197
функцияны да атқарады.
Сонымен қатар, плазмада амилаза, фосфатаза,
дегидрогеназа, протеаза, липаза ферменттері болады.
Эритроциттер
адам мен сүтқоректілер ағзасында даму процесі ӛтіп,
ядролары мен органеллалары жойылған,
жоғары дифференциацияланған,
бӛлінбейтін постжасушалық құрылым. Бұлар
қанның негізгі жасушалары,
оны Левенгук 1673 жылы ашқан. Эритроциттердің негізгі қызметі тыныс алуға
қатысып, оттегі мен кӛмірқышқыл газын тасымалдайды. Атқаратын қызметіне
байланысты эритроциттер құрамына күрделі белок гемоглобин кіреді.
Гемоглобиннің құрамында глобин мен пигмент гем бар. Эритроцит 66%
судан, 33% гемоглобин белогынан және басқа белоктардан, ферменттерден,
липидтерден тұрады. Эритроциттер амин қышқылдарын,
антиденелерді,
токсиндерді, дәрілерді плазмолеммалары арқылы адсорбциялап, тасымалдайды
(98- сурет).
Эритроциттер лейкоциттерге қарағанда 500— 1000 есе кӛп. Ер
адамдардың 1 мм
3
қанында 5 миллионға жуық, әйелдерде 4—4,5 миллион
эритоциттер болады. Адам организміндегі эритроциттердің саны орташа
есеппен 25 триллион. Салмағы 500 кг. жылқыдағы эритроциттердің жалпы
саны 436,5 триллион. Бірақ, эритроциттердің
саны адамның жасына,
жынысына, кӛңіл күйіне, атқаратын қызметіне, қоршаған орта факторларына
тәуелді ӛзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған нәрестелердің 1 мм
3
қанындағы
эритроциттердің санын есептегенде 6—7 миллионға жеткен, кейіннен азайған,
Достарыңызбен бөлісу: