Негіздері


Апоптоз екі топқа бөлінеді



Pdf көрінісі
бет96/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Апоптоз екі топқа бөлінеді: 
1.
Ішкі апоптоз – жасушаның жағдайы нашарланған кезде жүреді. 
2.
Командалық апоптоз – ―негативті‖, жасушаның арнайы рецепторлары
арқылы сырттан беріледі.
Ішкі апоптозға жататындар: 
А. Хромосомалардың аумақты зақымдануы (ДНҚ кӛп жерлерінің үзілуі,
оның конформациясының бұзылуы, хромосомалардың дұрыс ажырамауы,
тізбектерінің бір-бірімен тігілуі); 
Б. Жасуша ішілік мембраналардың зақымдануы (ерекше митохондрияларда)
олардағы липидтердің асқын тотығуы нәтижесінде жүреді. 
Бұл зақымдарды туындататын факторлар: әртүрлі сәулелер, 
температураның ӛзгеруі, белгілі бір химиялық қосындылар. Химиялық 
қосындылар ДНҚ –ның құрылымына еніп, топоизомеразаға басымдылық 
кӛрсетеді, сӛйтіп ДНҚ конформациясын бұзады.
Сондай-ақ эндогенді қосылыстар – азот тотығының түзілуі қауіпті. 
Оның тез түзілуін қамтамасыз ететін әртүрлі стрестік жағдайлар. Сонымен 
қатар жасушадағы әртүрлі бұзылыстар, оның қоректенуі бұзылған кезде де 
байқалады. 


113 
Ішкі апоптозға
 
мысал болатын мидағы нейрондар санының адам 
жасының ұлғаюына байланысты прогрессивті түрде азаюы. Егер апоптоз 
мидың бірнеше бӛлігінде жүрсе, онда адам Паркинсон ауруына ұшырайды. 
 
Командалық апоптозға жататындар

Бұл жағдайда жасуша тіршілікке қабілетті, бірақ ағзаға оның қажеті 
жоқ, тіпті зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан оған тіршілігін жою керек деген 
команда беріледі. 
Мұндай жағдайларға онтогенез сатыларындағы ӛзгерістерді келтіруге 
болады: 
-
Насекомдар қуыршағындағы метаморфоз кезіндегі жасушалардың 
жойылуы.
-
Эмбриогенез кезіндегі пронефростың редукциясы және бірқатар 
бастамалардың жойылуы (хорда, т.б). 
-
Морфогенез кезіндегі саусақтар арасындағы ―жарғақтардың‖ жойылуы. 
Жойылмаса синдактилия пайда болады. Тағы мысал ретінде иммундық 
жүйенің қалыптасуы мен қызметін келтіруге болады: 
-
Аутореактивті Т- және В-лимфоциттерін жою. 
-
Гликокортикоидтардың артық мӛлшері әсерінен лимфоциттердің 
жойылуы. 
-
Антигендердің ұзақ уақыт болмауына байланысты лимфоциттердің 
жойылуы жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет