Негіздері



Pdf көрінісі
бет325/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

119 – сурет
Сҥйектің 
 мезенхимадан 
дамуы
1 – мезенхима
жасушалары,
2 - остеобластар, 
3 - остеоцит. 
(histology.narod.ru) 
 





237 
Мукополисахаридтік қабатынан айырылған коллагендік талшықтарда 
аппатиттің субмикроскопиялық кристалдары жинала бастайды. Коллагендік 
талшықтардың түзілуімен бірге ұсақ қан тамырларының маңында, ірі 
талшықты сүйек ұлпасының ішінде алғашқы остеондар пайда болады. 
2.4.3 Сҥйектің шеміршек орнына дамуы
Сүйектің шеміршек орнына дамуы адам мен омыртқалыларда (120-
сурет) эмбрионалдық және постэмбрионалдық кезеңде жүреді. Остеогенездің 
бұл типінде шеміршек бұзылып, ыдырайды. Эмбрионалдық гистогенез 
процесіңде шеміршек ұлпасы сүйектен бұрын пайда болады. Ұрықтарда 
алдымен шеміршек қаңқасы түзіледі.
Шеміршекте қан тамырлары болмайды, сондықтан оның ӛсуі белгілі шекте 
ғана жүреді, кейін ӛсуі тоқталып, ыдырап сүйекке айналады. Сүйек 
ұлпасының дамуы шеміршек қабықшасына қан тамырларының енуімен 
басталады, осыған байланысты оның камбиялық жасушаларының 
қоректенуі жақсарып, сүйек түзетін остеобластарға жіктеледі. Осының 
нәтижесінде жілік диафизінің аймағындағы сүйектің шеміршекті моделі, 
сүйек 
манжеткасы
деп аталатын, сүйек затының сақинасымен қоршалады. 
Сүйек манжеткасы жабайы ірі талшықты сүйектен тұратын шын 
мағынасындағы дәнекер ұлпалық сүйек. Перихондрда жүретін сүйек затының 
жиналу процесін 
перихондрлық
сүйектену дейді.
Жас перихондрлық сүйекті қаптайтын дәнекер ұлпалық қабықша 
периостқа 
айналады. Манжетка ӛсіп шеміршектің үстіңгі жағымен 
эпифиздерге қарай тарайды. Осы кезде шеміршек ұлпасы жасушаларының 
кӛбеюі тоқтамайды, бірақ та сүйек манжеткасымен қоршалған шеміршек 
жуандап ӛсе алмайды. Сүйектің жуандап ӛсуі манжетканың бетіне 
периостың шеткі зоналарынан бӛлінген сүйек заты қабатының қабатталуы 
арқылы жүреді.
Қоректенудің бұзылуына байланысты шеміршекте кальций тұздары 
жиналады және известену (әктену) нүктесі пайда болады. Шеміршек 
жасушалары вакуольденіп, ісініп, жойылып кетеді. Саңылаулар арқылы 
перихондрлық сүйектің ішіне мезенхималық жасушалардан, остеобластардан 
және шеміршекті ыдырататын жасушалар — хондракластардан тұратын 
сүйектенуші ұлпа мен қан тамырлары енеді. Диафиздің ортасынан басталған 
шеміршектің бұзылуы екі эпифизге тарайды. 
Перихондрлық сүйек арқылы кірген остеобластар шеміршектің әлі 
бұзылып жетілмеген аралық затының қалдықтарына орналасады. Соныменен, 
сүйектің шеміршек ішінде түзілуі, шеміршектің орнында жүреді, оны 
эндохондрлық 
сүйектену деп атайды. 


238 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет