Титрометрлік әдіс мс 8218-89



бет8/9
Дата25.12.2021
өлшемі194,99 Kb.
#105297
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 аптаны4 тапсырмасы ВСС

Шикі қаймақты тексеру. Қаймақтың тазалығын, ірімшік және крахмал араласқанын органолептикалық әдіспен тексереді және майлылығы мен қышқылдығын да анықтайды.

Майлылығын тексеру үшін қаймаққа арналған май өлшегішке 5 г шикі қаймақ, 5 мл су құяды, тығыздығы 1,78-1,79 күкірт қышқылының 10 мл, 1 мл изоамил спиртін құйып, май өлшегіштің тығынын жауып, ішіндегісін араластырып, ыстығы 60-65° су моншасына тығынын төмен қаратып батырады. Әрі қарай тексерудің тәртібі сүт майлылығын анықтау тәсілімен бірдей.

Қышқылдығын анықтау үшін сиымдылығы 150 мл химиялық стаканға 5 г қаймақты өлшейді, оған 30-40 мл тазартылған су қосып, шыны таяқшамен араластырады. Оған фенолфталеиннің 1% ерітіндісінің 3 тамшысын қосып, 2 минут бойы жоғалмайтын, сол қызғылт түс пайда болғанша бюреткеден сілтіні (0,1 Н) тамыза береді. Шикі қаймақты бейтараптауға кеткен сілті санын 20 көбейткенде, Тернер градусы бойынша белгіленетін тексерудегі қаймақтың қышқылдығы шығады.

Кефир дайындау үшін кефир саңырауқұлақшаларын ұйытқы ретінде пайдаланады. Кефирде сүт қышқылды ашу мен спирттік ашу бірдей жүреді. Ең алдымен сүтті пастерлейді, сонан соң оны 22 градус жылылыққа дейін суытады да 5% ұйытқы қосады. Оны бөтелкелерге құйып, 20-25° жылы жерге қойып ұйытады. Осылай ұйыту мерзімдеріне қарай кефирдің үш категориясы болады: бір күндік (жуас), екі күндік (орташа) және үш күндік (күшті) ашыған. Оны майлылығына қарай майлы (майлылығы 2,5% кем емес) және майсыз (майын алған сүттен дайындалған) деп екіге бөледі.

Кефир диетикалық тағам болып есептеледі. Оның құрамындағы ақзат қасиетінің өзгеруіне байланысты, ол қаймағы айырылмаған сүттен әлдеқайда сіңімді келеді.

Кефир асқазан аппаратының созылмалы ауруларында, бауыр ауруында, бронхит, подагра, сусамыр, атеросклероз, инфаркт ауруларында және зиянды семіргенде жақсы көмек береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет