Негіздері


 Материалды бекіту (фиксациялау)



Pdf көрінісі
бет223/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
2. Материалды бекіту (фиксациялау)
Алынған гистологиялық препаратты бекіту дегеніміз химиялық және 
физикалық факторлармен әсер ету. Ол объектінің құрылымын бұзылудан 
сақтайды. Физикалық факторлар – мұздату (сұйық азотта, оттегінде және 
т.б.), жоғары қызудың әсері, рентген сәулесінің әсері. Бұл факторлар 
бактериялар мен ұлпалардың ферменттерін жойып, гистологиялық 


269 
материалды сақтайды. Химиялық факторлардың әсері де дәл сондай, 
олардың 
қарапайым
және 
кҥрделі
түрлерін ажыратады.
Қарапайым факторлар бір химиялық заттан тұрады, формалин (әдетте 
10-20% ерітіндісі), метилді спирт, осмийдің тетраоксиді (OsO
4
,1-2% 
ерітіндісі) сірке қышқылы және т.б., ондай фиксаторлар гистологиялық 
материалдың құрылымын зақымдауы мүмкін. Мысалы, формалин оны 
семітіп, кӛлемін кішірейтеді, сірке қышқылы керісінше - ісіндіреді. 
Сондықтан, күрделі фиксаторлар жиі қолданыдады.
Күрделі фиксаторлар бірнеше компоненттерден тұрады. Мысалы, Буэн 
фиксаторының құрамына формалин, спирт, пикрин қышқылы кіреді; 
Ценкер фиксаторына – сірке қышқылы, сулема, калий бихроматы, натрий 
сульфаты кірсе; Карнуа фиксаторы – формалин, спирт, сірке қышқылынан 
тұрады.
Жоғары сапалы препараттарды дайындау барысында материалды 
фиксациялаудың маңызы ерекше, оның негізгі міндеті зерттелген 
материалды одан әрі ӛңдеуге дайындау. Фиксациялайтын сұйықтықты бір 
рет пайдаланғаннан кейін, екінші рет пайдалануға 
болмайды. 
Фиксаторлардың ӛздеріне тән фиксациялайтын оптимальді мерзімі болады, 
берілген мерзім ӛткен соң, олардың зиянды қасиеттері артады. Зерттелуге 
арналған материал, жеткілікті мӛлшерде ыдысқа құйылған фиксаторға 
салынады. Фиксатордың кӛлемі фиксацияланатын материалдың кӛлемінен 
20-40 есе артық болуы тиіс. Материал фиксатордың бетінде қалқып жүретін 
болса, дәкемен жауып қою керек. 
Ең кӛп тараған фиксатор – формалин. Ол газ тәрізді құмырсқа 
қышқылының 30-40% судағы ерітіндісі. Препаратты фиксациялау үшін 
формалиннің 10-20% ерітіндісі қолданылады, ол үшін формалиннің 1 
бӛлігін судың 9-4 бӛлігімен ерітеді. Цитологиялық зерттеулерде 
нейтральданған формалин қолданылады. Формалинде фиксацияланған 
материалды ұзақ уақыт сақтауға болады. Әдетте материалды 20% 
формалинде (1 бӛлігі формалин, 4 бӛлігі су) фиксациялап, одан кейін 10% 
формалинге (1 бӛлігі формалин, 9 бӛлігі су) ауыстырады. Формалиннің буы 
кӛздің, мұрынның, тыныс жолдарының шырышты қабатын тітіркендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет