252
Цитоплазмасында жалпы қызмет атқаратын органеллалардың біразы бар,
бірақ олардың құрамында кӛлденең жолақтары болмайды. Негізгі қызметтері
Пейсмекер элементтерінен (РР-жасушаларынан) жүйке импульсін қабылдап,
оны жиырылғыш кардиомиоциттерге ӛткізеді. Сондықтан жиырылғыш
кардиомиоциттердің арасында орналасады. Ӛткізгіш кардиомиоциттер үш
топқа бӛлінеді І, ІІ, ІІІ.
Секреторлы кардиомиоциттер –
ерекше қызмет атқарады. Оның
жасушалары гормон бӛліп, жиырылғыш ет жасушасының қызметіне,
артериялық қан қысымына, су мен тұздың алмасуына, несептің бӛлінуіне
әсер кӛрсетеді.
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады - сыртқы немесе эпикард,
ортаңғы – миокард, ішкі – эндокард.
Эпикард
– жүректің сыртқы сероздық қабықшасы, миокардпен тығыз
байланысқан.
Миокард –
жүректің етті қабаты, бір-бірімен байланысып, тығыз
орналақан кӛлденең салалы ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады,
олардың арасында борпылдақ дәнекер ұлпалар, қан тамырлары және жүйке
талшықтары орналасқан.
Эндокард
– жүректің ішкі астары, құрамында кӛптеген эластинді
талшықтар бар, бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан және
эндотелийден тұрады. Жүректің жақтаулары мен қалталары эндокардтың
қатпарлары.
Достарыңызбен бөлісу: