99
мен кӛптеген аниондардың болуына тәуелді. Кальций мен магний иондары
ортада болмаған жағдайда кірпікшелер қозғалысы тоқтап қалады.
Ежелгі эукариотты клеткалар қозғалысының мүшелері кірпікшелер,
себебі олар гетеротрофты немесе автотрофты тіршілік ететін бір
клеткалыларда пайда болған. Ӛсімдіктердегі зооспоралардың барлық
типтері кірпікшелермен және талшықтармен жабдықталған, сонымен бірге
кӛп клеткалы жануарлар организмінің барлық ӛкілдерінде де кездеседі.
Қозғалыс функцияларының барлық түрінің энергиялық принципі бір,
жиырылғыш белоктардың АТФ типті макроэргиялық қосылыстармен
әрекеттесуі және АТФ кұрамындағы химиялық энергияның механикалық
энергияға айналуы. Сонымен қозғалыстың барлық типінің негізінде бір
биохимиялық принцип жатады.
Достарыңызбен бөлісу: