менисклер немесе
Меркелдің жасушалары деп атайды. Бұл жасушалардың басқа жасушалардан
айырмашылығы цитоплазмасы ақшыл түсті болып келеді, диаметрі 65—80
нм болатын осмиофильдік гранулалары бар. Терминалді жүйке бұтақшалары
осы жасушаларға жанасып, оларды шырмап, қоршап алады. Дискілер
сипауды сезетін терінің ӛте сезгіш бӛліктеріндегі эпителийде орналасады.
Дәнекер ұлпасындағы рецепторлар алуан түрлі. Оған жататындар
пластинкалық денешіктер немесе Фатер-Пачини денешіктері, Гольджи-
Мацциони денешіктері, Мейснер денешіктері, Краузенің ұштық колбалары,
Руффинидің денешіктері, генитальдық денешіктер немесе Догельдің де-
нешігі т. б.
Адам денесінде Фатер-Пачини денешіктері ең кӛп тараған, бұлар