миосимпласт пайда болады.
Екіншісі – жасушалар жеке дифференциацияланып
миосателлиттер қалыптасады. Олар миосимпласттардың үстінде орналасады.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының құрылымдық бірлігі – симпласт, ет
талшықтары. Олардың сырты базальді мембранамен қоршалған, құрамында
миосимпласт пен
миосателлиттер бар (127-сурет). Ет талшығының
ұзындығы сантиметрмен ӛлшенеді, ал ені 50-100 мкм. Миосимпласттың
плазмалеммасы мен базальді мембранасы құрған комплексті
сарколемма деп, ал талшықтың цитоплазмасын
саркоплазма деп атайды.
127 - сурет. Қаңқаның кӛлденең салалы бҧлшық еті 1 – ұзына бойлы кесілген бұлшық ет талшығы, 2 – кӛлденең кесілген
бұлшық ет талшығы, 3 - бұлшық ет талшығының цитоплазмасы,
4 - бұлшық ет талшығының ядросы.
(dic.academic.ru)