хондриом
деп атайды.
Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл ӛсімдіктерде митохондриялар
аз кездеседі, ӛйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропластар
атқарады.
Митохондриялар жасуша цитоплазмасында біркелкі таралады, ал кей
жағдайларда, әсіресе, патология кезінде ядроның айналасына немесе
цитоплазманың шет жағына қарай орналасады. Цитоплазмада жасуша
қосындылары (гликоген, май) кӛп болған жағдайда, олар митохондрияларды
жасушаның шетіне ығыстырады. Митохондриялар митоз процесінде ұршық
жіпшесінің айналасына шоғырланып, жасуша бӛлінгенде олар жас
жасушаларға тең бӛлініп беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек
жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты орап
орналасады. Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және
оның атқаратын қызметіне байланысты болады. Бауыр жасушасында жалпы
белоктың 30-35%, ал бүйрек жасушасында 20% митохондриялардың
құрамында болатыны анықталған.
Митохондрия екі мембранамен қоршалған, қалыңдығы 6-7 нм
шамасындай. Гиалоплазмадан бӛліп тұратын сыртқы мембранадан және
митохондрияның құрылысына қарай күрделі ӛсінділер («криста») беретін
ішкі мембранадан тұрады (32, 33-суреттер).
64
Ішкі және сыртқы мембраналардың арасында ені 10-20 нм тең кеңістік
бар. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі матриксті қоршап жатады.
Күрделі ӛсінділерді немесе кристалар құратын мембраналардың ара
қашықтығы 10-20 нм шамасында.
32 - сурет. Митохондрияның электрондық микросуреті.
1 — сыртқы мембрана,
2 — ішкі мембрана, 3 — кристалар, 4 — митохондрияның матриксі
(Ю.И.Афанасьев бойынша).
Кристалардың митохондрияларда орналасуы әр түрлі, кейбір
жасушаларда кӛлденең бағытта орналасады, кейбіреулері тармақталған.
Қарапайымдарда, бір жасушалы балдырларда, кейбір жоғары сатыдағы
ӛсімдіктер мен жануарлар жасушасындағы митохондриялардың ішкі
мембранасының ӛсінділері түтікше. Митохондрияның құрамында белоктар,
липидтер, нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) және витаминдер бар.
Митохондрияның құрамына енетін белоктардың кӛпшілігі — тотығу
процесін камтамасыз етеді.
Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы белоктар
20% болса, ішкі мембранасында 75% дейін жетеді, мұның ӛзі оның басқа
жасушалардың
мембраналарына
қарағанда
ерекшелігін
кӛрсетеді.
Митохондрияның сыртқы мембранасы эндоплазмалық торға ұқсас.
Сонымен, митохондриядағы ферменттер жасушаның тыныс алуына қажетті.
Митохондрияның матриксінде «Кребс» цикліне қатысатын ферменттер
шоғырланады.
65
Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және
фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ -тен
АТФ) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы
және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |