Негіздері


остеон   дейді (116-сурет).  Остеон



Pdf көрінісі
бет319/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

остеон
 
дейді (116-сурет). 
Остеон
— сүйектің тығыз затының құрылымдық 
бірлігі. Жілік сүйегі бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың кӛптеген 
санынан тұрады. Сүйекте қан тамырлары кӛп болады. Сүйек пластинкаларының 
арасында сүйектің тірі жасушалары остеобластлар орналасқан қуыстар болады.
Остеобластлар жасуша аралық зат бӛліп сүйек ұлпасын түзеді. Гаверс 
каналында борпылдақ дәнекер ұлпасына оралған жүйке мен лимфалық 
тамырлар орналасады. Остеондар арасында қалған кеңістікті, аралық 
пластинкалар алып жатады.
Сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі, жілік сүйегін сыртынан қаптап 
тұрады. Сүйек қуысының ішкі бетін, ішкі негізгі пластинкалар астарлайды. 
Оны жұқа дәнекер қабықша — 
эндост
қаптап тұрады. Негізгі және
аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес. 
Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырлар да 
болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар арқылы ӛтеді, 
басқалары Гаверс каналдарын ӛзара жалғастырады. Сүйекті, сүйек
қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер ұлпалық қабықша қаптап 
тұрады. Ол сүйек тіршілігіңде үлкен рӛл атқарады және екі қабаттан 
құралады. Ішкі және сыртқы. Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік 
және эластиндік талшықтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет