Негіздері



Pdf көрінісі
бет88/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

31 – сурет
Митохондрияның 
жалпы 
 қҧрылысы. 
 
1- АТФ-синтаза 
молекулалары,
2 – матрикс, 3 –
мембрана аралық 
кеңістік,
 

– 
кристалар, 
5 - рибосомалар, 6 – 
ішкі мембрана, 7 – 
сыртқы мембрана, 8 – 
ДНҚ, 9-түйіршіктер.
 
 
 
 
 
 
 




 







63 
арнаулы бояулар арқылы 
митохондриялардың
анық кӛрінетінін дәлелдеп, 
оларды «биобластар» деп атады. Бенде 1898 жылы бұл органоидқа 
митохондриялар
деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың 
митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы 
тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап кӛрсетті. 
Митохондриялардың кӛлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың 
сыртқы пішіні әрдайым ӛзгермелі келеді. Кӛп жасушаларда олардың 
калыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді 
митохондриялар) 7—10 мкм дейін жетеді. Митохондриялардың шын 
кӛлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен 
митохондриялардың жұқа (400—500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да 
оның кӛлемін дәлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше 
митохондриядан алынған кӛптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын 
(кеңістіктегі кӛлемі) жасап, оның нақты кӛлемін анықтауға болады.
Митохондрияның саны жасушаның түріне қарай ауытқымалы болады. 
Кейбір балдырлардың жасушаларында және қарапайымдарда бір ғана 
митохондрия, ал әртүрлі жануарлардың аталық жыныс жасушаларында 
(спермотозоид) олардың саны 20 - 70-ке дейін, сүтқоректілердің дене 
жасушаларында 500 - 1000 дейін, алып амебада 500000 дейін жетеді. 
Жасушалардағы митохондриялар жиынтығын 
хондриом
деп атайды. 
Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл ӛсімдіктерде митохондриялар 
аз кездеседі, ӛйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропластар 
атқарады. 
Митохондриялар жасуша цитоплазмасында біркелкі таралады, ал кей 
жағдайларда, әсіресе, патология кезінде ядроның айналасына немесе 
цитоплазманың шет жағына қарай орналасады. Цитоплазмада жасуша 
қосындылары (гликоген, май) кӛп болған жағдайда, олар митохондрияларды 
жасушаның шетіне ығыстырады. Митохондриялар митоз процесінде ұршық 
жіпшесінің айналасына шоғырланып, жасуша бӛлінгенде олар жас 
жасушаларға тең бӛлініп беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек 
жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты орап 
орналасады. Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және 
оның атқаратын қызметіне байланысты болады. Бауыр жасушасында жалпы 
белоктың 30-35%, ал бүйрек жасушасында 20% митохондриялардың 
құрамында болатыны анықталған. 
Митохондрия екі мембранамен қоршалған, қалыңдығы 6-7 нм 
шамасындай. Гиалоплазмадан бӛліп тұратын сыртқы мембранадан және 
митохондрияның құрылысына қарай күрделі ӛсінділер («криста») беретін 
ішкі мембранадан тұрады (32, 33-суреттер).


64 
Ішкі және сыртқы мембраналардың арасында ені 10-20 нм тең кеңістік 
бар. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі матриксті қоршап жатады.
Күрделі ӛсінділерді немесе кристалар құратын мембраналардың ара 
қашықтығы 10-20 нм шамасында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет