235
Жасушалар мен сүйек түтікшелері жұқа капсуламен қоршалған.
Капсула белокпен қосылған полисахаридтен және жіңішке коллагендік
фибрилдерден тұрады.
Остеокластар
– кӛп ядролы ірі жасушалар, диаметрі 90 мкм. Атқаратын
қызметі шеміршек пен сүйекті бұзып, ыдырату. Остеокластар макрофагтар
қатарына жатады және кӛптеген жасушалардың қосылуынан пайда болады.
Цитоплазмасында Гольджи аппараты мен лизосомалар жақсы дамыған.
Митохондриялары кӛп болады (118-сурет). Остеокластың сүйекке жанасатын
жағы қатпарланып тұрады. Қатпарланған аймағының шетінде кӛптеген майда
кӛпіршіктер мен вакуольдар орналасады. Жалпы остеокластар ӛзін қоршаған
ортаға кӛмір қышқыл газын бӛліп шығарады, карболгидраза ферментінің
әсерінен Н
2
СО
3
түзіліп, сүйектің құрамындағы органикалық матриксті және
кальций» тұздарын ерітіп ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: