А Б В 33 - сурет. Әртҥрлі ҧлпалардағы митохондриялардың электрондық микросуреттері .
А – бұлшық ет жасушасындағы, Б – бауыр жасушасындағы, В - бүйрек үсті безінің
қыртысты қабатындағы (H.G.Burkit, B.Young, J.W.Heath бойынша)
.
Митохондрия кұрамындағы ДНҚ-ның молекулалық салмағы және
нуклеотидтердің кұрамы мен орналасуы жағынан ядродағы ДНҚ-дан
айырмашылығы бар. Митохондрияда жүретін ДНҚ синтезінің ядродағы
ДНҚ синтезімен байланысы жоқ, олар ӛз ферменттері арқылы ғана
байланысады. Митохондриялардың матриксында ДНҚ матрицасы арқылы
РНҚ-ның
информациялық,
тасымалдаушы,
рибосомалық
түрлері
синтезделеді.
Митохондрия құрамында рибосомалар болғандықтан, белок синтезі
тұрақты жүреді. Бірақ, митохондрияның кӛптеген белогы цитоплазмада
синтезделіп, оның мембранасы арқылы ішкі жағына ӛтіп отырады.
Сондықтан да митохондрияны жартылай автономды органоидтар
қатарына жатқызады.