығы жетіле бастағанда-ақ түзуші ұлпадан дамиды. Өсімдіктің барлық жас мүшелерінің сыртын қаптап, көбінесе бір қабат жасушалардан (өте сирек жағдайда екі немесе көп қабатты болады) құралады. Жасуша пішіндері әр түрлі, мөлдір, бір-бірімен өте тығыз жанасқан, ал қабықшалары түзу, тегіс, ирек-ирек (қысымды бірқалыпты сақтап, беріктік қасиет береді) болады. Цитоплазмасы қабықшаны астарлай созылып жатады. Ядросының айналасында лейкопластар, жасушасының дәл ортасында үнемі вакуольі болғандықтан эпидермис түссіз, мөлдір болып көрінеді. Кейбір су өсімдіктері мен папротниктердің өңінде майда хлорофилл дәндері болғандықтан жасыл, ал қызыл қауданды орамжапырақтың өңі жасуша шырынында болатын пигментке байланысты күлгін түсті болады. Өң жасушаларының қабықшасы сыртқа қараған жағы қалың және саңылаулары болмайтындықтан шаңдақ зат (кутикула) жауып тұрады. Ол ылғалы тапшы жерде өсетін өсімдіктердің суға батып тұратын бөлімінде шандақ зат қабықшасы жұқа, әрі саңылаулары болатындықтан басқа жасушалармен байланысып зат алмасуға қатысады. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады.

Біржасушалы түктер мақта тұқымында ұзындығы 60 мм жетеді, онда тоқыма өнеркәсібінде мата тоқылады. Итмұрын, таңқурай, бүлдіргеннің сыртындағы ағаштанған қатты тікенектері, әр түрлі гүлдердің күлтелерінің саусақпен сипағанда мақтадай жұмсақ болуы емізікші тәрізді майда өсінділеріне байланысты, олар да түкке жатады. Түктердің көбісі көп ұзамай цитоплазмасы кеуіп, іші ауаға толып өлі түкке айналады. Құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктерде мұндай түктер қалың болғандықтан сырттай қурап, солып қалмау үшін суды көп буландырудан, күн сәулесінің әсерінен қызып кетуден сақтайды. Ал тамырда болатын түктер топырақтан өсімдікке қажетті су мен қоректік заттар ерітіндісін сору үшін қажет. Тірі түктерге қызылдақ түктер (қалақайда) мен бездеуіт түктер жатады. Бездеуіт түктер көпжасушалы эпидермистен пайда болуына қарамастан эфир майын, шайыр, шырышты зат бөлінетіндіктен бөліп шығарушы ұлпаға топтастырылады.



Эпиблема жасушаларының қабықшасы өте жұқа, сыртында шаңдақ заты (кутикула) болмайды, цитоплазмасы да жабысқақ, жанаспалы жасушалары жоқ. Әр жасушасы тамыр түктерін түзуге қабілетті болғанымен ерекше жасушалардың (трихобласт деп атайды) сыртқы қабықшасының ұзарып созылуынан ұзындығы 1-2 мм біржасушалы өскінше түктер пайда болады. Олар әрбір 15-20 күн сайын жаңарып отырады. Эпиблема жас тамырлардың сыртын қаптап жатады.

Соңғы жабын ұлпа(тоз бен қыртыс). Алғашқы жабын ұлпа, яғни өң (эпидермис пен эпиблема) өсімдікте ұзақ сақталмай шетінен түлеп түсіп, орнын біртіндеп пайда болатын соңғы жабын ұлпалар басады.

Тоз. Эпидермис өсімдікте бірнеше айдан 2-3 жылға (омела өсімдігінде 15 жылға дейін сақталады) дейін сақталып қорғаныштық қызметін атқарады. Ол түлеп түскен соң түзуші ұлпа жасушалары бөлініп, өте берік, жасушааралық кеңістіктері болмайтын және жасушалары өте тығыз кірпішше қаланып жататын жаңа ұлпа, яғни тоз пайда болады. Мұны әсіресе ағаш пен бұта өсімдіктері діңдері қабығының қоңырқай түске ене бастағанынан байқаймыз.

Қыртыс (сары қабық) тамыр мен сабақтың жуандап өсуінен тоздың сыртында пайда болады, жасушалары өлі. Сабақ жуандаған сайын тоз бен қыртыстың кернелуінен әр жерінен жарыла бастайды. Жарылған жерін жаңадан пайда болған тоз жасушалары толтырады. Әсіресе діңдері жуан емен, қараағаштардың қабықтары тегіс болмай сай-сай болып тұрады. Бұларды сайлы қыртыс дейді. Қылқан жапырақты ағаштарда (қарағай, шырша, балқарағай, т.б.) қыртыстары қабыршақтанып жұқалау болады. Бұны қабыршақты қыртыс дейді. Қыртыстарына арап ағаш түрін ажырату қиын емес. Тоздың жаңа қабаты түзілген сайын қабық қалындай береді.

Қорыта келгенде, өсімдікте жабын ұлпаның 3 қабаты болады: өң, тоз, қыртыс (сары қабық).



Негізгі ұлпа. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып негізгі ұлпа дейді. Негізгі ұлпа деп аталу себебі бүкіл өсімдік денесін құрап тұрады. Вегетативті және генеративті мүшелерінде кездеседі. Жасушалары тірі, пішіндері дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді жасуша қабықшасы жұқа (кейде қабықшасы қалындап ағаштанады, мысалы, сүрек, кофе, пальма тұқымдары).

Атқаратын қызметіне қарай фотосинтездеуші ассимиляциялық, қоректік (қор жинаушы), су жинаушы, ауа жинаушы(аэренхима) деп бөлінеді.

Фотосинтездеуші ассимияляциялық ұлпа жапырақтың жас сабағы мен піспеген жемістердің негізін құрайды.

Жапырақ тақтасының ортаңғы жұмсақ бөлігі (мезофилл) түгелдей фотосинтездеуші ұлпа болғандықтан жасушаларында хлорофилл дәндері өте көп, сондықтан фотосинтез процесі жүреді. Жасушалары орналасуына қарай бағаналы және борпылдақ деп бөлінеді. Бағаналы жасушалы жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде өңнің астына бағана тәрізді ұзынша бір-біріне тығыз орналасады. Ал борпылдақ жасушалары жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасып, жасуша арқылы қуыстары кең болғандықтан борпылдақ деп аталады. Бағаналы жасушалар ауадағы көмірқышқыл газын қабылдап органикалық зат түзуге қатысса, борпылдақ жасушалар суды көбірек буландырып газ алмасуға қатасады, сондықтан газ алмастыратын ұлпа деп те аталады. Көлеңкелі жерде өсетін өсімдіктерде бағаналы ұлпа жақсы жетілмейды. Фотосинтездеуші ұлпаларда түзілген органикалық заттардың өсу дәуірінде жұмсалғаннан артылғандары қор жинаушы қоректік ұлпаға қарай ағады.



Қоректік ұлпа. Өсімдіктегі органикалық заттардың (нәруыз, көмірсулар, май) артығын қорға жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Әдетте жасуша қабықшасы жұқа болғанмен атқаратын қызметіне қарай біртіндеп қалыңдайтын кездері болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде қоректік ұлпа кездеседі, мысалы: бір жылдық және көп жылдық өсімдік тұқымдарының эндоспермінде (ұрығында), түйнегінде, пиязшығында, жуан тамырларында, сабақ өзегінде, жапырағында. Қор заттары ерітінді күйінде(пияз қабыршағында, қант қызылшасының тамырларында) қатты күйде (картоп түйнегінде, бидай дәнегінде, тұқымында, түйнек тамырда) кездесе береді. Сабақтың өзегінде, өзек сәулелерінде күзге қарай жапырақтың сүзгілі түтіктері арқылы ағып келген қанттан крахмал түзіледі. Қоректік заттардың қорға жиналуы өсімдіктің белгілі мүшелерін түрөзгеріске ұшыратады. Мысалы, картоп түйнегі алғашында жіңішке болса да крахмал қорға жиналған кезде қысқарып, жуандап түйнекке айналып түрін өзгертеді. Оның жер асты өркені екенін бірден түсіну қиын. Пиязшықтың жапырақтарда органикалық заттар қорға жиналғандықтан қалыңдап етженді болып түрін өзгертеді. Демек, жапырақтары – түрін өзгертен жер асты өркен. Қоректік ұлпалар сабақ пен жапырақтан басқа да мүшелерінде кездеседі. Мысалы, шалқан, сәбіз, қызылша өсімдіктерінің тамырында крахмал қоры жиналады. Тұқым ұрығының қоректік ұлпалар жарнағында (емен, үлмебұршақ, асбұршақ, күнбағыс, т.б.) және ұрықтан тыс эндоспермінде (үпілмәлік, көкнәр, шырмауық, қарабұрыш, астық тұқымдастардың дәнектері) болады, органикалық заттарды қорға жинайды.

Су қорын жинаушы қоректік ұлпаларда аты айтып тұрғандай су көп мөлшерде қорға жиналады. Шырынды өсімдіктерде (кактус, алоэ, агава, т.б.) де сортаң топырақта өсетіндерде (соран) су жинайтын жасушалары өте ірі, қабықшасы жұқа болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында 85 %-ға дейін су кездеседі. Бұл өсімдіктің күнделікті тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін су. Көптеген өсімдіктердің белгілі мүшелеріндегі арнаулы жасушаларында су қоры сақталады. Ол көбінесе суы тапшы жерде басқа бір өсімдікке жабысып өсетіндерде (эпифиттер) және өте шырынды өсімдіктерде кездеседі.

Тірек ұлпа. Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жамбырға майыспай, сыңбай төтеп береді. Жылдан-жылға өсімдіктің өзарып өсуі, бұтақ жаюы оның көлемін ұлғайтып, көп салмақ түсіретіндігне қалың жауған қарға, желге, соққан дауылға тірек ұлпасы болса ғана қарсы тұра алады. Алғаш түзіле бастаған мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетіле қоймағанымен, өсіп ұлғая келе жақсы жетіліп, тірек қызметін атқара бастайды. Сабақтағы тірек ұлпалар сақина тәрізді тұтаса немесе үзік-үзік болып орналасатандықтан үш қырлы, төрт қырлы, көп қырлы. Сабақтар барлық салмақ күшіне төзімді болып, қанша дауыл соқса да қатты майысып, иіліп барып қайта қалпына келеді. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).

Өткізгіш ұлпа. Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.

Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрек жасушалары түтікше тәрізді, оны трахеида деп те атайды. Трахеида деп қабықшасы сүректенген (қатайған), екі ұшы сүйір, өте жіңішке ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жететін өлі жасушаларды айтады. Алғаш түзіле бастаған кезде жасуша қабықшасы таза целлюлозадан тұрғанымен өсе келе қатайып, сүректеніп беріктік қасиет береді. Әсіресе қылқан жапырақты өсімдіктердің сүректерінің 80-90%-ы трахеид жасушаларынан тұрады. Көктемде түзілген трахеида жасушаларының қабықшасы жұқа, ішкі қуысы кең. Жаздың соңғы айларында түзілгендерінің қабықшасы қалың, ішкі қуысы тар болады. Сондықтан ерте көктемдегі трахеида суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады.

Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т.б. мүшелеріне таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі түтіктері арқылы қозғалады. Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша қабықшасының жан-жағына орналасқан.

Сүзгілі түтік жасушалары тірі, бірінің үстіне бірі қаланып жатқан жасушалардың көлденең перделерінде сүзгі тәрізді көптеген майда тесіктері болады, сол арқылы көршілес орналасқан жасушаларға органикалық қорек заттары өтеді.



Бөліп шығарушы ұлпа. Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а)схизогенді; ә)лизегенді.

Схизогенді жолмен бөліп шығарушы ұлпа ең алдымен бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзілген жасушалардың бір-бірінен ажырауынан жасушааралық кеңістіктер пайда болып әрі қарай кеңи береді. Жан-жағында орналасқан жасушалардан бөлінген шырыш, шайыр, эфир майы жасушааралық кеңістікте (кейде бөліп шығаратын заттардың «арнаулы орын» деп те атайды) жинала береді, мысалы: қылқан жапырақты ағаштардан (қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, т.б.) бөлінетін шайыр жолы созылып едәуір жолды алып жатады. Шайыр жолы қабықтан сыртқа шықпайды. Бірақ көп жағдайда қарағай діңінен мөлдір сарғылт түсті шайырдың ағып, тамшылып тұрғанын жиі көруге болады. Бұл тек шайыр жолы тесіліп, жарақаттанған кезде ғана болатын құбылыс. Қабығы тұтасып жатқан жерден шайыр ақпайды, шайыр сыртқа шығысымен дереу қатып қалады. Шайырдан скипидар камифоль дайындау үшін шайыр жолын кез келген жерінен кесіп барып шайырды ағызып алады. Шайыр жолы сүрек пен қабық бөлімінде ұзындығынан бойлап та, көлденең бағытталып та, кейде өзара бір-бірімен қосылып күрделеніп кетеді.

Сүт жолы бөліп шығарушы ұлпаның ерекше типіне жатады. Ол өсімдіктің барлық мүшелерін қамтиды. Сүт жолын құрайтын жасушалардың вакуольінеде сүт шырыны (латекс) бар. Өсімдік түріне байланысты сүтті шырын ақ (сүттіген, таусағыз, бақбақ, жер сағыз, т.б.), қызғылт-сары (сүйелшөп) түсті болады. Сүтті шырының құрамында алколоидтар, иілік заттар, көмірсулар, майлар, нәруыздар бар. Сондықтан резңке, каучук жасау өнеркәсібіне кеңінен қолданылады.



ІV. Бекіту.

Өсімдік ұлпалары
Үй тапсырмасы. §5,6 оқып, тақырыптар соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

3-4-зертханалық жұмыстар.



Тақырыбы: Өсімдік ұлпалары.

Мақсаты: Өсімдіктерге тән ұлпалардың құрылысын салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: бидайдың 10 күндік жас өскіні, қарағаш, қарағай, терек қабықтары, өрік, жаңғақ сүйектері, алмұрт жемісі, сәбіз, қызылша жемтамырлары, асқабақ немесе жүгері сабағы, бақбақ кеппешөбі (гербарий), бөлме өсімдігі – фикус, қарағай шайыры.

Жұмыстың барысы:

1. Бидайдың 10 күндік жас өскінінің тамыр ұшынан препарат жасап микроскоп пен қарап түзуші ұлпамен танысу, жасуша ерекшеліктеріне көңіл аудару.

2. Бөлме өсімдігі жапырағының астыңғы мөлдір өңін сылып алып, препарат жасап, микроскоппен қарап өң жасушалары – жабын ұлпамен танысу. Қарағай, қарағаш, терек қабықтарын қарау.

3. Өрік сүйегі, грек жаңғағының сүйегін жай көзбен қарау. Алмұрт жемісінің жұмсақ етіндегі қатты түйірін әбден езіп, микроскопта тірек ұлпасы жасушаларымен танысу.

4. Сәбіз, қызылша жемтамырлары, пиязшық пен кактустың (немесе басқа да шырынды өсімдіктер) сабағын жай көзбен қарап, қор жинаушы ұлпамен танысу.

5. Жүгері, асқабақ сабақтарының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап өткізгіш ұлпамен танысу (бар болса дайын микропрепаратты пайдалануға болады).

6. Сүтті шырын ағатын, шайыры бар өсімдіктердің (сүттіген, бақбақ, таусағыз, бөлмедегі фикус, т. б.) кеппешөптерін, қарағай шайырын қарап, бөліп шығарушы ұлпалармен танысу.

Нәтижесі:

І. Берілген сипаттамалардың тұсындағы әріпті дәл келетін ұлпа бағанына жазыңдар:

1. а) өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды; ә) жасушалары жас, ұдайы бөлінеді; б) өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады; в) жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайды; г) өсімдікті жуандатып өсіреді; ғ) жапырақтың жұмсақ бөлігіне күн сәулесін еркін өткізеді; д) өсімдіктің зақымданған жерін қайта калпына келтіреді; е) сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді; ж) құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктердің жасушаларында су жинаушы.

 

2. а) өсімдікті мал жеуден қорғайды; ә) жапырақ тақтасын керіп тұрады; б) сүт жолы мен шайыр жолы болады; в) хош иіс, тәтті шырын бөледі; г) қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз етеді; ғ) жасушалары қатты, қиыршықты; д) тін талшығы жақсы жетілген; е) жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы; ж) тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.



 

Қорытынды:

1) Ұлпа дегеніміз не?_____________________________________________________________



_______________________________________________________________________________

2) Мына ұлпалар өсімдіктің қай мүшесінде кездеседі?

Түзуші ұлпа немесе меристема_____________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Жабын ұлпа____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Негізгі ұлпа_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Тірек ұлпа______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Өткізгіш ұлпа___________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Бөліп шығарушы ұлпа ___________________________________________________________

_______________________________________________________________________________



Тексерілді:




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет