Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар Фотоколориметр; 2) цилиндр 100 мл-лік; 2) 1 литрлік өлшеуіш колбалар; 3) дистильденген су; 4) № 1-стандартты ерітінді: 0,0875 г калий бихроматын, 2 г кобальт сульфатын және 1 мл күкірт қышқылын (тығыздығы 1,84 г/мл) дистильденген суда ерітіп, көлемін 1 литрге жеткізеді. Бұл ерітіндінің түсі 5000С - қа тең. 5) № 2- ерітінді: 1 мл концентрленген күкірт қышықылын дистильденген сумен 1 литрге дейін жеткізеді.
Материал: зерттеуге арналған су.
Түстіліктің шкаласын дайындау үшін № 1 және № 2 ерітінділерді келесі кестеге сай араластырады:
Түстіліктің хром-кобальттік шкаласы
Судың түсін көзбен көру (визуально) арқылы анықтауға болады. Колориметрлік цилиндрге зерттеуге арналған сүзілген судың 100 мл-ін құяды кесте бойынша дайындалған цилиндрдегі ерітіндімен салыстырып, градусын анықтайды.
Судың түсін дәлірек анықтау үшін фотоколориметр қолдануға болады. Хром-кобальт шкала бойынша градуирленген график құрады. Зерттеуге арналған суды дистильденген сумен салыстырып, фотометрлейді «спектрдің көк түсті аймағында).
Түсі 350С-тан асқан суды қолдануға болмайды.