Негіздері



Pdf көрінісі
бет82/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

1.8.3 Клетканың қозғалысы
Қозғалу қабілеті тірі материяның маңызды қасиеті. Белгілі дәрежедегі 
қозғалыс жасушалардың бәріне тән. Қозғалыстың бірнеше түрі бар. 
Жасушаның цитоплазмасы үздіксіз қозғалып тұрады, онымен бірге ондағы 
митохондриялар, сферосомалар (микросомалар), пластидтер және басқа 
клетка ішіндегі құрылымдар да қозғалыста болады. Жасушаның ядросы да 
айналып қозғалып тұрады. Синтезделген жіп пішінді белок молекуласы 
матрицадан түсіп, ӛзінің екінші және үшінші кұрылысын қалыптастыру 
кезінде қозғалыстың күрделі түрлерін байқатады. Кейбір жасушаларда 
кірпікшелер мен талшықтар сияқты қозғалысты қамтамасыз ететін 
мамандалған құрылымдар бар. Бұлшық ет жасушаларының жиырылуымен 
қамтамасыз етілетін қозғалыс, сол жасушалардың негізгі арнайы қызметі. 
Барлық қозғалыс реакцияларына тән, жалпы ортақ молекулалық механизм 
болады. 
Жасушалар қозғалысының негізгі формаларына жататындар: 
 - цитоплазмалық қозғалыс (циклоз),
 - амеба тәрізді қозғалыс, 
 - талшықтар мен кірпікшелер және оларға ұксас құрылымдар арқылы
қозғалыс 
 - бұлшық ет қозғалысы. 
Цитоплазмалық козғалыс. 
Ӛсімдіктер клеткаларының кӛпшілігінде 
және жануарлардың кейбір клеткаларының цитоплазмасы үнемі айналып 
қозғалып тұрады. Жануарлар клеткаларына қарағанда ӛсімдіктер 
клеткаларында цитоплазма тез қозғалады. Цитоплазманың қозғалысына 
энергия 
қажет. 
Энергия 
АТФ-тың 
макроэнергиялық 
фосфаттық 
байланыстарының ферменттік ыдырауынан пайда
болады. Тірі клеткаға 
АТФ енгізсе, олардың цитоплазмалық қозғалысы үдейді. Цитоплазмалық 
қозғалыс анаэробиоз кезінде де болуы мүмкін. Цитоплазманың қозғалуына 
(циклозға) микротүтікшелер қатысады деп есептеледі. 
Амеба тәрізді қозғалыс. 
Амеба тәрізді қозғалыс цитоплазма 
белсенділігінің бір түрі. Жануарлар клеткаларында кең тараған. Мұнда 
қозғаушы мүше жалған аяқтар. Әртүрлі клеткалардың амеба тәрізді 
қозғалысының жылдамдығы түрліше. Амебаларда, лейкоциттерде және 
басқа клеткаларда түзілетін жалған аяқтар қозғалыс мүшесі ғана емес, 
сонымен бірге қоршаған ортадан түрлі бӛлшектерді ұстау құралы. Амебалар 
үшін мұндай бӛлшектер қоректік заттар. Лейкоциттер мен дәнекер 
ұлпасының клеткалары жалған аяқтарымен организмге зиянды сыртқа 
шығарылуға тиісті бӛгде бӛлшектерді де ұстайды. Клеткалардың осы 


97 
қабілетін И. И. Мечников зерттеп фагоцитоз (грекше 
рhаgо 
— 
жеу, суtоз 
— 
клетка) 
деп атаған, ал клеткалардың ӛздері 
фагоциттер 
деп аталады. 
Қарапайымдыларда фагоцитоз қоректенудің негізгі әдісі, ал жоғары 
сатыдағы жануарларда ол мамандалған клеткалардың, микрофагтар мен 
макрофагтардың кӛмегімен іске асатын қорғаныш реакция болып табылады. 
Амеба тәрізді қозғалыс бірнеше факторларға байланысты. Әсіресе АТФ 
энергиясының механикалық энергияға ауысуының маңызы ерекше. Бұны 
амеба тәрізді қозғалыстың негізгі себебі деп қарастыруға болады. Амеба 
тәрізді қозғалыстың ерекшелігі оның субстратқа тәуелділігі. Сұйық ортада 
қалқып жүрген амеба жалған аяқтарын шығарып, алға қарап қозғала 
алмайтыны ертеден мәлім. Қозғалыстың бұл түрі барлық клеткаларға қатты 
субстраттың қажет екенін кӛрсетеді. Ондай субстрат ағзадағы дәнекер 
ұлпасының талшықтары, қан қылтамырларындағы эндотелий беті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет