Негіздері



Pdf көрінісі
бет4/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

КІРІСПЕ 
Цитология
(грекше 
kytos
—торша, клетка, 
logos
—ғылым) – клетка 
туралы ғылым.
Қазіргі кезде цитология клеткалардың құрылысын, оларды тірі 
жүйелердің элементарлы бірлігі ретінде атқаратын функциясын; клетка 
құрамындағы жеке компоненттердің функцияларын, клеткалардың кӛбею 
процестерін, олардағы репарацияны, қоршаған ортаға бейімделулерін және 
барлық клеткалардың қасиеттері мен функцияларына жалпы сипаттама 
беруге мүмкіншілік беретін басқа да кӛптеген процестерді зерттейді. 
Сонымен қатар, цитология арнайы қызмет атқаратын клеткалардың 
ерекшеліктері мен олардың ерекше қызметерінің қалыптасу этаптарын және 
клеткадағы арнайы құрылымдардың дамуын қарастырады. 
Цитология – биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын 
экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек ғана 
клетканың құрылымын зерттеп ғана қоймай, оның ішінде жүретін физикалық 
және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы 
биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, 
цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп 
болды.
Клетка – біздің планетамыздағы тірі ағзалардың құрылымы мен 
дамуының негізін құраушы бірлігі. Кӛп уақыттар бойы биология жануарлар 
мен ӛсімдіктер құрылыстарының қасиеттерін, олардың кӛзге кӛрінетін 
макроскопиялық құрылысын зерттеп келді. Ағзалардың клеткалық құрылысы 
ашылғаннан кейін, биология ағзалардың құрылысы мен қызметін неғұрлым 
терең зерттей бастады.
Клеткалар жәй кӛзге кӛрінбейді, сондықтан тірі ағзалардың жасушалық 
құрылымын оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық аспаптардың жасалуы 
және жетілуімен тығыз байланысты. XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың 
басында жаратылыстану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен 
тәжірибе жүргізу жедел түрде дамыды.
Морфология ілімінен ӛрбіген цитология келесі ілімдер -
анатомия, 
гистология, физиология, эмбриология, генетика, биохимия және т. б. тығыз 
байланыста болды.
Цитология ғылымы биохимия, биофизика, генетика және молекулалық 
биология салалары сияқты ғылыми әдістемелік тәсілдерге жүгінеді. Осы 
тәсілдер арқылы, ол соңғы жылдары клетканы жан-жақты зерттеуде нәтижелі 
жетістіктерге жетті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет