Негіздері



Pdf көрінісі
бет91/381
Дата14.05.2022
өлшемі8,4 Mb.
#143344
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   381
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet. (1)

1.6.5 Рибосома 
Рибосома
(лат.
rіbes - 
ағыс және грек.
some
- дене) — мебраналық 
құрылымы жоқ дӛңгелік пішінді, мӛлшерi 20-30 нм, кіші және үлкен


66 
суббірліктен тұратын органоидтар (34-сурет). Белок синтезін жүзеге 
асыратын жасуша ішілік органоид. Оны алғаш рет Дж.Паладе сипаттап, 
рибонуклеопротеидтерден тұрады деген. Сондықтан, оны Паладенің 
гранулалары деп атайды. 
Рибосома
тірі ағзалардың барлығына дерлік тән 
органоид. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін рибосомалар 
болады. Шамамен диаметрі 20 нм. 
Рибосомалар
екі класқа бӛлінеді: 70S 
және 80S (S-седиментация коэфф. бірлігі). 70S рибосома ядросы жоқ 
прокариоттар жасушаларында, ал 80S рибосомалар эукариоттардың 
цитоплазмасында болады. 
 
Химиялық құрамы жағынан РНҚ-нан және белоктардан тұратын 
нуклеопротеид болып саналады. 70S рибосомасының 60 - 65%  РНҚ және 35 
- 40% белоктан, ал 80S рибосомасының 50% РНҚ-дан, 50% белоктан 
құралады. Құрылымы 
жағынан рибосомалар үлкен және 
кіші 
суббірліктерден тұрады. Кiшi бiрлiгi р-РНҚ-ның бір молекуласынан және 
түрлі ақуыздардың 30 молекуласынан түзіледі. Ал, үлкен бірлігі р-РНҚ - 
ның 3 молекуласынан, 45-қа жуық ақуыздардан тұрады. Рибосоманың екі 
жүлгесі болады, оның біреуіне полипептидтік тізбек тізбектеледі, ал 
екіншісіне м-РНҚ байланысады. М-РНҚ-ның бір молекуласы бірнеше 
рибосомаларды біріктіріп, полисомалар түзеді. Олар жасуша 
цитоплазмасындағы Mg
++
иондарының концентрациясына байланысты 
диссоциацияланып (молекулалардың ыдырауы) және реассоциацияланып 
(молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосоманың құрылысы мен 
сыртқы түрі магнийдің болуына және концентрациясына тәуелді.
Рибосомалар жасушада белок синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап 
тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   381




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет