1. Сүттің тазалығын, тығыздығы мен қышқылдығын қандай әдіс анықтайды?
Титрометрлік әдіс (МС 8218-89). Қышқылдықты Тернер градусы арқылы белгілейді. Тернер градусы 100 мл сүтті бейтараптауға қанша мл децинормальды күйдіргіш натр кететіндігін көрсетеді.
Сиымдылығы 150 мл колбаға 10 мл сүт құйып (а), оған 20 мл дистилденген су (б) қосып, үстіне фенолфталеиннің 1 % спирт ерітіндісінің 3 тамшысын тамызады (в) да жақсылап араластырады.
Әрі қарай қоспаның үстіне сәл қызыл түсі бір минут бойы жоғалмайтын болғанша бюреткадан сілтіні тамыза береді (г). 10 мл сүтті бейтараптауға кеткен сілтінің санын онға көбейтіп, Тернер градусымен сүттің титрлік қышқылдығын анықтайды.
Сүт қышқылдылығын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |