Негіздері


Барлық жоғары сатыдағы  жануарлардың кӛбеюі ұрықтану жолымен жүреді. Ұрықтану



Pdf көрінісі
бет109/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
.
Барлық жоғары сатыдағы 
жануарлардың кӛбеюі ұрықтану жолымен жүреді.
Ұрықтану
-
аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. 
Ұрықтанудың нәтижесінде зигота түзіледі және хромосомалар жиынтығы 
диплоидты қалыпқа келеді. Ұрықтану кезінде гаметалардың бір-біріне 
жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және гаметалардың 
қосылуы рет-ретімен жүреді (56-сурет). 
Гаметалардың жақындауы гамондардың (гаметалар гормоны) әсерінен 
жүреді, оны жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар бӛледі. Гамондар 
сперматозоидтардың қозғалуын және оның жұмыртқа жасушасы қабығына 
жанасуын активтендіреді. Сперматозоид жұмыртқа жасушасының қабығына 
жанасқанда 
акросомдық реакция
жүріп, жұмыртқа жасушасының қабығы 
ериді. Сперматозоидтың 
 
центриолі мен ядросы жұмыртқа жасушасының 
цитоплазмасына 
ӛтеді, 
ал 
мембранасы 
жұмыртқа 
жасушасының 
мембранасына қосылады. Жанасу нәтижесінде жұмыртқа жасушасы 
активтеліп, құрылымдық және физико-химиялық күрделі ӛзгерістер жүреді
.
 
Жұмыртқа жасушасына бірінші сперматозоид енген соң, бірден оның үстіңгі 
жұқа қабығы бӛлектеніп, ұрықтану қабығы пайда болып, 
кортикальды 
реакция
 
жүреді.
56 – сурет. Жҧмыртқа жасушасының ҧрықтану схемасы 
(
http://mirbiologii.ru/
). 


127 
Осы реакцияның нәтижесінде басқа сперматозоидтар жұмыртқа жасушасына 
ене алмайды. Қосымша енген сперматозоидтар ӛзгеріске немесе ұрықты 
ӛлімге алып келеді. 
Қалыпты жағдайда аналық гамета бір ғана сперматозоидпен 
ұрықтанады. Соның нәтижесінде ата-анасының белгілері бірдей дәрежеде 
тұқым қуалайды және хромосомалардың саны тұрақты сақталады. Ұрықтану 
нәтижесінде жұмыртқа жасушасы активтеледі, дамиды, синкарион түзіледі - 
бұл пронуклеустердің қосылуы нәтижесінде диплоидты ядросы бар 
зиготаның түзілу процесі.
Жұмыртқа жасушасындағы цитоплазмасының әр аймағы әртүрлі
химиялық құрамға ие. Ӛйткені, эмбрионалдық дамудың ерте сатысында 
ақуыздың синтезі үшін қажет энергияға мен м-РНҚ бай және олар жұмыртқа 
жасушасының цитоплазмасында біркелкі таралмаған. Цитоплазманың 
әртүрлі аймақтарының химиялық құрамы және потенциясы да әртүрлі. 
Цитоплазманың анимальді полюсінің аймағы эктодермалық, ал вегетативті 
полюс аймағы – энтодермалық, экваторлық аймақ – мезодермалық 
потенцияларға ие (57-сурет). Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында 
пайда болған жергілікті айырмашылық, оның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет