132 – сурет. Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасының жасушалары (http://www.claw.ru/a-man/1140.htm). Ойыста кальций иондары жиналып, цитоплазмаға қарай кӛпіршік
түрінде ӛтеді де, кальций иондары кӛпіршіктен босап, миозин мен актин
филаменттерін әрекеттестіреді (полимеризация). Осының әсерінен миоцит
қысқарып жиырылады. Жүйке жүйесінен сигналдар тоқтаған кезде,
ойыстардан кальций иондары кӛшіп (эвакуация), миозин филаментінің
әрекеттесуі тоқтайды (деполимеризация). Сонымен, актин-миозин комплексі
бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасындағы миоциттердің жиырылуы кезінде
ғана жүреді.
Миоциттер бір-бірімен нексустар арқылы байланысады. Әрбір
миоциттердің сыртын базальді мембрана қоршайды. Ал, миоциттер тобының
254
сыртына эластинді, ретикулярлы талшықтар торы орналасып жалпы ұлпалық
комплексті құрайды.