Негіздері


Саркомер жиырылғанға дейін



Pdf көрінісі
бет205/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Саркомер жиырылғанға дейін 


249 
шектелген цистерналар мен түтікшелер жүйесінің болатынын кӛрсетті. 
Құрылысы басқа жасушалардың эндоплазмалық торына ұқсас болғандықтан, 
оны 
саркоплазмалық тор
деп атайды. Саркоплазмалық торда гликоген 
синтезделеді және кальцийдің ионы болады. Гликоген - бұлшық еттің 
жиырылуына қажет энергия кӛзі, кейде энергия кӛзі ретінде май 
қышқылдары да пайдаланылады. Саркоплазмада миофибриллалар саны кӛп, 
ол талшықтың қызмет атқаруындағы негізгі бӛлігі болып саналады.
Саркоплазма миофибриллалар арасын толтырып, ядроны қоршап тұрады 
және мӛлшері ауытқымалы. 
130 - сурет. Бҧлшық ет қҧрылысындағы шоғырлар тобы 
(azerros.info) 
 
Кейбір бұлшық ет талшығында миофибриллалар кӛп, саркоплазма аз 
болады. Ондай талшықтардың жиырылу күші жоғары болғандықтан тез 
шаршап, жұмсалған энергияны жылдам қалпына келтіре алмайды. Ал, 
талшықтары аз, саркоплазмасы кӛп бұлшық еттер ұзақ уақыт жұмыс атқаруға 
қабілетті. 
Моифибриллалардың арасында саркоплазмада кӛлденең орналасқан 
сарколеммамен байланысқан Т-жүйесі (кӛлденең түтікшелер) болады. Белгілі 
жерлерде саркоплазмалық тордың екі цистернасының арасында Т-жүйесінің 
түтікшелері орналасады. Бір Т-жүйесінің түтікшесі мен екі цистерналар 
комплексін 
триада 
деп атайды. Түтікше мен цистерналар ӛзара кӛлденең 
мембраналық кӛпіршіктер арқылы жалғасқан. Цистерналар Са
2+
иондарын 
Бҧлшық ет
талшығы 
 Бҧлшық ет 
талшықтарының
 тобы 
 Сіңір
 Фасция
(эпимизий) 
 Сарколемма 
 Ет талшығы 
ядролары 
 Миофибриллалар 
 Миофиламенттер 


250 
ұстайды және босатуға қатысады, яғни кальций иондарының концентрациясы 
азаяды немесе кӛбейеді. Бұл процесс АТФ-азаның активтігіне әсер етіп, 
бұлшық ет талшығының функциясына ықпал кӛрсетеді. 
Жарық микроскопымен бұлшық ет ұлпаларын зерттеу барысында, 
оның құрылымында кӛлденең жолақтар бар екені кӛрініс берген. 
Электрондық микроскоппен зерттеу, ол жолақтардың актин және миозин
талшықтары екенін анықтады. 
Бұлшық ет талшығының саркоплазмасында 
саркосома
деп аталатын 
митохондриялар кӛп, оның құрамында тыныс алу процесіне қатысатын 
ферменттер бар. Ал, саркоплазмадағы ерігіш пигментті белок – 
миозин
химиялық құрамы бойынша эритроциттің гемоглобиніне жақын, ол оттегін 
байланыстырады және қажетіне қарай бӛліп беруге қабілетті. 
Бұлшық ет талшығын сыртынан дәнекер ұлпа - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет