60
Бауыр жасушаларындағы тегіс эндоплазмалық тор гликогеннің жиналуы
мен алмасуында маңызды рӛл атқарады.
Түйіршіксіз эндоплазмалық торды кӛлденең жолақ бұлшық етте
саркоплазмалық ретикулум деп атайды, ол кальций иондарын жинап
сақтайды. Жиырылған бұлшық ет талшықтары кальций иондарының
кӛмегімен созылып отырады.
Түйіршіксіз
эндоплазмалық
тор
бір-бірімен
байланысқан
түтікшелерден тұрады, кейде ол түтікшелер түйіршікті тордың
цистерналарымен жалғасып жатады.
Сонымен, түйіршіксіз эндоплазмалық тор жасушада келесі
қызметтерді атқарады:
1. Липидтер мен стероидты гормондар және қанның құрамындағы
липопротеидтер (гепатоциттердегі тегіс эндоплазмалық торда) синтезделеді.
2. Дәрілер мен улы заттарды детоксикациялайды;
3. Гликогенді синтездейді (гепатоциттерде);
4. Кальцийді жинап, сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: