Негіздері


А Б В  99 – сурет. Қандағы гранулоциттердің тҥрлері



Pdf көрінісі
бет167/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

А Б В 
99 – сурет. Қандағы гранулоциттердің тҥрлері 
А – эозинофил, Б - нейтрофил, В - базофил. 


203 
Атқаратын қызметтеріне қарай кіші лимфоциттер екіге бөлінеді:
«Арнайы дайындықты» тимуста ӛткен лимфоциттер – Т -лимфоциттер, 
ал лимфа түйіндері немесе кӛк бауырда ӛткендер – В – лимфоциттер деп 
аталады. Т – лимфоциттердің мӛлшері В – лимфоциттерге қарағанда кіші. 
Қандағы Т және В жасушаларының ара қатысы 80% және 20% сәйкес келеді. 
Қан ағзаның қажетті бӛлігіне лимфоциттерді жеткізетін тасымалдаушы орта 
болып табылады. Лимфоциттердің орташа тіршілік ұзақтығы 90 тәулік. 
1. Т — лимфоциттер жасушалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар 
бӛгде жасушалар мен патологиялық жасушаларды жояды, патогенді 
вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы тұрады. Сонымен бірге қан жасалу 
бағытын анықтайды;
2. В — лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. 
Арнайы белоктар антиденелерді бӛліп, ағзаны бактериялық және
қайталанатын вирустық инфекциялардан қорғайды. В — лимфоциттер 
алғаш рет Фабрицус бурсалары (bursa — дорба) деп аталатын құстың 
лимфоидтық мүшесінде байқалған.
Моноциттер
лейкоциттердің 2-8% дейінгі мӛлшерін құрайды, 
лейкоциттердің ішіндегі ең ірісі, пішіні сопақтау, ядросының пішіні әртүрлі 
болып келеді: таға, бұршақ, таяқша тәрізді немесе сегменттелген. 1 мм
3
қандағы саны 200 - 600-ге дейін жетеді. Цитоплазмасында жақсы жетілген 
Гольджи аппараты, бос рибосомалар мен полирибосомалар, түйіршікті
эндоплазмалық тор және бірен-саран митохондриялар болады. Моноциттерге
амебаша қозғалыс пен фагоцитоз тән. Моноциттер бактерияларды ғана 
емес, сонымен бірге жасушалардың қалдығын, антигендер мен бӛгде 
белоктарды да фагоцитоздайды (100-сурет Б). И. И. Мечников бұларды 
макрофагтар
деп атаған. Моноциттер трофикалық функция да атқарады.
Моноциттер сүйек кемігінде 
монобластардан
түзіліп, бірден қанға 
шығады, онда 2-4 тәулік тіршілік етіп, ұлпаларға ӛтіп, бірқатар ӛзгерістерге 
ұшырап, пісіп жетіліп, 
макрофагтарға 
айналады. Макрофагтар қандағы ең 
ірі жасушалар, олардың ядросы сопақша немесе дӛңгелек болып келеді (100- 
сурет В). Ұлпаларға ӛткен макрофагтар бірнеше ай тіршілік етеді. 
Макрофагтар ұлпада резидентті немесе ауыспалы жасушалар түзуі мүмкін. 
Резидентті жасушалар бүкіл тіршілігін белгілі бір ұлпада ӛткізсе, ауыспалы 
жасушалар тұрақты түрде бір ұлпадан екінші ұлпаға кӛшіп отырады. Ағзаның 
әртүрлі ұлпаларында резидентті макрофагтардың аталулары әртүрлі. Мысалы, 
бауырда – купфер жасушалары деп аталса, сүйекте – остеокластар, мида – 
микрогиалді жасушалар деп аталады.


204 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет