Биология сабак жоспары: Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер.
Күні:
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға лейкоциттер мен тромбоциттер және қанның ұюы туралы негізгі түсінік беру.
Дамытушылық: Қанның құрылысы мен қызметі, қан плазмасы туралы білім беріп түсініктерін ары қарай дамыту.
Тәрбиелік: Адам ағзасында қанның алатын орнын түсіндіре отырып тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: «Адам ағзасындағы ұлпалар» , плакат.
Сабақ типі: аралас сипатта.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа тақырып:
Лейкоциттер- қанның ақ жасушалары. Бұл ядросы бар және қан ағынымен тек қана жүзіп қоймай, жалған аяқтарының көмегімен өздігінен қозғала алатын, тіпті қантарату тамырларынан шығып та кететін жалғыз ғана қан жасушалары. Қанның 1миллилитрінде 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоциттер ағзаны ауру тудыратын микроағзалардан қорғайды. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлінеді:
Түйіршікті. Түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында көптеген ұсақ түйіршіктері бар. Түйіршіксіз лейкоциттер:
Лимфоциттер- диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады.
Моноциттер- қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді , цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш.
Лейкоциттердің қызметі. Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып , жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» - фагоциттер , микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады.
Тромбоциттер- қан пластинкалары –қанның ұю үдерісіне қажетті ядросыз ұсақ жасушалар. Қанның 1 миллилитрінде 250-400 мың тромбоциттер болады. Олар 8-11 тәулік өмір сүреді де бауыр мен көкбауырда немесе қан ұйығанда – қанұйықта тіршілігін жояды. Қанұйық ерімейтін нәруыз фибриннің жабысқан жіптерінен түзіледі, онда қан сарысуында еритін нәруыз фибриногенге айналады. Тромбоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Қантамырлар зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қантамырлардың зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ету ұзақтығы 7-10 тәулік.
Қанның ұюы –қанда болатын ерігіш фибриноген нәруызын ерімейтін фибринге айналдыратын күрделі үдеріс . Жарақаттанған жерден аққан қан 4-5 минутта ұииды. Ұйыған кезде фибрин талшықтары мен қан жасушаларынан түзілген тромб қантамырларын бітеп қалады. Қан ағуы тоқтайды. Фибриннің жіп тәрізді талшықтарына қанның қызыл және ақ жасушалары ұйысып , қанұйық түзеді. Қанның бұл жасушалары қанның ұюына қатыспайды, тек қан қатпаның тығыздығын арттырады. Салқын жерде қан баяу ұииды.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Қан қандай ұлпаға жатады?
Түйіршіксіз лейкоциттерді атаңдар?
Лейкоциттер қандай қызмет атқарады?
Түйіршікті лейкоциттерге қандай жасушалар жатады?
Тромбоциитердің құрылысы мен қызметі қандай?
Қанның ұюы дегеніміз не?
эритроциттермен лейкоциттердің айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма: Лейкоциттер мен тромбоциттерді оқу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |