Негіздері



Pdf көрінісі
бет86/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

 
30 – сурет.
Тҥйіршікті эндоплазмалық тордың электрондық микросуреті
1- түйіршікті эндоплазмалық тордың цистерналары, 2 – ядро, 3 – ядро 
мембранасы, 4 – митохондрия. (H.G.Burkit, B.Young, J.W.Heath бойынша). 
Ӛсіп келе жатқан жасушада немесе жасушаның бӛлінер алдында 
белок молекулалары қарқынды синтезделеді, мұндай жасушаларды негізгі 
бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс 
жасушада РНҚ-молекуласының кӛптігін және белок синтезіне қатынасатын 
рибосомдардың молдығын кӛрсетеді. Сонымен, рибосомалар белокты 
синтездеуде үлкен рӛл атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында 
орналасқан рибосомалар (түйіршікті эндоплазмалық тор) сыртқа 
(экспортка) шығатын белоктарды синтездеуде басты қызмет атқарады. 
Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бӛлігінің жасушалары кӛп мӛлшерде 
ішектердегі 
астарды 
ыдырататын 
белок-ферменттерді 
шығарады 
(протеиназа, липаза, нуклеаза т. б.). Бауыр жасушалары — қанның 
альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді, сүт бездері - казеинді, сілекей 
бездері - ас қорыту ферменттерін - амилазаны, РНҚ-азаны және т. б. 
бӛледі.
Тез кӛбейетін жасушада, ұрық және ісік жасушаларында полисомалар
эндоплазмалық тордың мембраналарына бекінбей гиалоплазмада бос 
жатады. Ондай полисомаларда жасушаның ӛзіне қажетті кӛп мӛлшерде 
белоктар синтезделеді. 
Түйіршікті эндоплазмалық тордың бетінде синтезделген белок 
гиалоплазмаға түспей, мембранадан ӛтіп, эндоплазмалық тордың ішкі 
қуысына жиналғаннан кейін, Гольджи аппаратына ӛтіп, сыртқа 


62 
шығарылады. Сонымен қатар, түйіршікті эндоплазмалық тор жасушалық 
мембраналарды ӛңдеуге қатысады. Яғни, онда мембраналық белоктар, 
липидтер синтезделеді және липопротеидтер осы торда жинақталып, 
құрылымдарын қалыптастырады. Сондықтан, түйіршікті эндоплазмалық 
торды жасушалық мембраналар «фабрикасы» деп атайды. Ӛйткені, Гольджи 
аппаратының, 
эндоплазмалық 
тордың, 
плазмалық 
мембрананың 
мембраналары түйіршікті эндоплазмалық торда түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет